400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

8 наурыз ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мектепалды даярлық сынып тәрбиешілеріне арналған тиімді ертеңгілік жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

8-ші Наурыз Халықаралық мерекесіне арналған «Мерекеңізбен анашым»
ертеңгілік мектепалды даярлық сынып арасында.

Қымбатты қонақтар, аналар, әжелер!

Жыл мезгіліндегі ең тамаша, ең шуақты мерекелеріңіздің бірі 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!!!

Балаларымыздың сіздерге дайындаған «Наурыз мейрамы»  атты ертеңгілігін қабыл алыңыздар.

Уа, ағайын, ағайын.

Көктем келді жайнаған.

Бау-бақшада бүгін той.

Қош келдіңіз ағайын.

Раушан гүлдер жайнаңдар.

Гүлдей жайнап тұрыңдар.

Құттықтаймыз сіздерді.

Мерекеңмен бүгінгі.

Сыңғыры әсем таудың бұлағындай

Еліктің құралай көз лағындай

Көрермен қошеметпен қол соғады

Шыққанда біздің топтың бишілері

Би: қыздар «мамино сердце»

Жүргізуші: Бәрімізге анасың

Біз ұшін күн болып жанасың

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын анашым

Біздің бүлдіршіндеріміздің құттықтауларын тыңдайық.

Балалардың тақпақтары

Ержан:

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір - бірден

Аналарға сыйлаймыз\

Шыңғыс

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті біздің аналар.

Нұрасыл

Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.


Ұлжан

Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған

Үлкен кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам.

Нұршат

Әлпештеген, аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын\


О.Азиза

Мейірімді, сымбатты,

Қадірменді қымбатты,

Ең жақын жан балаға,

Кім десеңдер ол - Ана.


Ана – біздің күніміз.

Ана - біздің гүліміз,

Анамыздан тарайды,

Біздің ана тіліміз\

Бауыржан

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз,

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.\

А.Айзере

Әжем менің әліде,

Ұқсамайды кәріге,

Шай қайнатып береді.

Біздің үйдің бәріне

Ақнұр

Әр сөзімді жаттаған

Жүрегінде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мамам

Дильназ


Жүргізуші:

Жанымызды жайнатқан

Сіздер ғой аналар

Зор денсаулық, мол бақыт

Тілейміз ғой балалар

Ән «I Love My Mommy»

Жүргізуші: Баланың ең жақыны сіз гой ана.

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ

Теңесе олар бірақ нәрсе, Отан ғана

Ойын «Анамызға гүл сыйлайық»

Темірлан

Альтаир

Ержан

Нұрасыл

Бауыржан

Шыңғыс

Ерасыл

Дархан

Жан

Жүргізуші: Сыңғыры әсем таудың бұлағындай

Еліктің құралай көз лағындай

Көрермен қошеметпен қол соғады

Шыққанда біздің топтың сұлулары

Қазақ биін тамашаланыздар

Жүргізуші: Ана дейміз бәрімізде аңқылдап

Ана дейміз жас сәбиде жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай

Бүлдіршіндеріміздің аналарға деген жылы лебіздерін тыңдайық.

Тақпақтар

Жанел

Азимханова Азиза

Саяна

Ынтызарым

Жан

Темірлан

Дархан

Жүргізуші: 

Әр кімнің де өмірден аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар

Мерекесін құттықтап аналардың,

Ән жолдайтын аналардың баласы бар

Ән: «Ақ мамам»

Есіктен шүйінші сұрап бір бала жүгіріп келеді:

Алақай, Алақай наурыз тойы басталды!


Армысың ару, Наурыз!

Жүргізуші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып,Ұлыстың Ұлы күні келді ағайын! Той құтты болсын! Ақ мол болсын!

22 наурыз - күн мен түннің теңелетін мезгілі. Қар еріп, жер жүзі көктеп көгеріп, тіршілік атаулыға жан бітіп жаңарып, жасаратын шақ! Ұлыстың Ұлы күні халқымыз бір-бірімен төс қағыстырып көріседі.

Ұлыс күні кәрі-жас

Құшақтасып көріскен

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өрістен.

/ К ө р і с у р ә с і м і/

- Ассалаумағалейкум! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Уағалейкумассалам! Ұлыс оң болсын! Пәле-жала жерге енсін!

(Қыдыр ата келіп батасын береді)

Тақпақтар

Ержан:

Уа, халайық, халайық!

Әсем әнге салайық

Наурыз тойы көңілді

Бірге қарсы алайық.

Айзия

Елім менен жеріме,

Ырысын шашқан Наурыз

Күлімдеген көктемге

Шуағын шашқан наурыз



Жүргізуші:

Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!

Ән: «Хош келдің төрлет- Наурызым»

Жүргізуші:

Наурыз жырын жырлаймыз

Онымен де тұрмаймыз

Шыңдалып жеткен бұл күнге

Ел дәстүрін сыйлаймыз.

Әже:

Оның рас жарқыным

Сөздің айттың алтынын.

Бір жаманы жоқ екен

Қазағымның салтының.

Қазақ халқында «шілдехана», «бесік той», «тұсау кесу», «сүндет той», «жар-жар» т.б. салт-дәстүрлеріміз бар. Құрметті қонақтар сіздерге салт – дәстүріміз «Тұсау кесу» атты көрінісін ұсынамыз.

Салт-дәстүрден көрініс: Тұсау кесу.

Жүргізуші:

Наурыз тойын жұп жазбай

Биыл қарсы алайық.

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық.

(Шашу шашылады)

Ұлы тойда әдемі,

Әннен шашу шашады

Мың бұралып балалар

Наурызда биге басады.

Жүргізуші:

Ей,балалар, балалар,

Енді маған қараңдар.

Наурыз тойын тойлайық,

Қызық ойын ойнайық.

Ұлттық ойын: «Арқан тарту»

Ойынның шарты: Бұл ойында екі топқа бөлініп арқан тартады. Ортадағы сызықтан отіп кеткен топ женіледі.

Жүргізуші:

Ұлы тойда әдемі,

Әннен шашу шашады

Мың бұралып балалар

Наурызда биге басады.

Би: Қамажай

Жүргізуші:

Тарқалмасын ұлы Наурыз мейрамы

Тойға ұлассын қазағымның тойлары

Осылайша әрбір үйдің шаңырағы.

Әр жыл сайын ән мен жырға бөленсін



Есіктен бір бала атпен шауып кіреді

Шүйінші, шүйінші көрші ауылда наурыз тойында сәби дүниеге келді барлығыңызды тойға шақырамыз!

Балалардын барлығы: жүрініздер көрші ауылға шілдехана тойына барайық.





















  1. Би: Мамино сердце»

  2. Тақпақ

Ержан

Шыңғыс

Нұрасыл

Ұлжан

Нұршат

О.Азиза

Бауыржан

А.Айзере

Ақнұр

Дильназ

  1. Ән: «I Love My Mommy»

  2. Ойын:»Анамызға гүл сыйлайық

  3. Қазақ биі Ата- ана қыздарымен

  4. Тақпақтар

Жанел

Азимханова Азиза

Саяна

Ынтызарым

Жан

Темірлан

Дархан

  1. Ән: «Ақ мамам»

  2. Атпен кіреді: Наурыз басталды!

  3. Көрісу

  4. Ата бата береді

  5. Тақпақтар

Ержан

Айзия

т/б балалар

  1. Ән: Хош келдің төрлет-Наурызым

  2. Салт дәстүр: «Тұсау кесу»

  3. Шашу шашу

  4. Ойын: «Арқан тарту»

  5. «Қыз қуу»

  6. Би: «Қамажай»

  7. Атпен кіріп көрші ауылға қонаққа шақырады


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
512
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі