«Аяулы
анашым»
атты
ертеңгілігі

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, әжелер,
әпкелер! 8 наурыз мерекесі құтты болсын! Жан жадыратар қуаныштарың
мол болсын! Асыл армандарыңыз орындалып, денсаулықтарыңыз мықты
болсын!
Той тойлап дала менен
қалаларын,
Мерекең құтты болсын
аналарым.
Қаракөз қыз, абзал ана
мерекесін,
Құттықтауға келіп тұр
балаларың!
»
Кіру: Вальс «Ертегілер
елдінде»
Ән: «Көктем
келді»
Жүргізуші:Құрметті
аналар!
Әжелер!
Апалар!
Қарындастар!
Сіздерді
мерекелеріңізбен
Бәрі:
Құттықтаймыз!
Жүргізуші: Қандай өнегелі балаларсыңдар!
Қане, жайғасып отыра қойыңдар! Көктемнің алғашқы мерекесі-Аналар
күні. Сіздер аналарыңды бұл күні қалай
қуантасыңдар?
Балалар:-Үй
жинаймыз.
-Тентек
болмаймыз.
-Ыдыс
жуамыз.
-Еден
сыпырамыз.
Жүргізуші: Ән сал десе, сал
әнді,
Жігіт боп өс
жарамды.
Қуантқайсың
әрқашан,
Әжең менен
анаңды.
Хор: «Анашым ана
жаным»
Жүргізуші: Қызғалдақтай жайнап
өскен
Біздің топтың
ұл-қызы
Әнші де бар, биші де
бар,
Шет-шетінен
өнерлі.
Бүгін міне, мереке
деп
Нұрланғандай
көңілі
Аналарын
құттықтауға
Бүгін бірге
келеді.
Би: Зонтик пен
би
Көктем
кіру: Сәлеметсіздер ме қонақтар,
балалар!
Мен көңілді
көктеммін.
Былтыр келіп
кеткенмін.
Нұр боп көктен
төгілем.
Шуағым төгіп
әлемге
Қуатын күннің
әкелем
Табиғаттың
төсіне,
Тіршілігін
әперем.
Ойын: Гүл
құрастыру
Тақпақтар
Сұлтан
Аппақ мамам ақ
мамам
Ақ мамам деп
мақтанам
Түн ұйқыңды төрт
бөліп
Бөпешім деп
жатпаған
Айтөре
Ақ сүт берген
балаңа
Күш- жігерін
жұмсаған
Бұл өмірде жан
ана
Тең келеді кім
саған
Адия
Жарқын жүзді жан
анам
Сендей болсын бар
адам
Сендей болса бар
адам
Шаттық кетпес
баладан
Рауан
Әр сөзімді
жаттаған
Жүрегімде
мақтаған
Анашым деп
мақтанам
Айналайын ақ
анам
Жүргізуші: Қош келіпсіз ақ жаулықты
аналар!
Жүздеріңнен мейірім мен нұр
тамар.
Алдарыңда жауқазындай
құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты
балалар.
«Қиялшылдар» тобының ұлдары
қыздарымызға, аналарына, әжелеріне арнап би билеп
береді.
Би «Малинки»
қыздар
Жүргізуші: Көктем, көктем,
көктемде,
Құстар келіп
жеткенде.
Қуанып біз
қаламыз,
Әнмен қарсы
аламыз.
Сегізінші наурыз
келді
Шаттық сезім ала
келді,
Қуанышты күнде
енді
Құттықтаймыз
сіздерді.
Тақпақтар
Бөкейхан
Жасыл көктем
келеді
Самал беттен
өбеді
Көкте бұлттар
көбейсе
Мөлдір тамшы
төгеді
Бекарыс
Наурыз келді
еліме
Наурыз келді
жеріме
Байлық бақыт
тілеймін
Бүкіл қазақ
еліне
Салих
Көктем күні
керемет
Жаңбыр жауар
себелеп
Күн ашылса
болғаны
Көлбеңдейді
көбелек
Айару
Көктем келді
құлпырып
Арықтардан су
ақты
Мал төлдеді
мыңғырып
Бәйшешектер гүл
ашты
Сафия
Бүршік жарып
ағаштар
Құстар ұя
салады
Сылдырлаған
бұлақтар
Ағып бара
жатады
Амина
Жан- жануар
оянып
Бақта бұлбұл
сайрайды
Жасылға талдар
боянып
Егінші кетпен
сайлады
Алинұр
Құстар келіп
көктемде
Ағаштар да
гүлдеді
Қырдан теріп
қызғалдақ
Апам үйге
әкелді
Жүргізуші: Балалар, сендер аналарынмен
ойын ойнағанды ұнатасыңдар ма? Олай болса ойын
ойнаймызба?
Балалар: Ия,
ойнаймыз.
Ойын: «Шаштараз»
Жүргізуші: Жүргізуші: Аналарды
сүйеміз
Ақылын ойға
түйеміз
Әжені де
ардақтап
Әдеппен бас
иеміз.
Біздің балаларымыздың да
сүйікті әжелері бар, қазір олар әжелеріне арнап тақпақтарын сыйға
тартады.
Ән:
«Әжетайым»
Тақпақтар
Нұрай
Әжем менің ақ
әжем
Ақыл беріп
үйреткен
Аппақ әжем пәк
әжем
Мейіріммен
тербеткен
Айеркем
Менің әжем, бұл
әже
Айтқан сөзі дәл
әжем
Аман болса
көреді
Қызығымды әлі
әже
Б.
Ерасыл
Аман болсын
басыңыз
Ағармасын
шашыңыз
Шөбере сүйіп әлі
де
Жүзге жетсін
жасыңыз
Жүргізуші: Біздің балаларымыз
жан-жақты,
Би: парный
шуточный
Тақпақтар
Дана
Ана шуақ ұрпағымен
жағылған
Өз анасын бар періште
сағынған
Құдіретін сезінгендер бас
иіп
Ана деген үш әріпке
бағынған
Асылхан
Анам кетсе
жұмысқа
Анашымды
сағынам
Құлағына
сыбырлап
Анама арнап ән
салам
ӘН: «Мамочка любимоя моя
»
Жүргізуші: Аналардың мерекесі құтты
болсын,
Басыңа баршаңыздың бақыт
қонсын.
Көмкеріп ән, жырымен осы
кеште
Жүзіңіз қуаныш пен күйге
толсын.
Тақпақтар
Айлин
Мәпелеп мені
өсірген
Ризамын мен
өзіңе
Ана деген
керемет
Сыйлап өтем
өмірде
Нурила
Бәріңізде
анасың
Біз үшін күн боп
жанасың
Құтты болсын
мейрамың
Құттықтаймын
анашым
Сабирхан
Арсен
Ақ әжемді
әрқашан
Сыйлап жақсы
көремін
Қуантайын деп
оны
Өлең айтып
беремін
Би: «Аспазшылар»
Камила
Шашымды өріп
тараған
Қабағыма
қараған
Үлкен кіші
демейді
Сыйлайды оны бар
адам
Бауыржан
Анам, анам ақ
анам
Мен өзіңдей ақ
балаң
Айтқан тілді
аламын
Жұмсағанға
барамын
Серік
Арсен
Құтты болсын ақ
анам
Сегізінші
Наурызың
Қасымда бол
әрқашан
Жансын жарық
жұлдызың
Тілейді бақыт бір
саған
Әлпештеген
ұл-қызың
Аян
Ана біздің
күніміз
Ана біздің
гүліміз
Аналардан
тарайды
Біздің ана
тіліміз
Айша
Бесіктерін
әнімен
Тербетуде
аналар
Жасай берсін
сәнімен
Жер бетінде
аналар
Би:
«Қазақша»
Жүргізуші: Балалар, өмірде жақсы
лебіздер, жақсы сөздер, құттықтаулар айтқанды жақсы көремізбе? Олай
болса барлығымыз шеңбер құрып, әдемі гүл арқылы жүрекке жылы
лебіздерімізді айтайық.
Тренинг: «Гүл
шоғы»
Жүзіңізден күлкі
кетпесін!
Мерекеңіз құтты
болсын!
Ешқашан
ауырмаңыз!
Анашымды
сыйлаймын!
Мен анамды
сүйемін!
Әжемді жақсы
көремін!
Анашымды ешқашан
ренжітпеймін!
Әжеме әрдайым
көмектесемін!
Анашымды жақсы
көремін!
Денсаулығыныз мықты
болсын!
Анамды
сүйемін!
Анашымды
құрметтеймін!
Әжемді
қуантамын!
Анашымды
мәпелеймін!
Жүргізуші: Осы күнді бар
бала
Тағатсыз-ақ
күткенді,
Сыйлықтарын
сіздерге
Сыйлайтұғын сәт
келді.
Ал енді балалар аналарымызға
арнаған сыйлықтарымызды табыс
етейік.
Жүргізуші: Аналар, қалқып бақыт
аралында,
Лайым мұң қонбасын
жанарыңа.
Осымен ертеңгілігімізді
аяқтайық.
Гүл бітсін бәріңіздің
қадамыңа.
Осымен бүгінгі ертеңгілігіміз
аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. 8-наурыз
Халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын!
-
Кіру
Вальс
-
Ән: «Көктем
келді»
-
Ән: «Анашым ана
жаным»
-
Би:
«Зонтик»
-
Көктем
кіреді
-
Ойын: «Гүл
құрастыру»
-
Тақпақтар
-
Би:
Малинки
-
Тақпақтар
-
Ойын:
«Шаштараз»
-
Ән:
«Әжетайым»
-
Тақпақтар
-
Би: Парный
шуточный
-
Тақпақтар
-
Ән: «Мамочка любимая моя
»
-
Тақпақтар
-
Би:
«Аспазшылар»
-
Тақпақтар
-
Би:
«Қазақша»
-
Шеңберге тұру мамаларына гүл
сыйлайды