Мақсаты: Ана туралы тамаша сөздер,өлеңдер,әндер арқылы аналарды мерекемен құттықтау. Балаларды мейірімділікке тәрбиелеу, үлкендерге деген сый-құрметін арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Барасы:
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар , гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз Халықаралық әйел-қыздар мерекесі де келіп жетті.
Барша ана құтты болсын мерекеңіз, Әрқашан ана сізбен берекеміз. Ақтасақ ақ сүтіңді асыл анам, Сонда біз кісілікке теңесеміз, - дей отырып ортаға кішкентай бүлдіршін дерді шақырамыз. (Балалар музыкамен залға кіреді) Жүргізуші: Сіздерден өскен балалар Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті абзал аналар. ендеше балаларымыздың өздеріңізге арналған әнін тыңдаңыздар.
1.Ән: "Құттықтаймын мама" Тақпақтар:
Анамыздың мейірлі Жүзіне біз қараймыз. Анамызды пейілді, Жомарт жанға балаймыз.
Мен мұғалім анамның, Өнегесін аламын. Ертең менде анамдай, Оқытушы боламын.
Аналарды сүйеміз, Сөзін ойға түйеміз. Әжені де ардақтап, Әдеппен бас иеміз.
Мәпелейсің мені анам, Қасыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам, Құшағыңда қысылмай.
1.Би: " Вальс "
(Музыкамен Көктем кіріп келеді) Көктем: Сәлеметсіздер ме, балалар! Міне келдім табиғатты оятып. Күн күркірі нөсерімен тоя түп. Ағаштардың тамырына қан жүрді, Жапырағын жасыл түске боятып. Балалар, қандай әдемі болып кеткенсіңдер!
Жүргізуші: Сәлеметсізбе ару Көктем! Біздің балалардың барлығы да әдемі, ал бүгін ерекше көңілді.
Көктем: -Сендер қандай мерекені тойлап жатсыңдар? Балалар:- Аналарымыздың мерекесін тойлап жатырмыз. Көктем: - Қазір жылдың қай мезгілі? Балалар:- Көктем мезгілі Көктем:-Көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады? Балалар: - Жаңбыр жауады, күн мен түн теңеседі,адамдар жылы, қалың киімін тастап, жеңіл киіне бастайды. Тақпақтар: Тамшы,тамшы тамшылар Көгерді ағаш тал шынар. Тамшылардан өнетін, Тамаша гүлдер бар шығар.
Жасыл көктем келеді, Самал беттен өбеді. Көкте бұлттар көбейсе, Мөлдір тамшы төгеді.
2.Ән: " Көктем келді" 2. Би: " "
Ойын: " "
(Әуенмен Қызыл телпек келеді) Қызыл телпек: Сәлеметсіздер ме, балалар! Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Қызыл телпек! Мұнда қайдан жүрсің? Қызыл телпек: Әжемнің жағдайын сұрап, құттықтауға бара жатыр мын. Осы жерден өтіп бара жатып, әуеннің дауысын естіп келдім. Балалар Қызыл телпек әуеннің даусын естіп келіпті ендеше ән айтып берейік.
3. Ән: " Еркем-ай "
Көктем: Балалар сендер қандай өнерлісіңдер. (Осы кезде музыкамен Қасқыр кіріп келеді.) Қасқыр: Мен Қызыл телпекті іздеп жүрмін. Иісінен сезіп тұрмын, ол осында. Мен оны ұстап алуым керек. Қайда?қайда? Қап міне жеттімбе саған. Менің қарным ашып тұр еді. Қызыл телпек: Құтқарыңдар мені! Қасқыр! Қасқыр! Үлкен мереке өтіп жатыр. Балалардың өнерін тамашалайық. Олар аналарына арнап ән тақпақ айтады. Мен де әжемді құттықтауым керек.Тамашаға қатысып ойын ойнайық.
Қасқыр: Егер балалардың өнері маған ұнаса, мен саған тимеймін!
Тақпақтар: Өзің мені өсірген, Айналайын ақ әжем. Тентек болсам кешірген Ауырмашы ақ әжем.
Әже деген көп шығар, Әжемдей менің жоқ шығар. Мейірімді бұл кісі, Қандай ғажап күлкісі.
Тәттілерін сақтайды, Немереме берем деп. Мен тілеймін әрқашан, Әжем аман болсын деп.
4.Ән: "Ақ әжем"
2. Би: "Көңілді би"
Ойын: " "
Қасқыр: Ой балалар, сендердің өнерлерің маған ұнады, көп рақмет сендерге. Жүр Қызыл телпек әжеңді бірге барып құттықтайық. Сау болыңдар балалар! (Балалармен қоштасып шығып кетеді.) Жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. Қош болып тұрыңыздар көріскенше Осымен кешіміз аяқталды.
Ақтау қаласы " Нұр-Ай " балабақшасы
"Асыл ана" 8-наурыз әйел-қыздар мерекесіне арналған сценари
"Тұлпар"ортаңғы тобы
Тәрбиеші: Турсунова Камила
Тексерген:
2023-2024 жыл
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Біз ананың гүліміз" 8-наурыз ертеңгілік
Мақсаты: Ана туралы тамаша сөздер,өлеңдер,әндер арқылы аналарды мерекемен құттықтау. Балаларды мейірімділікке тәрбиелеу, үлкендерге деген сый-құрметін арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Барасы:
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар , гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз Халықаралық әйел-қыздар мерекесі де келіп жетті.
Барша ана құтты болсын мерекеңіз, Әрқашан ана сізбен берекеміз. Ақтасақ ақ сүтіңді асыл анам, Сонда біз кісілікке теңесеміз, - дей отырып ортаға кішкентай бүлдіршін дерді шақырамыз. (Балалар музыкамен залға кіреді) Жүргізуші: Сіздерден өскен балалар Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті абзал аналар. ендеше балаларымыздың өздеріңізге арналған әнін тыңдаңыздар.
1.Ән: "Құттықтаймын мама" Тақпақтар:
Анамыздың мейірлі Жүзіне біз қараймыз. Анамызды пейілді, Жомарт жанға балаймыз.
Мен мұғалім анамның, Өнегесін аламын. Ертең менде анамдай, Оқытушы боламын.
Аналарды сүйеміз, Сөзін ойға түйеміз. Әжені де ардақтап, Әдеппен бас иеміз.
Мәпелейсің мені анам, Қасыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам, Құшағыңда қысылмай.
1.Би: " Вальс "
(Музыкамен Көктем кіріп келеді) Көктем: Сәлеметсіздер ме, балалар! Міне келдім табиғатты оятып. Күн күркірі нөсерімен тоя түп. Ағаштардың тамырына қан жүрді, Жапырағын жасыл түске боятып. Балалар, қандай әдемі болып кеткенсіңдер!
Жүргізуші: Сәлеметсізбе ару Көктем! Біздің балалардың барлығы да әдемі, ал бүгін ерекше көңілді.
Көктем: -Сендер қандай мерекені тойлап жатсыңдар? Балалар:- Аналарымыздың мерекесін тойлап жатырмыз. Көктем: - Қазір жылдың қай мезгілі? Балалар:- Көктем мезгілі Көктем:-Көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады? Балалар: - Жаңбыр жауады, күн мен түн теңеседі,адамдар жылы, қалың киімін тастап, жеңіл киіне бастайды. Тақпақтар: Тамшы,тамшы тамшылар Көгерді ағаш тал шынар. Тамшылардан өнетін, Тамаша гүлдер бар шығар.
Жасыл көктем келеді, Самал беттен өбеді. Көкте бұлттар көбейсе, Мөлдір тамшы төгеді.
2.Ән: " Көктем келді" 2. Би: " "
Ойын: " "
(Әуенмен Қызыл телпек келеді) Қызыл телпек: Сәлеметсіздер ме, балалар! Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Қызыл телпек! Мұнда қайдан жүрсің? Қызыл телпек: Әжемнің жағдайын сұрап, құттықтауға бара жатыр мын. Осы жерден өтіп бара жатып, әуеннің дауысын естіп келдім. Балалар Қызыл телпек әуеннің даусын естіп келіпті ендеше ән айтып берейік.
3. Ән: " Еркем-ай "
Көктем: Балалар сендер қандай өнерлісіңдер. (Осы кезде музыкамен Қасқыр кіріп келеді.) Қасқыр: Мен Қызыл телпекті іздеп жүрмін. Иісінен сезіп тұрмын, ол осында. Мен оны ұстап алуым керек. Қайда?қайда? Қап міне жеттімбе саған. Менің қарным ашып тұр еді. Қызыл телпек: Құтқарыңдар мені! Қасқыр! Қасқыр! Үлкен мереке өтіп жатыр. Балалардың өнерін тамашалайық. Олар аналарына арнап ән тақпақ айтады. Мен де әжемді құттықтауым керек.Тамашаға қатысып ойын ойнайық.
Қасқыр: Егер балалардың өнері маған ұнаса, мен саған тимеймін!
Тақпақтар: Өзің мені өсірген, Айналайын ақ әжем. Тентек болсам кешірген Ауырмашы ақ әжем.
Әже деген көп шығар, Әжемдей менің жоқ шығар. Мейірімді бұл кісі, Қандай ғажап күлкісі.
Тәттілерін сақтайды, Немереме берем деп. Мен тілеймін әрқашан, Әжем аман болсын деп.
4.Ән: "Ақ әжем"
2. Би: "Көңілді би"
Ойын: " "
Қасқыр: Ой балалар, сендердің өнерлерің маған ұнады, көп рақмет сендерге. Жүр Қызыл телпек әжеңді бірге барып құттықтайық. Сау болыңдар балалар! (Балалармен қоштасып шығып кетеді.) Жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. Қош болып тұрыңыздар көріскенше Осымен кешіміз аяқталды.
Ақтау қаласы " Нұр-Ай " балабақшасы
"Асыл ана" 8-наурыз әйел-қыздар мерекесіне арналған сценари
"Тұлпар"ортаңғы тобы
Тәрбиеші: Турсунова Камила
Тексерген:
2023-2024 жыл
шағым қалдыра аласыз


