400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

8 наурыз сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Сыйынар ем ана деген тәңірге!» Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу. Жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Ана – өмірдің гүлі, ана – көңілдің жыры, ана – әр отбасының алтын дінгегі. Бүгінгі Аққу тобының «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Ендеше, ортаға Аққу тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарақия аудандық әкімдігінің «Еркемай» балабақшасы

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны




Бекітемін:____________Темірова Н.



Тақырыбы:

« Аяулы анашым»











Орындаған: Турахова.А






Тақырыбы: «Сыйынар ем ана деген тәңірге!»
Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.



Жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Ана – өмірдің гүлі, ана – көңілдің жыры, ана – әр отбасының алтын дінгегі. Бүгінгі Аққу тобының «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Ендеше, ортаға Аққу тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық.


(Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенмен қолдарына жүрекше шар ұстап кіреді.)


Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті, жан аналар!


-дей отырып, алғашқы құттықтау сөз кезегін «Еркемай» балабақшасының меңгерушісі Изжанова Мөлдір Ғабидоллақызына береміз.

Жүргізуші:Той пердесін ашайық, 
Тойға шашу шашайық. 
Аналарды құрметтеп, 
Ән маржанын шашайық.


  • Бүлдіршіндеріміздің орындауында Ән: «Ақ мамам»

Жүргізуші: балаларымыздың аналарына арнаған жылы лебіздерін тыңдайық!

Ердәулет:

Анам болса қасымда
Басқа бақыт не керек.
Анашымның жүрегі,
Мейірімді ғой керемет

Нұрзия:
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймын мерекеңмен,
Құрметті Аналар!

Е.Гауһар:
Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі.

Қуаныш:
Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түземіз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.

Жетібай:
Бәрімізге анамыз
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мерекең
Құттықтаймын анашым!


Есік қағылып көк көйлек киген Ару көктем кіріп келеді.

Ару көктем:
Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтын,
Түбіне тал екенмін.
Гүл боп қырда егілем,
Дән боп жерге себілем.
Жаңбыр болып жауам да,
Нұр боп көктен төгілем.
Шуағын төгіп әлемге.
Жылуын күннің әкелем.
Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын.

Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы аналар, ұстаздар!

Жүргізуші: Амансың ба, Ару көктем? Ұлан - байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төгебер.

Жүргізуші: Ал, Ару көктем біздің балаларымыздың өзіңе арналған өнерлерін қабыл ал. Аққу тобының ару қыздарын қазақша биімен қарсы алайық!


Би: «Қазақша»


-Ендігі кезекті бүлдіршіндеріміздің дайындаған тақпақтарына берейік.


Әдемі: О, Алақай балалар
Шақырады далалар
Көктем келді гүл алып
Құстар келді жыр алып.

Жаңылсын: Келді көктем күнің,
Күлімдейді гүлің -
Алтын ойлы Анам,
Мерекеңіз бүгін!

Серік: Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір - бірден
Аналарға сыйлаймыз.



-Биші қыздарымыз Нұрзия мен Гауһардың орындауында Аққу биі.

Би: «Аққу»


Қонаққа Сайқымазақ келеді. Балалармен ойын ойнайды.

-Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - дей отырып келесі әнімізге кезек береміз.

Ән: « Сағындым Әже»



Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Балалар шын жүректен тебіреніп,

Жырларын аналарға бағыштайды.

  • Олай болса, келесі кезекті балаларымыздың ана туралы өлең шумақтарына берейік.

    Д.Гауһар:
    Көктем келді жадырап
    Күн нұрымен таласып,
    Жайнай берші жарқырап
    Жаны жайсаң аналар!


Шұғыла:
Апатайым анашым
Ақылы мол данасың
Қамқоршысы баланың
Гүлі сенсің әр үйдің.

Алмұрат:
Анам менің анашым
Сені жақсы көремін
Мерекемен бүгінгі
Құттықтаймын мен сізді.

Әбдірахымбек:
Құтты болсын анашым
Құтты болсын мерекең
Әр кез саған тілеймін
Ұзақ өмір жолдарын



Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда Аққу тобының ұлдарының орындауындағы биінтамашалайық!
Ұлдар биі.

-Келесі өлең шумақтарына кезек берейік.

Ұлжан:

Бізді өсірген анашым
Еңбегіңіз зор екен
Құтты болсын Анашым
Құтты болсын мерекең!

Медина:
Жанымызды жайнатқан
Өзіңіз ғой аналар
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар.

Нұржайнат:
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Аналарды құттықтап
Жырдан шашу арнаймыз.


Ата-аналармен ойын.

(Ойын ойнатылады)


-Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл күйлер.
Алдарыңызда қазіргі өзбек биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте «Өзбек биі»


-Аққу тобының ұлдарының қыздарымызға, аналарына арнаған ән шашуын қарсы алыңыздар!

Ұлдар ән айдаты.


-Келесі кезекті биге береміз.

Аналармен би

(Балалар аналарымен би билейді)


Ана деген – бастауы ұлылықтың.
Ана деген - рәмізі сұлулықтың.
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.

-Дегендей келесі ән шашуымызға кезек береміз.

Ән: «Аяулы анашым»


Жүргізуші:

Аналар, қалқып бақыт аралында, 
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық 
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Сыйынар ем ана деген тәңірге!»атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді «Аққу» тобының бүлдіршіндері атынан шын жүректен құттықтаймыз. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14 мамыр
971
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі