400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

8 Наурыз концерттік бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурыз Аналар мерекесіне арналған концерттік қойылым
Материалдың қысқаша нұсқасы

8 НАУРЫЗҒА АРНАЛҒАН СЦЕНАРИЙ

1 «В» сыныбы «Ана Мейірімі мәңгілік әлем»

Shape1

Сахна безендірілуі:
Акт залының кіреберісінде қызыл кілем төселген. Екі жағынан балалар сап түзеп тұрады.

Кіреберісте екі бала – ұшқыш пен әуе жолсерігі ата-аналарды қарсы алып, билеттер таратады.

Әуе жолсерігі: Аиша
Қош келдіңіздер, құрметті ата-аналар!

Ұшқыш: Шәкәрім
Сіздерді алда келе жатқан 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

Ата-аналар залға өтеді. Қонақтар толық жиналғанша, аналар стендтен өз есімдерін тауып, көңіл көтеруге арналған шағын тапсырмаларға қатысады.

Жарық сөнеді. Экранда ЖИ (ИИ) бейнесі пайда болады.

Shape2

ЖИ (ИИ):

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!

Қымбатты нәзік жандылар!
Бүгін – ерекше күн, көктемнің, сұлулық пен шабыттың мерекесі.
8 Наурыз – нәзіктік пен күштің, даналық пен мейірімнің мейрамы.
Сіздерді келе жатқан халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сиқырлы әуе кемемізге қош келдіңіздер!
Орындарыңызға жайғасып, белдіктеріңізді таға қойыңыздар.
Біз аралдарға толы ғажайып саяхатқа аттанамыз!
Қызықты, көңілді әрі сиқырлы сапар болмақ.
Дайын болсаңыздар — ұштық!

Shape3

Экранда ұшақ ұшып, алғашқы аралға қонады.









1-Арал: «Сұлулық аралы» Бұл аралда стюардессалар би билейді.
Нәзіктік, сұлулық, әуе сапарының басталуын білдіреді.

Елжан: Бұл — Сұлулық аралы.
Бұл арал, әуе сапарының басталуын білдіреді.

Стюардессалар билейді.

2-Арал : «Жылы лебіз аралы» Балалар тақпақ айтып, аналарына арнап ән орындайды.
Алан: Бұл арал мейірім мен алғысқа толы арал.

Іңкәр: Бұл аралда ең мейірімді, ең шынайы, ең әдемі құттықтаулар өмір сүреді!

Балсезім: Осы аралда біз сіздерге арнап ерекше өлеңдер дайындадық.
Кішкентай ақындарымызды мұқият тыңдайық!

Shape4

3-Арал: «Жүректен жүрекке аралы» Бұл аралда аналарға арналған видеоролик көрсетіледі.

Санжар: Саяхатымыз жалғасады…
Алдымызда тағы бір ерекше арал.

Айым: Қазір сіздер біз үлкен махаббатпен дайындаған
әсерлі бейнебаянды көресіздер.
Назар қойып көрейік!



4-АЯЛДАМА: «BOYS POWER» аралы

Зейнеш:
Назар аударыңыздар!
Алдымызда жігіттер керемет би билейтін арал!

Айбике:
Бүгін олар қыздарымызға арнап
жарқын, жігерлі би дайындады.

Бұл — SUPER BOYS аралы. Қарсы алайық!



Shape5

5-АЯЛДАМА: «16-Қыз» аралы»

Алихан: Саяхатымыз жалғасады.
Алдымызда өте әсем арал тұр —

Шәкәрім: Бұл аралда ең әдемі гүлдер өседі,
көктемнің әуені естіледі.

Shape6

6-АРАЛ: «Жүрек үні» аралы Бұл аралда әке мен қызы бірге ән айтады.
Отбасының жылуы мен махаббаты


Қайсар: Біз отбасының жылуы мен махаббаты мекендеген
ерекше аралға келіп жеттік.

Батырхан: Бұл — «Жүрек үні» аралы.

Дария: Бұл аралда әкенің мейірімі,
қызына деген шексіз махаббаты
әуен арқылы жүректерге жетеді.

Адия: Ендеше, әке мен қыздың
жүректен шыққан әнін бірге тыңдайық.

Shape7

7-Арал

: «Жан жылуы аралы» Соңғы, ең әсерлі аялдама.
Балалар свечкамен ана мен әжеге арналған ән айтып, концертті аяқтайды
Мансур: Міне, біздің сиқырлы саяхатымыз да
соңғы аралға келіп жетті.

Дамир: Бұл — «Жан жылуы аралы».

Амира: Бұл аралда аналарға деген
шексіз алғыс пен махаббат шырақ болып жанады.
Мариям: Ендеше жүректен шыққан әнді қабыл алыңыздар.



Балалар хор айтады.
Балалар аналарына барып, ашықхаттар мен жүрекше шарлар сыйлайды.

Shape8

ЖИ (ИИ):

Сіздерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
Сіздер ең мейірімді, ең әдемі, ең қамқор,
балаларыңыздың жүрегіндегі ең қымбат жансыздар.

Баршаңызға назар қойып тыңдағандарыңыз үшін алғыс айтамыз.
Бұл күн сіздерге шаттық пен қуаныш сыйласын,
ал көктем жүректеріңізде жыл бойы сақталсын!

Мерекелеріңізбен, қымбатты нәзік жандар!
Келесі кездескенше, сау болыңыздар!

Shape9

Соңы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.06.2026
17
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі