400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

8-наурыз халықаралық әйелдер күні Сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурыз халықаралық әйелдер күні
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ана-өмір, Ана-ұстаз, Ана-көктем»

атты мерекелік кештің сценарийі


Өтетін орны:

Өтетін уақыты:


ПРОЛОГ / музыкалық фонда ұстаз жігіттер шығып әйел- аналарға арналған жыр жолдарын оқиды:


Гүлсіңдер

Адалдықтың өзіменен бірсіңдер

Сұлулықты әйгілеп ап әлемге

Әрбір үйге шуақ шашып жүрсіңдер!


Армансыңдар,

Жан баласы баспаған ормансыңдар

Азаматтың арқалап аманатын

Көлеңкесін кірлетпес қорғансыңдар!


Бұлақсыңдар,

Жалғандықтан барынша жырақсыңдар

Жауабы жоқ, жауабы жұмақта бар

Әр кеудеде жүретін сұрақсыңдар...


Анасыңдар,

Бар бақытты баладан табасыңдар.

Тіршіліктің жүрегін соқтыратын

Бұл өмірде өздерің ғанасыңдар!

Бұл өмірде өздерің ғанасыңдар!


«Аяулы Ана» әні хабарлаусыз кетеді



Фанфар. Сахна төріне жүргізушілер шығады :

1-жүргізуші (___________________):


Сезілгенмен ақпанның салқыны әлі,

Нұрлы шуақ,

Көктем боп бар құмары,

Қар астынан қылтиған

Жауқазын гүл,

Күн нұрына сәбидей талпынады.






2-жүргізуші :(_______________)


Нәзік гүлім!

Өжет те қайсар гүлім!

"Көктем келе жатыр" деп

Жар сал бүгін!

Жауқазыным, жайқалшы қане енді.

Мен анама сыйлайын теріп сені.


1-жүргізуші:


Қараңызшы!

Тұп-тұнық таң атуда,

Кең далама

Шұғыласын таратуда.

Көктем көшіп келеді

Көктем көшіп,

Қайта оралған құстардың қанатында.


2-жүргізуші :


Көктем келді,

Бұл - ару мерекесі,

Аруларым - еліктей ел еркесі,

Жер бетіне тіршілік дәнін сепкен,

Құтты болсын, аналар мерекесі!


2-жүргізуші : Ана жүрегі секілді төңірек мейірімін төккен шақта тойланатын 8 наурыз мерекесі баршаңызға құтты болсын!

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік салтанаттың құттықтау сөзі _________________________________________ беріледі.


Құттықтау тезисі

2- жүргізуші :Сонымен қатар бүгінгі салтанатты шарамыздың құрметті қонағы болып отырған білім саласының нәзік жанды өкілдері. Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай қалалық білім бөлімінің мерекелік марапаттары табысталады . Еңбектеріңізге алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз және марапаттау рәсімін бастаймыз .


МАРАПАТТАУ рәсімі


Естелік фотоға түсу рәсімі






1-Жүргізуші:

Жер жүзіне жылу Сенен тарайды,

Келген көктем өзіңменен арайлы.

Бақыты үшін ұрпағыңның аман бол,

Аналарым, нұрландырып маңайды.

2-Жүргізуші:

Отанымның болашағын бекемдеп,

Ел баласын ұлы тұлға етем деп.

Ұстаз-ару, ұстаз-ана талмай жүр.

Шәкірт балаң алғыс айтып өтем тек.



«ВАЛЬС» орындайтын ұстаздардан құралған бишілер тобы



1-Жүргізуші : Сіздердің риясыз еңбектеріңіз, жомарт жүректеріңіздің жылуы, өмірге деген айрықша құштарлықтарыңыз үшін көрсетілетін құрмет, айтар

алғысымыз шексіз.

2-жүргізуші:Әйел затына, оның ішінде, ел баласының тілегін тілеп, әр шәкіртін байлығына балаған ұстаз – аналарымызға, ұстаз- аруларымызға көрсетілер сый құрмет ешқашан толастамақ емес.

Лайым бүгінгідей мерекелік көңіл- күй жүректеріңізде әрқашан болғай!


1-2 жүргізуші: Жақсы күндерде жолыққанша сау-саламатта болыңыздар !

































«Ана-өмір,

Ана-ұстаз,

Ана-көктем»



«Ана-өмір,

Ана-ұстаз,

Ана-көктем»

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
12.05.2024
389
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі