8
наурыз
күніне арналған «Ана - аса қымбат жан!»
атты ертеңгілік
Кейіпкерлер:
Жүргізуші
1:
Жүргізуші
2:
Зұлым
апай:
1
қыз:
2
қыз:
Балалар.
Музыка
ырғағымен ұлдар залға кіреді.
Жүргізуші
1:
Армысыздар аяулы ата- аналар, құрметті
қонақтар! Сіздерді көктем мерекесі –
8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Жүргізуші
2:
Армысыздар мейірімді аналар мен әжелер!
Армысыздар
қызғалдақтай құлпырған қыздар!
Ана
десем сезім билер тым ыстық,
Жарасады
адамдарға туыстық.
Бар
адамға берсе ананың мейірімін,
Орнар
еді бар әлемде тыныштық.
Аналар,
барша қонақтар 8-наурыз мерекесі құтты
болсын!
Жүргізуші
1:
Сіз білесің бе?Бүгінгі мерекеміз ерекше
болмақ.
Жүргізуші
2:
Неге, сиқыршы келе ме?
Жүргізуші
1:
-Жоқ, таппадың.Бүгін
біз бала бақшамыздың ең сұлу,ашық жүзді
аруын таңдамақпыз.Сайысымызды бастауға
рұқсат етіңіздер!
Құрметті
қонақтар бүгін сіздер балабақшамыздағы
бүлдіршін қыздардың ,асыға күткен «Қыз
сыны»
сайысын тамашалауға келіп отырсыздар!Көңіл
сарайларыңыз ашылсын,күлкілеріңізден
інжу маржан шашылсын!
Жүргізуші
2:
Арулар асыл жандар,
Шуақ
боп шашылғандар –дей отыра,ақ маңдай,ашық
жүзді,бота көз қыздарымызды салтанатпен
ортаға шақырамыз, қарсы алыңыздар!
(Музыка
ырғағымен Зұлым апай мен онын 2 қызы
кіріп келеді)
Зұлым
апай:
Мұнда қандай мереке болып жатыр?
Қызы
1:
Расында да қандай мереке?
Зұлым
апай:8- наурыз мерекесі
екен ғой,бізді неге шақырмаған?
2
қызы:
Осы істің артында Күлше қыз тұрғанына
сенімдімін!
Қызы
1:
әрине, ол!Біз одан да әдеміміз!
2
қызы:
және одан
да жақсы
билей аламыз!
Қызы
1:
және осы балабақшаның барлық ұлдары
бізге қарайды!
2
қызы:
және бізге комплимент айтады!
Қыздар
(ызаланады):
Осы мерекеге келген қонақтардың назарын
өзімізге аудара аламыз!
Зұлым
апай:
Қыздарым күтіңдер! Мен бұзамын осынын
бәрін!
Қызы
1:
сіз мұны қалай жасайсыз?
Қызы
2:
сізде жоспар бар ма?
Зұлым
апай:
әрине бар! Мен оны жүзеге асыра бастадым!
Қызы
1 (алақай):
Ура!
2
қызы:
Иә, бірақ бізге жаңа киім керек қой?
Күлше қыз Қайда?!
Зұлым
апай:Иә,
әрине, Күлше қыз тігеді бізге көйлектерді,
қыздарым біз киімдерді таңдауға барамыз.
Айтпесе сәнді дефилеге қатыса алмаймыз.
Тездетіндер.
(зұлым
апай мен қыздары жүгіріп шығып кетеді)
Жүргізуші
1: Балалар
бұлар кімдер бізге келген?
Балалар:
Зұлым
апай мен онын қыздары.
Жүргізуші
2:
иә, бірақ біздің дефилені ешкім бұза
алмайды. Ал енді біз қыздарымызды ортаға
шақырамыз.
Жүргізуші
1: олай
болса бірінші ханшайымымызды қарсы
алайық: Амантай Аймира
Жүргізуші
2: Келсі
ханшайымымыз Амангелді Аяла
Жүргізуші:
Келсі
ханшайымымыз Садвакасова Малика
(Музыкамен
кезекпен бойынша қыздар шығады және өз
киімдерін көрсетеді) (Соңында зұлым
апай мен қыздары шығады)
Зұлым
апай:
біз өз сәнді киімдерімізді көрсетіп
үлгердік. Мұнда біз ең әдемі және
сүйкімдіміз.
1
Қызы:Бүкіл
әлем бойынша
Біз
бірінші сәнқоймыз.
Өзім
қандай сүйкімді,
Олар
сондай әдемі,
Бз
сәнқой қыздармыз.
Жүргізуші
2 : Сәлеметсіз
бе, Зұлым апай, мұнда біздің аналарымыздың
мерекесінің құрметіне қыздар қыз сыны
сәнің жүргізіп жатыр. Ал біздің қыздар
да өздерінің әдемі киімдерімен жарысты.
Зұлым
апай: Жақсы,
солай ақ болсын. Ал біздің кішкентай
сұлу қыздарымызды бірге қолдап,оларды
өз орындарына жайғастырайық.
Тақпақ:
Ананы
мен жақсы көремін, (Али)
Ана шаттық,
бақыт береді.
Анаменен
барлық адам,
Бақытты болып жүреді.
Ән
«Анашым, анажаным»
Тақпақ
(қыз)
Әр
сөзімді жаттаған, (Альмира)
Жүрегімде
сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын
ақ анам!
Жүргізуші.
Біз
мерекеде ән айттық және өлең оқып би
биледік, Ал көңілді болу үшін ойын
ойнайық! Біздің қыздарды ортаға ана
рөлінде болуға шақырамыз. (ойын
ережелерін түсіндіреді)
Ойын
«Қуыршақты киіндір»
Жүргізуші:
Асқар тау,биігіміз сенсің- әже
Жүрегің
теңіздей кеңсің- әже
Ұл
қызың армансыз болар еді
Мәңгілік
сен бізбен бірге күлсең- әже
Би
«Вальс»
Жүргізуші.
Жарайсыңдар бүлдіршіндер! Әжелерімізге
арнап ән айтып берейік.
Ән
«песня про бабушку»
Ұл:
Арулар
асыл жандар (Алижан)
Шуақ
боп шашылғандар
Қуат
боп тасылғандар
Құшақ
боп ашылғандар
Арулар
асыл жандар!
Жүргізуші:
Енді біздің ұлдар үшін ойын. Ұлдарымызды
әке рөлінде қатысуға шақырамыз. (ұлдар
шығады)
Ал сендердің әкелерін аналарына
көмектеседі ме? (балалардың
жауаптары)
ойын
«Киім ілу»
(ережесін
түсіндіреді)
(Үш
ұл бала шығады)
1-бала.
Мен барлық жерлердің патшасымын,
Ханшайымын сізге мен тәж сыйлаймын.
2-бала.
Ал мен батырмын, барлығы мені құрметтейді,
Сізге шын жүректен ханым айтайын, бүгін
сіз әдемісіз!
3-бала.
Қайырлы күн, достар, Қайырлы күн!
Менің
ойымша, мен-джентльменмін!
Шың
жүректен айтамын,
сіздер
үшін біз би билейміз!
Би
«Джентельмендер»
Жүргізуші
1: Бөбегіңнің
сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ
өмір жүз жасап
Ауырмашы
анашым!
Бәріміздің де анамыз бар,
әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз
бар. Жылына бір рет келетін осы аналар
мейрамында аналарымызға қандай сыйлық
жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді
өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын
сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса,
әр баланың өзі дайындаған аналарына
сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!
Сыйлықтарды
тарату
Жүргізуші
2:
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым
мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді
аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің
қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана
– аса қымбат
жан!»
атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты
аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау
саламатта болыңыздар!