жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
8 наурыз Ашық сабақ
Анашым, мерекеңмен!
Жүргізуші: Құрметті аналар,апайлар,балалар! 8- Наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілікке жиналып отырмыз. Мектепалды даярлық тобының балаларымен өткізілетін мерекемізге қош келдіңіздер!
Залға балалар кіреді,қолдарында гүлдер,ән айтып
Әлемнің жарығын силадың сен маған
Даланың әр гүлін сыйлаймын мен саған-
Аналарға гүлдерін сыйлайды
Жүргізуші: Иә, бәрімізге де осынау әлемнің жарығын сыйлаған ана есімі қашанда биік, әрі қымбат.
Алдымен осы мектептің оқу ісінің меңгерушісіне сөз береміз
Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болам шалқыған
Ана десем ,ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын
Біз ғана емес
Қадір тұтқан бабалар
Аналардаң туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар,қасиетті аналар!
-Ардақты аналар,мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке ,бірлік.дендеріңізге саулық тілейміз!
-Балалар,бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Шешуін таба аламыз ба?
Бала,бала,бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Бүл кім?
Балалар: Ана,ана,ана.
Жүргізуші.:Әріне,бұл біздің аналарымыз.Ана перзент тәрбиелеуші.Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік:
Амирали: Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық,мол бақыт
Тілейді барша балалар
Аяулым: Ана деген – жарық жұлдыз шырағың
Ана деген- қайнар ыстық бұлағың
Ана деген- өмірдегі қамқорың
Ана деген-сүйенерің,жан құрбым
Алтынай: Сырымды ұғатын ,өзіңсін қуатым
Күнімсің шығатын Айымсың туатын
Салауат: Аялы алақан,әлпештеп өсірген
Аяулы жан анам
Қатемді кешірген
Абдурахим: Апам мені айым дейді
Мен мұнайсам уайым жейді
Апам мені күнім дейді
Мен қуансам күлімдейді
Жаннұр: Анам-өмір шырағы
Анам-өмір бұлағы
Бесігімнің жыр әні
Жүрегімде тұрады
Жұргізуші : Осы ардақты аналарымызға ән орындап берейік
Ән: « Кұттықтаймын сені туған күніңмен!»
Жүргізуші: Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз! «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» — деп халқымыз текке айтпаған,балаларымыздың әжелеріне арналған тақпақтарына кезек берсек
Арлан: Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Ауырмашы ,ай әжем
Мерейлім: Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
Ғабит Арнұр. Немересін жанындай
Әжем жақсы көреді
Қонаққа барса ұмытпай
Кәмпіт әкеп береді
Айлин:Тірегі болып жанында
Бірге еріп жүремін
Жанашырым жанымда
Тек әжем деп білемін
С.Арнұр: Ақ әжемді арқашан
Сыйлап жақсы көремін
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін
Дильназ: Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Балдай тәтті бал әжем
Қасымжомарт: Үн қатамын бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен
Ән: « Әжем менің айдай»
Жүргізуші: «Мектепте қалай оқыдық» ойынын ойнайық Ойынға аналарда қатысады
Би : « » Ұлдар
ЖҮРГІЗУШІ: Тамаша, өнерлі екенсіңдер.Ал балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмек тесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар ! Қазір мен аналарыңнан сұраймын.
Күні бойы ойнай беретін,ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін,дым істемейтін,жалқау бала бар ма сіздерде?
Аналары: Жоқ,жоқ!
Ал,тәңертең ерте тұрып,мектепке өзі киінетін,үйде анасына көмектесетін әдепті,тәртіпті бала бар ма сіздерде?
Аналары : Бар,бар!
Ойын : « Кім жылдам» Ана мен бала тәңертең мектепке және жұмысқа жиналады
Жүргізуші: Жарқырап тұр күніміз
Жайқалсын бәйшешек гүліміз
Бақта бұлбұл сайрасын
Сәнді көктем нұрымен
Көңіл гүлдей жайнасын
Талшыбықтай бұралған
Қыздарымыз қарап тұрмасын
Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Ана сені құттықтап
әндетеміз бәріміз
Ән: « »
Би : «Қазақ биі» Қыздар
Ойын : Анамды табамын :
Жұргізуші : Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем әнмен тәтті күй
Жүрекке жылы ой сала
Әнді сүйсең менше сүй деп,Абай атамыз жырлағандай кезекті бір топ қыздардың орындау ында бір жақсы өлең тыңдаңдар
Ән « »
Жүргізуші: О,анашым неткен жансың мейірімнен жаралған
Мәнгілікке арамызда шалқып-тасып жүр аман
Егер де сен еш ауырмай,күліп-ойнап қуансаң
Бұл тәңірден одан басқа,ешбір тілексұрамаң
Өмірдегі ең асыл жан- АНА. Сол үшін балалар аналарымызды сыйлайық,ардақтайық,еш уақытта ренжітпейік.
Балалар хормен: Ана- біздің күніміз.
Ана- біздің гүліміз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Жүргізуші: Сіздерді тағы да 8 –ші Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
Би : «Вальс»
Кұттықтау сөз ата- аналарға беріледі
Амирали: Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық,мол бақыт
Тілейді барша балалар
Аяулым: Ана деген – жарық жұлдыз шырағың
Ана деген- қайнар ыстық бұлағың
Ана деген- өмірдегі қамқорың
Ана деген-сүйенерің,жан құрбым
Алтынай: Сырымды ұғатын ,өзіңсін қуатым
Күнімсің шығатын Айымсың туатын
Салауат: Аялы алақан,әлпештеп өсірген
Аяулы жан анам
Қатемді кешірген
Абдурахим: Апам мені айым дейді
Мен мұнайсам уайым жейді
Апам мені күнім дейді
Мен қуансам күлімдейді
Жаннұр: Анам-өмір шырағы
Анам-өмір бұлағы
Бесігімнің жыр әні
Жүрегімде тұрады
Арлан: Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Ауырмашы ,ай әжем
Мерейлім: Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
Ғабит Арнұр. Немересін жанындай
Әжем жақсы көреді
Қонаққа барса ұмытпай
Кәмпіт әкеп береді
Айлин:Тірегі болып жанында
Бірге еріп жүремін
Жанашырым жанымда
Тек әжем деп білемін
С.Арнұр: Ақ әжемді арқашан
Сыйлап жақсы көремін
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін
Дильназ: Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Балдай тәтті бал әжем
Қасымжомарт: Үн қатамын бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен
Қыздар -сұлу қыздар
Арулардың махаббаты ізгі ары
Шешілмеген жұмбақтай ғой бізге әлі
Қыз Жібектей жаны сұлу тым нәзік
Шіркін қандай қазағымның қыздары
Chorus:
Қыздар қыздар сұлу қыздар
Неткен ғажап сұлусыңдар
Дархан көңіл дәрі қыздар
Қыздар қыздар сұлу қыздар
Аққу мойын ару қыздар
Қыздар қыздар сұлу қыздар
Самал желпіп маңдайдағы кекілді
Олар жайлы сырда талай шертілді
Қарап тұрсаң көз тоймайтын сол қыздар
Қырдың сұлу қызғалдағы секлід
Chorus:
Қыздар қыздар сұлу қыздар
Неткен ғажап сұлусыңдар
Дархан көңіл дәрі қыздар
Қыздар қыздар сұлу қыздар
Аққу мойын ару қыздар
Қыздар қыздар сұлу қыздар
Алтын-ай
Алатауды айналып
Ош аспаны ойланып
Әлем бір сәт қалғандай
Кірпігіңе байланып
Ей - Алтынай
Алтынай, Арман-ай
Бәрі де артта қалғаны-ай
Бір күнгідей болмады-ай
Арман қуған
Ей - Алтынай
Бәрі де артта қалғаны-ай
Бір күнгідей болмады-ай
Арман қуған
Ей - Алтынай
Жанарыңның жарқылы
Жалт еткен сол қалпың-ай
Құрбаның боп өтермін
Мен жолыңда, Алтынай
Ей - Алтынай
Алтынай, Арман-ай
Бәрі де артта қалғаны-ай
Бір күнгідей болмады-ай
Арман қуған
Ей - Алтынай
Бәрі де артта қалғаны-ай
Бір күнгідей болмады-ай
Арман қуған
Ей - Алтынай
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген