8 наурыз мерекесі!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

8 наурыз мерекесі!

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығармашылықпен балалардың қызығушылығын ояту
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

«ФаиЗаман» ЖШС-гі

«Күншуақ» бөбекжай-бақшасының

МДҰ-жетекшісі ___________ Г.К Нұртаза



Мерекелік ертеңгілік

«Анашым - қуанышым»

Жүргізуші:
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
Армысыздар, қасиетті аналар!
Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті, жан аналар!

Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі әріптестер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осынау көктем мерекесі қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі бүгінгі «Анашым-қуанышым» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Ән: «Сенің анаң алтын» Айшуақ мектепалды даярлық тобы
Ән: «Құттықтаймын ана туған күніңмен!» Балшуақ кіші тобы

Би: «Бақалар» Балшуақ кіші тобы
(Осы сәтте есік қағып, көңілді әуенмен Маша жүгіріп келеді).
Маша: Достарға сәлем! Мен таныдыңдар ма? Мен Машамын ғой! Ең ақылды, ең көңілді, ең тәрбиелі қызбын. Мен сендердің әжелеріңді, аналарыңды және қыздарды мерекемен құттықтау үшін әдейі ертегілер елінен келдім.
Жүргізуші: Маша бізге сыйлыққа не әкелдің?
Маша: (ренжіп) мен гүл шоқтарын дайындап едім. Бірақ оларды жүріп келе жатып шашып алдым.
Жүргізуші: Балалар біз Машаға гүлді жинап көмектесейік.
Ойын «Гүл шоғын жинау» Балшуақ кіші тобы
(Балалардың көмегіне риза болған Маша билей жөнелді).
Жүргізуші: Маша сен қандай тәттіні жақсы көресің.
Маша: Үлкен торт, варение.

Жүргізуші: Жоқты айтпа! Бізде варение жоқ. Ал тәттіні мерекеден соң аласың. Сен тәттіні көп жегеннен тістің ауыратынын білмейді екенсің ғой.
Біздің балалар оны жақсы біледі. Жалпы денсаулық жақсы болу үшін дене шынықтыру мен шұғылданған жөн. Қазіргі біздің балалар өздерінің қандай күшті екендерін саған көрсетеді.
Би: «Вальс биі» Айшуақ мектепалды даярлық тобы

Ән: «Еркесімін анамның» орындайтындар: Абзалқызы Аяна. Даулетхан Асылым

Көрініс «Үш ана» Айшуақ мектепалды даярлық тобы

(Маша балаларға алғысын айтып, ертегілер еліне кетеді).

Жүргізуші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Ақ қар еріп,
Су көбейіп,
Сай салаға толады.
Ағаш басы бүршік атып,
Гүл бәйшешек басады.
Ал балалар , айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады.
Балалар: Көктемде!
(Залға вальс әуенімен қолында сыйлық салынған себеті бар көктем кірді).
Көктем: Сәлеметсіздер ме, Балалар, аналар!
Сағыныш пен жеткен,
Келді міне көктем,
Жайнап нұрлы гүлі,
Мерекеңіз бүгін,
Құтты болсын аналар!
Жүргізуші: Көктем, біз сенің келгеніңе өте қуаныштымыз. Балалар күннің шұғыласын, судың сылдырын сағынды. Сіздерге арнап ән салып береді.
Ән: «Айналайын мама» Жаншуақ ортаңғы тобы

Би: «Аппақ гүлдер» биі Жаншуақ ортаңғы тобы

Жүргізуші: Көктем, сен балаларға не әкелдің?
Көктем: Мен сендерге көктемнің шұғыласын әкелдім.

Би: «Гүлдер» биі Айшуақ мектепалды даярлық тобы
Ән: «Анашым -анам» Нұршуақ ересек тобы

Би: «Стирка биі» ұлдар биі Таңшуақ ересек тобы

Би : «Дискотека папури» Нұршуақ ересек тобы

Көктем балаларға алғыс айтады.
Жүргізуші:
Ата - аналармен ойын: « Өз балаңызды табыңыз» Айшуақ мектепалды даярлық тобы
Шарты: 3 - 4 ата - ананың көзін байлап, ортадан өз баласын тапқызу.

Оркестр «Полка» Айшуақ мектепалды даярлық тобы

Ән: «Әже, әжетайым» Елшуақ мектепалды даярлық тобы

Би: «Заманауи би» Елшуақ мектепалды даярлық тобы
Жүргізуші:
Құтты болсын осы шаттық күніңіз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз,
Қуанышты жүзіңізбен әр дайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.
Ән: «Ана деп ән салам» Таңшуақ ересек тобы

Би: «Аспазшылар биі» Нұршуақ ересек тобы

Ән: «Қуыршағым» әні орындайтындар: Карл Диана, Ерболат Інжу

Жүргізуші:

Шалқып, тасып әніміз

Жадырасын жанымыз,

Ана, сені құттықтап,

Әндетеміз бәріміз.

Ән: «Мама моя» әні Елшуақ мектепалды даярлық тобы

Би: «Мерекелік көңіл күй биі» Елшуақ мектепалды даярлық тобы

Ойын : «Ананың дауысын тап?» Елшуақ мектепалды даярлық тобы

Ән:«Ақ анам» Таңшуақ ересек тобы

Ән: Анашым орындайтындар: Қуатбек Аяулым, Мүрсәлі Көркем

Ән: «Анашым анажаным» орындайтындар: Алуа.Адема,Айым,

Би: «Балапаным» Таңшуақ ересек тобы

Би: «Әзіл би «Әжелер» Айшуақ мектепалды даярлық тобы

Би: Буратино Жаңшуақ ортаңғы топ

Би: «Көңілді балапандар» Таңшуақ ересектер тобы

Жүргізуші:

Мейірім төккен баршаға
Онымен өмір қаншама?

Анасыз өмір бола ма,
Айтыңдаршы, баршаң да?

Ән: «Аяулы анашым» Айшуақ мектепалды даярлық тобы

Құрметті аналар, апайлар осымен өздеріңізге арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Әрдайым көктем гүліндей жайнап жүре беріңіздер.
Келгендеріңізге көп рахмет!


































Мерекелік ертеңгілік

«Анашым-қуанышым»

1. Ән: «Сенің анаң алтын» Айшуақ тобы

2.Ән: «Құттықтаймын ана туған күніңмен!» Балшуақ кіші тобы

3.Би: «Бақалар» Балшуақ кіші тобы
4.Маша кіреді

5.Ойын: Гүлдерді жинау Балшуақ тобы

6.Би: «Валсь» Айшуақ тобы
7.Ән: «Еркесімін анамның» орындайтындар: Абзалқызы Аяна. Даулетхан Асылым

8.Көрініс «Үш ана» Айшуақ мектепалды даярлық тобы
9.Көктем кіреді

10.Ән: «Айналайын мама» Жаншуақ ортаңғы тобы

11.Би: «Аппақ гүлдер» биі

12.Би: «Гүлдер» биі Айшуақ мектепалды даярлық тобы
13.Ән: «Анашым -анам» Нұршуақ ересек тобы

14. Би «Стирка биі» ұлдар биі Таңшуақ ересек тобы

15.Би : «Дискотека папури» Нұршуақ ересек тобы

16.Ата - аналармен ойын: « Өз балаңызды табыңыз» Айшуақ тобы

17.Оркестр «Полка» Айшуақ мектепалды даярлық тобы

18.Ән: «Әже, әжетайым» Елшуақ мектепалды даярлық тобы

19.Би: «Заманауи би» Елшуақ мектепалды даярлық тобы

20.Ән: «Ана деп ән салам» Таңшуақ ересек тобы

21.Би: «Аспазшылар биі» Нұршуақ ересек тобы

22. Ән: «Қуыршағым» әні орындайтындар: Карл Диана, Ерболат Інжу

23.Ән: «Мама моя» әні Елшуақ мектепалды даярлық тобы

24.Би: «Мерекелік көңіл күй биі» Елшуақ мектепалды даярлық тобы

25.Ойын: «Ананың дауысын тап?»» Елшуақ мектепалды даярлық тобы

26.Ән:«Ақ анам» Таңшуақ ересек тобы

27.Ән: Анашым орындайтындар: Қуатбек Аяулым, Мүрсәлі Көркем

28.Ән: «Анашым анажаным» орындайтындар: Алуа.Адема,Айым,

29.Би: «Балапаным» Таңшуақ ересек тобы

30.Би: «Әзіл би «Әжелер» Айшуақ мектепалды даярлық тобы

31.Би:Буратино Жаншуақ ортаңғы топ

32Би: «Көңілді балапандар» Таңшуақ ересектер тобы
33.Ән: «Аяулы анашым» Айшуақ мектепалды даярлық тобы





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2023
202
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі