400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

8 наурыз (ертеңгілік)

Материал туралы қысқаша түсінік
ортаңғы топқа арналған ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Асыл ана, ақ жаулықты әже»

Мақсаты:

-мерекелік көңіл-күйін құру;
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру; 
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру; 
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. 

Жүргізуші:

«Бар жақсылық, күллі әлемге тараған, аналардың ақ нұрынан жаралған» дей отырып қадырлі аналар, ардақты әжелер сіздерді көктеммен күлімдей келген халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бахыт тілейміз және кішкентай бүлдіршіндеріміздің  дайындаған

«Асыл ана, ақ жаулықты әже» атты ертеңгілікті мерекелік  шашу етеміз .


Бүгін Наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі


Армысын әжелерім аналарым

Мейірбан аппақ көңіл даналарым

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен

Құттықтайды Сіздерді балаларын


Музыка әуенімен, қолдарына жүрек шар ұстап балалар әуен залына кіреді.

Би: ______________

Би биткен соң балалар шарларын аналарына , әжелеріне тарту етеді, орындарына отырады,

Жүргізуші:

  • Балалар, әлемдегі ең жақсы, ең мейірімді , ең жүрегі жұмсақ кім екен?

Балалар:

  • Аяулы анамыз!

Жүргізуші:

  • Балалар, айтыңдаршы.

Бізді жақсы көретін,

Бар жақсыны беретін.

Баласы үшін әрдайым,

Мейірімін төгетін

  • Ол кім?

Балалар:

  • Анашым!



Жүргізуші:

Жүрегіме жыр шашып,

Нұр төгетін Сіз екен.

Құтты болсын анашым,

Құтты болсын мерекең!

Жүргізуші:

  • Ой, балалар, тыңдаңдаршы, бізге қонақ келе жатқан сияқты. Қызық! Бұл кім екен?

(Әуенмен залға Көктем аруы кіреді)

Көктем: Сәлеметсіз бе, қонақтар! Айнала қандай тамаша! Балалар бүгін бәрің әдемі киініп алыпсыңдар ғой. Міне мен сендерге асыға жеттім келе жатқан көктем мерекелерін құтты болсын.

Сәлем бердім нәзік, сұлу қыздарға,

Сәлем бердім ержүрек бар ұлдарға.

Кездесуге асықтым мен сіздермен,

Биленсін би, айтылсын ән бұл залда.

Көктеммін мен

Мерекемен құттықтағым келеді.

Ақ әжелер, аяулы бар аналар,

Мерекеміз құтты болсын балалар!

Жүргізуші:

  • Сәлеметсің бе, Көктем! Сен біздің аналарымыз бен қыздарымызды және әжелерімізді 8 наурыз мерекесімен құттықтауға асығып жетіпсің. Көп рахмет саған! Төрлет, ән тыңдап деміңді ал.


Ана деген өмірдегі ұлы есім,

Бақ тілесе анадай – ақ тілесін.

Ана деген ардақты ат, сен оны,

Ана жайлы ән тыңдасаң білесің.

  • Біздің балалар аналарымызға арнап дайындаған әсем әнін тарту етеді.

Ән ______________


Жұргізуші:

Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар- дей отырып балалардың аналарына арналған тақпақтарына кезек берейік








____________: Аяулым менің анашым, Өзіңсің маған жанашыр.

Қажетіңе жарасам,

Қуанып – ақ қаласың.

____________:

Анамды мен жақсы көрем

Айтқан тілін алып жүрем

Қасымда анам жүргенде

Шаттанып ойнап күлем

____________:

Әр сөзіңді жаттағам,

Жүрегімде сақтаған.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын, ақ мамам!

__________:

Аялаған анашым

Мәпелеген анашым

Менің саған тілегім

Қартаймашы анашым

__________:

Анашым анам,

Келгенше шамам.

Үмітіңді ақтап,

Азамат болам

___________:

Бәрімізге анасың,

Біз үшін гүл боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын, анашым!

__________:

Моя мама лучше всех,
Моя мама всех добрей,
Свою маму я люблю,
От всех бед уберегу!

__________:

Шашымды өріп тараған

Қабағыма қараған

Үлкен кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам

__________:

Ақ анашым аппағым

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнімде

Арнадым саған бәрін де

__________:

Анам-өмір шырағы
Анам-өмір бұлағы
Бесігімнің жыр әні
Жүрегімде тұрады



Жүргізуші:

Тек қана Сіздер үшін би __________


Көктем: -Жарайсындар балалар! Тақпақты да, әндіде жақсы айтасындар , би де әдемі биледіндер. Мен сіздермен би ойын алып келдім.


Балалармен ойын «Сыйлайыншы гүлімді!»


Жүргізуші: - «Аналардың алдында асқар тауда аласа» – дейді халық, ендеше аналардың анасы сүйікті Әжелерімізге арнап балалар тақпақтарын айтып берсін

_____________

Әжетай, әжетай,

Сізді жақсы көремін.

Көп ертегі, тақпақтар,

Сізге айтып беремін.

_____________

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

____________

Әжелерді сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әрқашан біз ардақтап

Әжеге бас иеміз

____________

Наша милая бабуля

Ненаглядная мамуля

Мы так сильно любим вас

Поздравляем вас сейчас


Жүргізуші:

Мекерекеге келді бүгін әжелер

Әжелерге әнде айтып беріндер.

  • Балалар, әжелерге арнап ән айтып береміз бе? Қане ортаға шығайық.

Жүргізуші:_____________


Жүргізуші:

  • Әр бір ана – өз баласының сүйікті досы, мақтанышы. Ана адамзат мекен еткен жершарының әр түпкірінде , әр үйінде мейірім мен мерейдің , достық пен туысқандықтың туын тіккен Адам.

Ендеше құрметті аналар балаларыныздың орындауында достық биін қарсы алыңыздар

____________ биі

Жүргізуші:

Бәрі жақсы ананың

Бәрі оның керек-ау

Бірақ әрбір баланың

Өз мамасы бөлек –ау дей келіп балалар аналарына арнап тақпақтарын тарту етсін

Жүргізуші:

  • Көктем біздің балалардың билері, әндері саған ұнап жатыр ма?

Көктем:

  • Ия әрине ұнап жатыр! Балалар жақсы дайындалыпты. Мен аналарғада бір ойын ала келдім.

Аналармен ойын «Жауабын айтып дәмін тат»

Жүргізуші:

  • Біздің аналарымыз керемет жандар ғой. Бір жағынан кір жуып қояды, бір жағынан, сабақ оқытып, балалар бірдеңе бүлдіріп қоймасын деп қарап жүреді, үйде барлығына да үлгереді.

Ендеше кезекті биге берейік__________

Көктем:

  • Балалар менің кететін уақытым болды. Мен сендермен қоштаспаймын. Әлі де мен сендермен бірге боламын. Сендер мені далаға серуенге шыққанда көретін боласыңдар. Көріскенше сау болыңдар балалар. Музыка ойналып, Көктем залдан шығып кетеді. Тәрбиеші: Осымен бүгінгі «Аялаған анашым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі ертеңгілікте кездескенше қош сау болыңдар.

Жүргізуші:

  • Ал біздің балалар аналарына, әжелеріне арнап сыйлықтар дайындады. Кәне балалар сыйлықтарынды табыстанлар.

(Балалар сыйлықтарын үлестіреді)


  • Жүргізуші: Осымен біздің Ортаңғы «Ақбота» тобының «Асыл ана, ақ жаулықты әже» атты ертеңгілігі аяқталды,


Қымбатты да аяулы аналар мен әжелер!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздерсіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25.02.2024
382
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі