Материалдар / 8 наурыз мерекесіне арналған тақпақтар жиынтығы

8 наурыз мерекесіне арналған тақпақтар жиынтығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне қажет. Ертеңгілік өткізерде өте ыңғайлы.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ержас 1.Шуақты көктем келді гүлін алып

Көктемнің мерекесі бүгін анық

Өмірдің көктемі де, гүлі - аналар,

Ана деп бас иеді күллі халық.



2.Біз ғана емес,

Қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар қасиетті аналар!



3.Дүниедегі әр адамзат баласы

Болсын мейлі ол бір елдің данасы

Мәңгілікке қарыздар боп біреуге

Өтеді екен, ол – өзінің Анасы.



4.Бауырсақ шайнап жегізген

Жая десем жал беріп

Шекер десем бал беріп

Аялап мама емізген

Аяулы анам аман бол!



Алиби 5.Айтсаң болды тіл алам,

Әйбат мамам, ақ мамам

Сені көрсем қуанам

Сен керексің қайда да



Азамат 6.Жүре берсем қасыңда

Әйбат анам қуанам

Ботам деген дауысыңнан

Мен мәз болып оянам



Ерсин 7.Кір түсірмей жағама

Шашымды да тарайсың

Мектебіме барарда

Мейірлене қарайсың



8.Тау қопарып, тасты үгіп

Тұрғыздың сен не қала

Саған қандай жақсылық

Жасай алам мен ана!



9.Мамам менің ақ мамам,

Балын маған сақтаған,

Әнін маған сақтаған

Бәрін маған сақтаған.



10.Мамам менің ақ мамам

Гүлді маған баптаған

Жырды маған жаттаған

Мен ұйықтамай жатпаған.



11.Шалқып тасып әніміз

Жадырасын жанымыз.

Ана сені құттықтап

Әндетеміз бәріміз.



12.Өмірге – ана бұлақ, ана – пана,

Өмірді өркендетер ана ғана

Өсірген талай шешен, талай көсем

Талай ер, талай ақын, талай дана

Ана! Ол – біздің елге ардақты адам.





13.Ардақты анам, асылым

Теңдігіңді жырлаймын

Жырымның ең асылын

Мерекеңе сыйлаймын.



14.Келбетіңде ұлылық

Даладан кең пейілің

Ана деген – жылылық

Ана деген – мейірім

Ақыл құйған санама.

Күннен де артық расында

Күн алыста, ал анам,

Ылғи менің қасымда



15.Сағындым мамық қолыңды

Күтем сенің жолыңды

Сен үшін ана, өмірде

Қоюға бармын жанымды.



16.Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жаздым бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын.



















Ақ мамам

1.Ел жатқан жатпаған,

Мен деп тыным таппаған.

Бақыты үшін баланың

Аман – сау бол, ақ мамам.

Қайырмасы:

Күлімдеген көзіңнен

Күн мейірімі сезілген

Бұл жалғанда балаға

Жақын жан жоқ өзіңнен.



2.Мен деп кірпік қақпаған

Менсіз тағам татпаған

Бақыты үшін балаңның

Аман – сау жүр, ақ мамам.

Қайырмасы:



3.Қуат беріп құшағың

Қанат бітіп ұшамын

Естіртемін алып кеп,

Ел білмейтін құс әнін.

Қайыр































ЖИ арқылы жасау
17 Қаңтар 2019
1337
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі