жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
8 наурыз мерекелік шараға арналған ертеңгілік
Тақырыбы: «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге»
Мақсаты: Ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала
махаббатын ояту. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін
арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көріністер, әндер, оқушылар әңгімелері, суреттер, буклет. Плакатқа
жазылған нақыл сөздер, оқушылар суреттері.
Барысы:
Қайырлы күн, құрметті абзал жанды аналар мен ұстаздар!
Наурыз күні – Ана күні, әлем күні
Әлемді тебірендірер ана үні
Анасыз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал, бөбектерім, сендер мұны.
Адам баласы үшін – ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық ықыласы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген.
Ол – 8 – Наурыз мерекесі.
Адам бойындағы асыл қасиеттің бәрі ананың ақ сүтінен жаралып, күннің нұр шапағынан нәр алып, бүр жаратынын атам қазақ атамзаманда ақ білген. Алаш баласының ананы айрықша ардақтап, есімін асқақ ұстайтыны да сонан болса керек. Шынында да, ел бастаған көсем де, топты жарған шешен де, азуын айға білеген ақын да, семсерін қанға суарған батыр да, ой кенін қазған ғалым да, әлемді аузына қаратқан дарын да анадан туған ғой. Туған халқының атақ – даңқын дәуірлетіп, дүйім дүниеге танытатын да сол аналар. Демек, бұл дүниеде анадан асқақ жан иесі жоқ.
Бүгін біз де аналарымызды мейрамымен құттықтау үшін «Аяулы анашым!» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.
8 – Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын! Аяулы, қымбатты, абзал аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш тілейміз.
Мектеп үшін ата-аналар бөлексіздер
Мектеп үшін қашанда керексіздер,
Ата-аналар ардақты абзал жандар
Ұстаздармен қашанда біргесіздер.
Мұғалім сөзі: Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін таба аламыз ба?
Бала, бала ,бала деп
Түнде шошып оянған .
Түнұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған,
Бұл кім?
Балалар : Ана, Ана, Ана.
Табаққа түспес,
Қазанға піспес.
Оны ішпей адам өспес. (Ана сүті)
Әлемде өзгермейтін үш-ақ зат бар. Ол – ананың сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі.
Жан ана, жарық күн – жанарың,
Бір сенде кеңдігі даланың.
Балаңды құшақтап сүйгенде,
Сеземін көктемнің самалын.
Әлемге тыныштық тілеген,
Жан ана, жаныңа гүл егем.
Балалық жүрекпен айтылған,
Махаббат белгісі бұл өлең.
Ендігі кезекте оқушыларының мерекелік өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.
1.Біз ғана емес
Қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар,
Ана деген тіршіліктің тірегі.
Армысыздар, қасиетті аналар
2.Ана десем алғыс алам халқымнан.
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын.
3.Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмекн құттықтаймын.
4.Еркелесем күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан иіскеп менің
«Құлыншағым,күліп» дейтін.
5.Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Бар баланы қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
6.Үн қатасың бал тілімен
Еркелеймін әр күні мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен
Мұғалім сөзі: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың күн нұры тастай мұзды да жібітеді.Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларыңыздың жылы лебізін қабыл алыңыздар!
«Айналайын ақ мамам»әні орындалады.
Мұғалім сөзі:Ортаға ұш ананы шақырамыз.Көздерін орамалмен байлап, топ баланың ішінен өз баласын тауып алуды ұсынамыз.
7.Анамды мақтан етем
Ақсүтін ақтап өтем
Анам сау жүрсе өмірде
Арманыма жетемін.
8.Өлең айтып беремін
Нанды алып келемін
Өйткені мен анамды
Өте жақсы көремін.
9.Анам менің сүйкімді
Қарақаттай көздері
Жаныма жылы тиеді
Ақылмен айтқан сөздері.
10.Айналайын анашым
Ақылы асқан данасың
Балаң үшін не керек
Бәрін іздеп табасың.
11.Әр ананың арманы
Баласы жақсы болғаны
Орындалса сол тілек
Орындалар қалғаны.
12.Ең қымбатты өмірде
Ана екенін білеміз
Ана жанын түсініп
Ойнаймыз да күлеміз.
13.Анашым ақ сүт беріп өсіріп ең
Қатемді меннен талай кешірін ең
Төрт бөліп түн ұйқысын әлдилеткен
Айналдым ана деген есіміңнен.
Ән: «Айналайын ақ мамам» - Арай,Айгерім.
14.Құтты болсын анашым
Мерекесі наурыздың
Қасымда бол әрқашан
Жансыз жарық жұлдызың
Тілейді бақыт бір саған
Әлпештеген ұл-қызың
15.Анаң болса қасында
Бақыттысың күнде сен
Анаң болса жаныңда ,
Жайма шуақ күнсің сен.
16.Аналарға мың алғыс
Бізге өмір сыйлаған
Аналарды сыйлайық
Біздер үшін жан қиған.
17.Көктемде көңілді ,құстар кеп жатқанда
Құлпыртып өңірді, гүл ектік бақтарға,
Біз доспыз гүлдермен, текке оны жұлмаймыз
Той күні бір –бірлеп аналарға сыйлаймыз.
Балалар көктем сендерге сыйлыққа көп гүлдер алып келіпті.Қазір біз «Гүл теру »ойынын ойнаймыз.
Енді балалар аналарымызға арнап жапсыру сабағында жасаған тілек жазылған сыйлықтарымызды тарту етеміз.
Ән: «Ай дидарлы анашым » - Хор
18.Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да ,
Тек анаңа жақынсың.
19.Шуақ төгіп, күлімдейтін қарасам,
Анашымды күнге ғана баласам,
Жер бетінде ең жақыным өзіңсің,
Мәпелейсің, аялайсың әрқашан.
20.Ана деген асқақ ән,
Орындайтын әрқашан
Анадай қымбат сыйлықты,
Таба алмайсың ешқашан!
21.Ана – көркі көгімнің,
Ана – нұры жерімнің,
Ана – бағы баланың,
Мақтанышы даланың.
22.Ерлік, еңбек атқарған,
Еңбегімен мақтанған,
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын ақ анам!
23.Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз!
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Ән: «Ақ әжем» - хор
24.Ана – деген адамзаттың данасы,
Ана – деген сәбилердің панасы.
Ана – деген жарық жұлдыз шырағың,
Ана – деген қайнар ыстық бұлағың.
Ана – деген өмірдегі қамқорың,
Ана – деген сүйенерің, жан құрбың.
25.Ол – ана, адамзатқа қанық үні,
Әр жүрек, әр көңілдің жарық күні.
Ол деген – алыбы ғой алыптардың,
Ананың тілі емес пе, халық тілі?!
26.Балалар анамызды құрметтейік
Көңілін ешқашанда кірлетпейік
Сабақты жақсы оқып, тәртіпті боп.
Орынсыз ренжітіп, үндетпейік.
Қорытынды:
Аналар қуат күшің талмасын,
Бақыт гүлің солмасын,
Асқарына арманның
Ұрпақтарың самғасын.
Сен – анасың, сен – данасың, асыл жан
Бар ақылдан артық тұрған басың бар.
Өзің де жас, көңіл де жас қартайма.
Бір байлығың мына тұрған балалар.
Бағымызға аман болып жүз жаса
Мол бақытқа бөлене бер, жан ана.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген