8-наурыз мерекелік шара

Тақырып бойынша 11 материал табылды

8-наурыз мерекелік шара

Материал туралы қысқаша түсінік
8-наурыз.Балабақша.Ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: 8-Наурыз мерекесі.

«Мақта қыз бен мысық» ертегісінің желісімен жасалған ертеңгілік

Тобы: «Күншуақ» ортаңғы тобы

Көктем топқа кіреді.

Көктем: Саламатсыздар ма?!

Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де,гүлі аналар

«Ана»деп бас иеді күллі халық.

Мен өзіммен бірге сіздерге ертегі алып келім. Ертегілер әлемінде Мақта қыз бен мысықтың үйінде:

Мақта қыз: Менің атым Мақта қыз. Менің мысығым бар.Мен оны қатты жақсы көремін. Бүгін бізде мереке,анамызға көмектесуіміз.Үй жинап,шаң сүртіп, ыдыс жуып.Мысығым қайда жүр екен?

Мысығым,мысығым,қайдасың? Маған көмектесші...

Мысық: Мысық деген мен боламын.Мяу мяу мяу.Тышқан аулап отырамын мяу мяу. Жақсы ұйықтап жатыр едім.Мақта қыз мені неге шақырдың?

Мақта қыз: Мысығым біз ертегідегідей ұрыспайық. Сен менің сүтімді төгіп,мен сенің құйрығыңды жұлып алмаймын. Олай істемейік,екеуміз дос болып, қол ұстасып осы ертегі кейіпкерлерінің бүгінгі мерекеге қандай өнерлері бар екен, соны бірге барып біліп қайтайық.

Сиыр(Рамазан,Ақназар,Алинұр М.): Му му му.Мен сиырмын.Мен балаларға сүт беремін. Менің сүтім өте пайдалы му му.

Мысық: Біз сендерден сүт сұрамаймыз.Мерекеге қандай өнерлерің бар соны көрейік деп келдік.

Рамазан: Анам,анам,ақ анам

Мен өзіңдей ақ балам,

Айтқан тіліңді аламын

Жұмсағанда барамын.

Ағаштар (Ақсар,Айсұлтан,Каусар Ж.): Мен ағашпын,ағашпын.Мен мықтымын, жапырақтарым жайқалған,күннен қорғайды.

Мақта қыз: Бізге сендердің жапырақтарың керек емес.Бүгін аналар мерекесі ғой, сендердің қандай тақпақтарың бар?

Аңсар: Ақ қабақты анашым

Күн сәулелі анашым

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

Осы кезде алдарынан қыздар шығады. (Амина,Аянат,Нұрай,Көзайым А, Каусар Қ,Іңкәр)

Мақта қыз бен мысық: қыздар мерекелерің құтты болсын.Біз сендерден бұл жолы су сұрамаймыз. Аналарамызға әдемілеп билеп береміз бе?!

Би: «Кәмпиттер»

Кәусар Қ: Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын ашайық.

Әмина: Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан.

Нұрай: Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Бізді ана қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз!

Аянат: Сіздерден өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті әжелер,аналар.

Көзайым А:Ана пана,

Ана дана,

Өмірге әкелетін

Ана ғана!!!

Іңкәр: Мен анамды сүйемін

Құшағына енемін

Мәпелеген анамды

Қуантсам деп келемін.

Дүкенші (Еркежан): Мен сатушымын,сатушымын.Дүкенім бар.Не аласыңдар?

Мысық: Сенен ештеңе алмаймыз. Аналар мерекесіне қандай өнерің бар? Көрсете қойшы.

Еркежан: Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған,

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ анам!

Осы кезде алдарынан балапандарымен келе жатқан Тауық шығады.

(Нұрбибі,Марлен,Айткул,Алина,Халима,Сұлтан,Омар,Көзайым Қ.Алинұр С.)

Мақта қыз: Жарайсыңдар! Жақсы билейді екенсіңдер! Рахмет! Сендерден жұмыртқа сұрамаймыз.Аналарға арнап тақпақ айтып бересіңдер ме?!

Мысық: Тышқан сен қашпа.Мен саған тиіспеймін. Екеуміз дос болайық.Ертегіні солай жақсы аяқтайық.

Айкүнім: Баланың да тірегі

Ананың да тірегі

Ауырмасын ешқашан

Аналардың жүрегі.

Хор : «Ана»

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.03.2024
161
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі