8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне сценари

Тақырып бойынша 29 материал табылды

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне сценари

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне сценари
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі:06.03.2023ж

Тақырып: «Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі»


Мақсаты:

Әйелдің табиғи сұлулығы ешқашан өзгермейтіні белгілі, бірақ біздің заманымыздың қыздары өзінің сұлулығымен бірге жан сұлулығын және тән сұлулығын сақтауы тиіс. Қыздарды ұлттық тәрбиемен тәрбиелеу.


1- жүргізуші: Мұхаммед

Армысыздар, құрметті аяулы аналар, ұстаздар және де гүлдей құлпырған, даланың лала гүліндей жайқалған қыздар! 


2- жүргізуші: Алшын

Бүгінгі келіп жеткен сегізінші наурыз халықаралық әйелдер күні, аналар күні, қыздарымыздың төл мерекесі құтты болсын!


1- жүргізуші: Мұхаммед

Аналарым, әжелерім ақ маңдай, 

Сүйсіндіріп, ағарып таң атқандай. 

Бар табиғат құлпырып-ақ кетіпті, 

Сұлулыққа басын иіп жатқандай. 


2- жүргізуші: Алшын

Па, шіркін! Қандай өлең, арнадың, 

Өлеңіңді өлеңіме жалғадым. 

Мың сұлудың алдындамыз қарашы, 

Бар ма, айтшы, бүгін сенің арманың 


1- жүргізуші: Мұхаммед

Иә, арман демекші, армандау әрбір оқушының қасиеті. Болашақ түлектер, білімді ұрпақ. Ал сол білімді ұрпақты тәрбиелеуші кім?


2- жүргізуші: Алшын

Ұстаз! Ұстаздың қолына әкеліп, бізді тапсыратын кім? 


1- жүргізуші: Мұхаммед

Аналар! Анамыздан тығып сарқытын беретін кім? 


2- жүргізуші: Алшын

Әжелер! Әжелерінің сүйікті әрі сұлу немерелері кім? 


1- жүргізуші: Мұхаммед

Қыздар! Барша әйелдер қауымы БІРГЕ: МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Біздің бүгінгі сіздерге арнап отырған «Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! 





Барысы:

Қыздарды екі топқа бөлу.

Қызғалдақ тобы. Жауқазын тобы.

Жүргізуші: Алшын

Бүгін қыздар екі топқа бөлініп сайысады.

1. Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,

Қыз сұлу көрінеді білімімен.

*Салт-дәстүр бойынша сұрақ-жауап.

2.Өнер сайысы.

3. Қыз сұлу көрінеді қылығымен,

Жарыса төгілген қос бұрымымен

*Шаш өру сайысы.

4.Анасының қамқоршысы . Салат жасау.

5.Ине жіппен түйме қадау.


Жүргізуші: Алшын

Бүгін қыздар екі топқа бөлініп сайысады.

1. Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,

Қыз сұлу көрінеді білімімен.

*Салт-дәстүр бойынша сұрақ-жауап.

1.Ерулік.

Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады.
2.Сүйінші.

Қуанышты хабар жеткізуші адам «Сүйінші» деп келеді. Мұндайда үй иесі «Қалағаныңды ал» дейді немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады.
3.Қонақасы.

Халқымыздың ерекше қымбат дәстүрі – қонақжайлылық. Үйіне келген қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып, қонақасын беру – жомарттықтың, елдіктің үлкен белгісі.
4. Қол кесер.

Соғым союшыларға еттен берілетін сыбаға.
5.Сыбаға.

Құрметті немесе өздерінің жақын – жуығына арнап сақталған кәделі ет мүшелері сыбаға деп аталады.
6.Бастаңғы.

Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолдары болсын деген ниетпен бас қосып, ойын – сауық құрады.

1- жүргізуші: Мұхаммед

2.Өнер сайысы.






Жүргізуші: Алшын

3. Қыз сұлу көрінеді қылығымен,

Жарыса төгілген қос бұрымымен

*Шаш өру сайысы.


1- жүргізуші: Мұхаммед

«Гүл өссе - жердің көркі

Қыз өссе - елдің көркі»

- дегендей ежелден ата - бабаларымыз қыздарды әрқашанда гүлге теңеген. Табиғатта ең сұлу өсімдік гүл болса, әлемнің сұлуы - қыз. Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайылық, әдемілік, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, намысы, қайрат жігері, бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттерімен де қазақ қыздары зор тағылым иесі!

Қыз тәрбиесі туралы көп айтуға болады

. «Қызға қырық үйден тыйым» - деген сөз қызды кемсіту үшін айтылмаған, керісінше қыз баланың тәрбиесіне зор жауапкершілікпен қарауды меңзейді.

4.Анасының қамқоршысы . Салат жасау.


1- жүргізуші: Мұхаммед

Бүгінгі қыз - ертеңгі ана. Сондықтан, халқымыз әйел - барша тіршіліктің бастауы, өмірдің сәні деп қасиет тұтып, ардақтап аялаған.

Қыз сұлу көрінеді қылығымен,

Жарыса төгілген қос бұрымымен

. Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,

Қыз сұлу көрінеді білімімен.

Қыз сұлу көрінеді шашыменен,

Ай қабақ, қиғаш қара қасыменен.

Қыз сұлу көрінеді толған айдай,

Он екі мен он сегіз жасыменен.- дегендей, аналарымыз мәпелеп, үкі тағып, үлбіретіп өсірген Қыз Жібек, Баян, Айман - Шолпандар, Айша бибі сұлулықтың пірі емес пе?! Халқымыз қыз сұлулығына ерекше мән берген.

Әке көрген –оқ жонар.

Шеше көрген-тон пішер дегендей қанекей қыздарымыз өз көйлектерінің түймесін қадай алар ма екен?

5.Ине жіппен түйме қадау.


2- жүргізуші: Алшын

Көктемменен құлпырып, 

Жүректерге нұр тұнып. 

Қайта жарды бүршігін, 

Бәйшешектер бұлқынып. 


1- жүргізуші: Мұхаммед

Мерекесі асылдың, 

Мерейін ал асырдым. 

Сұлулары әлемнің, 

Сұлулары ғасырдың. 


Бүгінгі ару қыздарымыздың өнерлерін бағалайтын әділ қазы алқаларына сөз кезегін береміз!


2- жүргізуші: Мұхаммед

Ендігі сөз кезегін ортамызға келген ақ жаулықты аналарымыз бен ұлағатты ұстаздарымызға береміз.


2- жүргізуші: Алшын

Сіздерге шын жүректен бақыт және сұлулық тілейміз. Қартаймаңыздар. Мәңгі жасыл шыршадай құлпырып қасымызда жүре беріңіздер! 


2- жүргізуші: Мұхаммед

Әжелерім, аналарым, ұстаздарым, еңбектеріңіз жемісті болсын. Әрбір отбасының ұйытқысы, бір қолмен бесікті, бір қолмен әлемді тербетіп жүре беріңіздер! Тағы да мерекелеріңізбен! Келесі күнде жолыққанша сау болыңыздар! 












Shape1

Shape2





















Shape3 Shape4











Shape5











Shape6

әл-Фараби атындағы №14 мектеп-гимназиясы

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Қыз өссе – елдің көркі»









5 «Ғ» сынып жетекші:Арысбаева Г

2022-2023 оқу жылы



Мерзімі:21,11,2022ж

Тақырыбы: Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі

Мақсаты:
Оқушыларды ата — бабамыздың ұрпақтан — ұрпаққа жалғасып кейінгі ұрпаққа жеткен мұрасымен таныстыру.
Оқушыларды халықтық салт — дәстүрден нәр алып өсуіне инабаттылыққа, мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу.
Халықтық салт — дәстүрімізді, ұлттық мұрамызды дамыту
Көрнекілік: нақыл сөздер, қабырға газеттері, буклеттер

Сабақтың барысы
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізі бөлім
1. Таныстыру
2. Көрініс
3. Шешендік сөздер, салт — дәстүр, ырым, тыйым сөздер
ІІІ. Қорытынды бөлім
4. Сұрақтарға жауап беру

І. Кіріспе сөз.
Құрметті ұстаздар бүгінгі «Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі» атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер!
Бүгінгі «Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі» атты тәрбие сағатында ата — бабамыздан ұрпақтан — ұрпаққа жалғасып, кейінгі ұрпаққа жеткен мұрасымен танысамыз. Атамыз қазақ бір ауыз сөзбен қуантып, бір аыуз сөзбен жауын орнынан тұрғызбай тастаған шешен, қайсар, кеңпейіл халық болған.
Ізетіңді түйме етіп,
Иманыңды күйме етіп
Жүрші балам,
Жамандықты күйретіп,
Балалар бабаларымыздың жақсы дәстүрін бойларына сіңіріп, жалғастырып, жамандықтан аулақ, жаны таза, елжанды ұрпақ болыңдар!

ІІ. Негізгі бөлім
1 – жүргізуші
Армысың, аманбысың асыл халқым,
Әрқашан арта берсін сенің даңқың.
Ұмытпай қазағымның ата — салтын
Әрқашан арат берсін сенің даңқың.

2 — жүргізуші
Қашанда жақсылардың соңына ерем,
Көкейден жыр нөсерін бүгін
Бүгінгі «Ұлттық тәрбие — ұлағат көзі» атты
Тәрбие сағатына қош келіпсіздер!

1 — жүргізуші
Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін
Қайта тудым, өмірге қайта келдім
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
— Балалар! Ұлтымыздан, бабамыздан бізге не қалған.
1 — топ Шешендік сөз нәрі
2 — топ Салт — дәстүр нәрі
3 топ Ырым, тиым сөздер

2 — жүргізуші
Жаңарғаны сананың
Ұмытады мұны кім?
Ата — баба дәстүрін,
Жайып салар келді күн.
Олай болса, топтардың таныстыру кезеңіне сөз берейік, дайындаған қабырға газеттерін таныстырып өтеді.
1 — топ Шешендік сөз нәрі
2 — топ Салт — дәстүр нәрі
3 топ Ырым, тиым сөздер

1 — жүргізуші
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Өзіңе келер ұятын,
Өзі біліп тұрса игі! – деп Төле би айтқан екен. Олай болса ендігі кезекте ата жолын қуып жүрген «Шешендік сөз нәрі» тобы дайындап келген көріністерін көрсетеді

1 — жүргізуші
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт берекең – атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
Асқар тауың — әкең қымбат,
Туып — өскен жерің қымбат,
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат — деп Қаз дауысты Қазыбек би айтқан екен. Келесі кезекті 2 — топ «Салт — дәстүр» тобына береміз.

2 — жүргізуші
Ашу деген ағын су,
Алдын ашсаң арқырар,
Ақыл деген дария,
Алдын тоссаң тоқырар,
Кісі бірге туыспау керек,
Туысқан соң сөз қуыспау керек,
Сөз қуған бәлеге жолығады,
Жол қуған олжаға жолығады, — деп Әйтеке би айтқан екен. Олай болса 3 — топ «Ырым, тиым сөздеріне» кезек береміз

1 — жүргізуші
Жәнібек халықты жиып:
— Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады, соны кім табады?- депті.
Жиналған халық көп дағдарып:
Үш арсыз: ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз.

1 — жүргізуші
Үш ғайып: қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал ғайып деп шешіпті.
Бірақ үш жетімді ешкім таба алмапты.

2 — жүргізуші
Сонда Жәнібек хан:
— Елде келмеген кім қалды? Деп сұрапты.
— Келмеген Қарабас шешен қалды, — депті халық.
Жәнібек хан Қарабас шешенді шақырып алып жауабын содан сұрапты.

1 — жүргізуші
Сонда Қарабас:
— Жетім үшеу емес, бесеу еді ғой – депті де:
Оты жоқ жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Елінен ауған ер жетім,
Тыңдаусыз қалған сөз жетім,
Жоқтаусыз қалған қыз жетім, — депті. Қалай тауып айтылған шешендік сөздер
Олай болса «Шешендік сөз нәрі» тобына кезек береміз.

2 — жүргізуші
Ата — баба ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.

2 — топ « Салт — дәстүр нәрі»
Ата — бабамыз кейбір сандарды қасиетті деп есептеген. Ол сандар 3, 5, 6, 7, 9 т. б.
• Үш байлық, — Төрт мұрат, — Бес қару, — Алты парыз

1 — жүргізуші
Ата – салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты,
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.

3 — топ «Ырым, тиым сөздер»

2 — жүргізуші
Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата – жолы салтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы,
Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдақ.

1 — жүргізуші
Көк байрағым, ар — намысым жігерім,
Әнұраным қайрат күшім тірегім.
Елтаңба бүкіл елдің тарихы,
Тұрмыс салтым, тағы сонда білемін

2 — жүргізуші
Достарым түсініңдер сөздің нарқын,
Әр кезде бола берсе жүздер жарқын.
Салт — дәстүрін бабамның үйреніңдер
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.

ІІІ. Қорытынды бөлім
3 топ өздері бір — біріне сұрақтар қояды.
/ 1 — топ 3 — топқа, 2 — топ 1 — топқа, 3 — топ 2 — топқа /
Нақыл сөздермен жұмыс.
Міне, балалар біз тәрбие алатын ұлтымыздың ата — бабамыздан қалған шешендік сөздері, салт — дәстүрі, ырым, тиым сөздері өте көп. Олардың барлығын бір тәрбие сағатында айтып бітіру мүмкін емес. Әлі де оқып білмегенімізді толықтырамыз!
ХХІ – ғасыр азаматының бойында өркениетті өмірге талпынатын, ата — баба дәстүрін жалғастыратын, кіндік қамы тамған туған жерін, асқақтаған көк тулы Отанын сүйетін, үлкен — кішіге мейірімді, ізетті, текті, дені сау азамат және азаматша болып өсулеріне тілектеспін!
Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі. жүктеу

әл-Фараби атындағы №14 мектеп-гимназиясы

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі

Picture 9





5 «Ғ» сынып жетекші:Арысбаева Г

2022-2023 оқу жылы

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.05.2025
220
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі