400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

8 наурыз Ересек тобына

Материал туралы қысқаша түсінік
дайын ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ересектер тобы

  1. Кіру

Тақпақтар

Сегізінші Наурыз күнін

Мейрамдайды аналар

Аналардың шаттығын

Құттықтайды балалар


Бүгін наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтқан лебізі


Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз


2 Ән «Аяулы анашым»

1 Кішкентайдан мені

Мәпелеп өсірген

Осы күнге мені

Еңбекпен жеткізген

Осы күнге мені

Ұйқысыз өткізген

Аяулы анашым

Ақ сүт берген маған

Бұл өмірде жоқ қой

Сенен артық адам


2 Міне мен де өстім

Осы жасқа келдім

Анамның ақ сүтін

Ақтар жасқа келдім

Ұлың болса егер

Бір қайтара десем

Аяулы анашым


3. Жұмбақ

Гүл-гүл жайнап жер, аспан,

 Гүрілдейді сайда өзен.

 Гүлжазира жарасқан

 Гүлдерімен қай кезен? (Көктем)


4. Музыкамен көктем шығады

-Сәлеметсіздер ме ,құрметті қонақтар, сәлеметсіңдер ме, достарым! Мереке құтты болсын! -

- Достарым, мені танисыңдар ма?

Мен көңілді көктеммін

Былтыр келіп кеткенмін

Көзін ашып бұлақтың

Түбіне тал еккенмін

Гүл болып қырда жайқалып

Дән болып жерде егілем

Қуатын күннің әкелем

Шуағын төгіп әлемге

Табиғаттың төсіне

Тіршілігін әкелем


Тәрбиеші сөзі:

  • Қош келдің көктем! Біз сені асыға күттік. Біздің балалардың саған арнаған тақпақтары бар, ендеше балаларды ортаға шақырып , ән мен жырдан шашу шашайық.



5. тақпақтар


6 Ән « Наурыз көктем»

1)Наурыз-көктем акелді таңның шуағын

Наурыз-көктем акелді таудың бұлағын

Наурыз-көктем жайнайды далам гүлдері

Наурыз-көктем алмағаштары гүлдеді


Қайырмасы: Наурыз-көктем, шуағын төккен

Әкелді байлық еліме 2-рет

Наурыз-көктем асығып жеткен

Әкелді бақыт жеріме


2) Наурыз-көктем молшылық, байлық ,береке

Наурыз-көктем асығып жеткен мереке

Наурыз-көктем думанды тойда қалайық

Наурыз-көктем косылып әнге салайық


Қайырмасы: Наурыз-көктем, шуағын төккен

Әкелді байлық еліме 2-рет

Наурыз-көктем асығып жеткен

Әкелді бақыт жеріме




Қайырмасы: Наурыз-көктем, шуағын төккен

Әкелді байлық еліме 2-рет

Наурыз-көктем асығып жеткен

Әкелді бақыт жеріме



7 Би «Гүлдер»

8 Тақпақтар

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген алтын қазық, алтын бақ



Біз ғана емес , қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар , қасиетті аналар!



8 Би «Жігіттер»

9 -Балалар, біздің аналарымыздың анасын кім деп атаймыз?

Тақпақтар:

Әжем менің әлі де

Ұқсамайды кәріге

Шай қайнатып береді

Қажет болса бәріне

Менің әжем ақ әжем

Ұл мен қыздың бағы әжем

Ертегі айтып бер десем,

Айтып берер ақ әжем


Жылылықтан жаралған

Құшаға оның таң мекен

Менің айдай анамнан

Асқан сұлу бар ма екен


Бүгінгі күн мереке

Құтты болсын аналар

Балалардың тілегі

Қабыл болсын аналарІ


10 Ән «Аяулы әжем»

I. Мәпелейсің аялап мені

Еркелеймін өзіңе әжетай

Іздеймін күнде, оянып сені

Тыңдаймын ғой, сөзіңді әжетай

Жаныңда өзің барды

Қуаныш сезім

Жетелеп жүрсің алға

Аяулы әжем

I I. Сендей боп ән, саламын ертең,

Сендей әсем, әжем жоқ ешкімде

Мен өзіңдей боламын ертең

Ақылды болам, өзіңдей өскенде.



11 Ойын


12 Би «Бұлттар»


13 Тақпақтар


Жүре берсең қасымда Ана көркі көгімнің

Айбат анам ақ анам Ана нұры жерімнің

Балам деген даусыңнан Ана бағы баламның

Мен мәз болып оянам Мақтанышы елімнің



Кір түсірмей жағама

Шашымды да тарайсың

Бақшаға мен барарда

Мейірлене қарайсың

Анам мені айым дейді

Мен мұңайсам уайым жейді

Анам мені күнім дейді

Мен қуансам күлімдейді


Жамандықтан сақтандырып

Жақсы ісімді мақтан қылып

Мәпелеген ақ мамады

Жүрсем деймін шаттандырып


17 Ән «Анажаным»

1 Анашым анажаным, аялы алақаның

Есейіп кетсемдағы мен сенің балапаның

Анашым анажаным, мейірбан балажаным

Бақытым емеспеді , өмірді сыйлағаның


Көңілің күндей өмірің гүлдей

Жадырап гүлдей жан анашым

Осы әнді сізгей арнаймыз біздер

Келіңіз жүзге жан анашым

2 Бойыңда мен сүйетін, көп сенің қасиетің

Аяулы перзентімін, алдыңда бас иетін

Балаймыз бағымызға арайлы таңымызға

Аман боп жүре бергін , анашым жанымызда



Би «Жалқаубек»




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
306
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі