Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі. Тақырыбы: «Аналар асыл қазынам»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Аналар асыл қазынам»
Зал әсем безендірілген, әдемі әуен ойналып тұр.
Би: «Періштелер»
Би: «Анашыма»
Жүргізуші: Көңілің Алатаудың ақ
қарындай,
Мейірімің күннің шуақ
шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына
алармын,
Ән болып сағыныштан
ақтарылмай, - деп абзал аналарымызды,
әжелерімізді, қонақтарды төл мерекелеріңізбен
құттықтай отырып, сіздерге мына әнді сыйлаймыз!
Ән: «Анажаным» (отырады)
Саша: Аружан, Ерсұлтан, білесіңдер ме? Бүгінгі мерекеміз ерекше болмақ.
Аружан: Неге, сиқыршы келе ме?
Саша: Жоқ, таппадың.
Ерсұлтан: Ә, таптым, таптым. Қайрат Нұртас келетін шығар?
Саша: Жоқ, Ерсұлтан, бүгін бізде аналар мерекесіне арналған мерекелік концерт өтеді.
Ерсұлтан: Олай болса, келген қонақтармен амандаспаймыз ба!
Саша: Армысыздар, аяулы аналар!
Аружан: Добро пожаловать милые дамы!
Ерсұлтан: Welcome dear ladies!
Саша: Ең аяулы есім ғой ана деген,
Бар тіршілік бақыты анаменен
Ананы жеткізгенше мұратына,
Білім іздеп лапылдап жана берем.
Ананың оттай ыстық алақаны
Болған соң ойлайтыны бала қамы.
Баладан анасына мың сан алғыс,
Өйткені ол анасының балапаны.
Аружан: Кто красив? Конечно, мама!
Но и праздник ничего.
В этот день, 8 Марта,
Красота — важней всего!
Ерсұлтан: My dear, dear Mommy
I love you so much
I want you to be happy
On the 8th March!
Саша: Аяулы аналар, әзиз әжелер, ардақты апайлар, қызғалдақ қыздар!
Сіздерді көктем мерекесімен құттықтаймыз!
Ерсұлтан: Саша, бүгінгі әдемі кешіміздің басты себепкерлерін білесің бе?
Саша: Ия, Ерсұлтан біздің топтың сұлу қыздары.
Ерсұлтан: Иа, дұрыс айтасын. Олай болса біздің сұлу қыздарымызды тамаша әнмен таныстырып өтсек қалай болады?
Саша: Олай болса, біздің сымбатты қыздарымызды қарсы алыңыздар!
Ән: «16 қыз» (ұлдар)
Саша: Балалар! Бүгін аналардың мерекесі ғой, анамызға қандай сыйлық жасасақ екен?
Ерсұлтан: Аналардың ең жақсы көретін затын сыйға тартайық.
Аружан: Ал, ол қандай зат?
Саша: Расында да, аналар нені жақсы көреді екен. Кімнен ақыл сұраймыз?
Жүргізуші: Балалар, аналарыңа сендерден артық сыйлық жоқ. Сендер бақытты болып, аналарыңнын қасында жүрсеңдер, олар да бақытты. Олай болса, аналарымызға деген сүйіспеншілігімізді, құрметімізді өнерімізбен, ән-күйіміз, тақпағымызбен білдірейік!
Ерсұлтан: Аружан, мен өлең шығардым.
Аружан: Айтшы қане.
Ерсұлтан: Қандай қызық көктемде,
Күн шуағын төккенде.
Ары қарай..... ұмытып қалдым.
Саша: Таптым, таптым
Үшеуі бірге: Би билейміз дөңгелеп
«Қазіргі заман» биі
Сырт жақтан «Мама –
мама» деген үн шығады.
Жүргізуші:
Бұл не дыбыс? Кім екен мамасын
жоғалтқан?
Залға қоян
кіреді.
Қоян:
(Айдана)
Мама, мама! Мамамның артынан секіріп келе
жатыр едім. Адасып қалдым. Енді қайдан
табамын?
Түлкі кіреді:
(Іңкар)
Мен ешкімнен қорықпаймын. Мен бәрін де
алдаймын.
Қоянның қасына
келіп: Әй қоян, сен неге
жылайсың?
Қоян: (Айдана)
Мен мамамды жоғалтып
алдым.
Түлкі:
(Іңкар)
Мамаң
қандай?
Қоян:
(Айдана)
Менің мамам бәрінен де сұлу,
әдемі.
Түлкі:
(Іңкар)
Өтірік айтпа, менің мамам бәрінен әдемі.
Нанбасаң қара! (артына қарайды. Мамасы жоқ) Ой, менің мамам қайда?
(Басын ұстайды). Мен мамамды
жоғалттым.
Екеуі
жылайды.
Аю келеді:
(Адлен)
Бұл не шу, ұйқымнан ояттыңдар
ғой.
Екеуі:
(Айдана,
Іңкар) Біз мамамыздан
адастық.
Аю:
(Адлен)
Мамаларың қандай
еді?
Екеуі:
(Айдана,
Іңкар) Сұп – сұлу, әп -
әдемі!
Аю:
(Адлен)
Өтірік айтпаңдар, менің мамам
әдемі.
«Жоқ, менің мамам әдемі», - деп үшеуі
дауласады.
Осы кезде қарға ұшып
келеді.
Қарға:
(Алинур)
Қарқ, қарқ, бұл не айқай – шу? Сендер мында
екенсіңдер ғой! Сендерді аналарың іздеп
жатыр.
Аңдар:
Рахмет, қарға! Біз аналарымызға кеттік,
алақай!
Қарға:
(Алинур)
Сендер мамаларыңның айтқанын тыңдаңдар.
Әйтпесе жоғалтып аласыңдар.
Тақпақтарын айтады, шығып
кетеді.
Жүргізуші: Кейде осындай айтқанды тыңдамай, мамасынан адасып кететін балалар кездеседі. Бірақ, біздің арамызда ондай бала жоқ. Біздің балалар мамаларының айтқанын тыңдайды.
Ыстықсың сен маған,
Асыл үніңмен.
Қуантайын сені,
Әсем әніммен, -деп тағы да бір әнге кезек берейік.
Саша мен Каусардың орындауында «Көктем» әні.
«Көктем» әні
Саша:
( галстугін дұрыстап) Ерсұлтан, маған қарашы
мен әдемімін бе?
Ерсұлтан:
Ия........Саша саған не
болған?
Саша:
Не болушы еді, қазір біздің қыздар өнер
көрсетпекші
Ерсұлтан:
Ия, өмір зымырап бара жатыр, ал біздің
қыздар күннен күнге құлпырып бара
жатыр
Саша:
Ия...
(күрсініп)
Ерсұлтан:
Саша күрсінбе, ол қыздармен әлі
мектепте де кездесеміз.
Жүргізуші: Ия, Саша, Ерсұлтан дұрыс
айтады сендер әлі мектепке қол ұстасып бірге барасыңдар. Ал қазір,
тағы да бір көріністі тамашалайық.
Көрініс: «Сұлу қыз»
Саша: Ал, енді ойынға да кезек келген сияқты.
Ерсұлтан: Бүгін аналарымыздың мерекесі
ғой, сондықтан әкелерімізді көмекке шақырайық.
Ойын: «Гүл салу
»
Саша: «Білесің бе Ерсұлтан, ана деген керемет асыл жан! Менің
анам кішкентай кезімде не айтсам соны алып, түн ортасында шөлдесем
су беретін»
Ерсұлтан: Ал менің анам, ұйықтар алдында ән, ертегі айтып, ұйқыдан
оянғанымда жүрегіме жылу беретін сөздер
айтады.
Аружан:
Бәрімізге
анасың,
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым!
Саша: Ерсұлтан, сен домбырамен ән айтасың ба немесе күй тартасың ба?
Ерсұлтан: Мен ән айтсам сені қашып кетеме деп қорқып тұрмын. Одан да бізге біздің мың бұралған биші қыздарымыз би орындап берсін.
Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналарды құттықтап,
Би билейміз бәріміз.
Би: « Көңілді ленталар
»
Ерсұлтан: Па, шіркін! Табиғаттың кереметін-ай, жан-жағыма қарасам, сайраған бұлбұл, сыбдыр қаққан жапырақтар.
Аружан: Әрине, бұл көктем мезгілі ғой!
Саша: Дұрыс айтасың Аружан. Мейірімді де, сүйкімді аналар мен әжелерге арнап тағы да бір ән айтайық.
Аружан: Әрине, Саша олай болса аналарымыз туралы өлеңге кезек берейік.
Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларыңыздың әнін қабыл алыңыздар.
Тақпақтар айтылады
Ән: (ағылшын тілінде)
Аружан: Ерсұлтан, қарашы маған Саша сақина сыйлады.
Ерсұлтан:
Қойшы Аружан, сақина сыйлағанша одан да неге
би сыйламайды?!
Аружан:
Әрине, олардың биі де
дайын.
Екеуі бірге:
Ендеше ортаға жігіттердің орындауында би
«Хип-хоп» .
Би: «Хип-хоп» (ұлдар)
Жүрг: Рахмет, жігіттер қыздарды құттықтап өз өнерлеріңді
тарту еттіңдер.
Ал, бүгін қыздарды да мерекесі ғой, олай болса қыздарымызды
мерекеге сәңдейік. ОЛ үшін тағы да әкелерімізді көмекке
шақырайық.
Ойын: «Қыздарды
сәндеу»
Жүргізуші: Балалар, қалай ойлайсыңдар, біздің мерекелік концертіміз ата-аналарға ұнап жатыр ма екен?
Үшеуі: Оны қалай білуге болады?
Жүргізуші: Оны ата-аналардың шапалағынан білуге болады. Қане, ата-аналар балаларыңызға қол шапалақтап қойыңыздар.
Түсірмес өмір салмағын,
Жақсы өсіру арманың,
Анашым асыл ардағым,
Өзіңе әнді арнадым,- деп келесі әнді барлықтарыңызға арнаймыз.
Ән: «Алтын анашым»