Материалдар / 8 наурыз сценарийі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

8 наурыз сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2018
567
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кіріспе сөз.

Адам бойындағы барлық жақсылық күннің нұрынан,ананың сүтінен таралған.Шыр етіп өмірге келген сәттен бастап,бар шуағы мен мейірімін тек біздерге арнап,жүрегінің дүрсілі тек бала деп соғады.Оның айналайын деген сөзінің өзі күллі әлемнің ыстық шуағын сепкендей әсер қалдырады.Ана туралы қанай жыр,дастан жазсақ та оның шегі жоқ.Ананың балаға деген сүйіспеншілігін айтуда ешқандай сөз жетпейді.Олай болса, бүгінгі ертеңгілігіміздің жүргізушілері Ораз бен Әділді ортаға шақырайық.



  1. Ораз:Ана барлық қиындықты жеңетін,сарқылмайтын күш,тіршіліктің тоқтамас бұлағы.Ана үшін ең бірінші орында өз баласының бақыты тұрады.Ендеше құрметті әжелер мен аналар! Сіздерді 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтап,өмірлеріңізге сәттілік тілейміз.Сіздерге арналған «Мерекеңмен анашым» атты мерекелік сәлемімізді жолдаймыз.


  1. Әділ: Ана сөзі әрбір халықтың тілінде бар.Барлық тілде де бұл қасиетті сөз нәзік,жылы естіледі.




  1. Ораз: Аналар мерекесінің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей,өйткені көктем секілді аналар да адамзатқа өмір,жылылық сыйлайды емес пе?



Әділ: Ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түпкірінде,әр үйінде мейірім мен қуаныштың,достық пен туыстықтың туын тіккен адам.


Ораз: Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер дей келе
Келесі кезекті біздің сыныбымыздің ерке қыздары Ақтілек пен Аружанға берелік.
Ән «Мереке»


Әділ: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы.Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді.

Ораз: Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.

1-оқушы:Ана десем,теңіз болам шалқыған,

Ана десем,алғыс алам халқымнан.

Ана десем ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғамын.


2-оқушы:Аналардың ақ сүтінен нәр алған,

Аналардың үмітінен жаралған.

Сәби едік,енді міне,ер жеттік,

Жүректерде биік мақсат,көп арман.



3-оқушы:Ардақты ана,аяулы ана,қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін ерді ақ сүтің

Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.



4-оқушы:Ана десем,шешек атып жанары,

Өмірімнің бастау алар жаңа әні.

Ана деген тіршілікте пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.


5-оқушы: О,анашым,

Таянышым,тірегім,

Бар бақытты бір басыңа тіледім!

Мені жақсы болса екен деп қашан да,

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.


Ән: «Астана» Орындайтындар : Төлеби, Ерсұлтан, , Мирас, Әділ



Ораз: Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер

Әділ:

«Меккеге 3 рет арқалап апарсаң да анаңның ақ сүтін өтей алмаймыз» деген екен дана халқымыз.Ананың аман жүруі бала үшін бақыт.


Ән «Гүлдерайым» Орындайтындар: Эльмира мен Анель


Ораз: Мына Сөзжұмбақты шешу кезегін аналарымызға берейік :

Сұрақтары:

1.Ең ардақты есім?

2.Қазақ әйелінің баскиімі?

3.Музыкалық аспап?

4.Абайдың анасы?

5.Зергерлік бұйым?

6.Мұсылман халқының тұрмыстық мейрамы?

7.Тойда не шашылады?








А

н

а













С

ә

у

к

е

л

е

д

о

м

б

Ы

р

а












ұ

Л

ж

а

Н











А

л

қ

а











Н

а

у

р

ы

з





ш

А

ш

у



















Ән: «Жақсы көрем» Орындайтындар: Нұржас, Нұрым, Төлеби


Әділ: Ана осы бір жалғыз ауыз сөзде талай сыр, талай терең мағына жатыр. Ананың балаға деген шексіз махаббаты, адамдарға деген мейірімі, ақ тілегі сәби үшін қаншама қиындықты төтеп беретін төзімділікті бәрі тек сөзге сыйып тұрғандай

Ораз: Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:
-Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды. 
Сонда пайғамбар:
-Анаң бар ма? -деп сұрайды.
-Бар,-дейді әлгі адам.
-Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар. Олай болса балалардың аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.
6-оқушы:Туғаннан «құлыным» деп аймалаған,

Өзіңдей қамқор адам қайда маған.

Дүние аналармен көрікті ғой,

Анасыз бұлбұл құс та сайрамаған.


7-оқушы:Менің әжем,бұл әжем,

Айтқан сөзі дәл әжем.

Аман болса көреді,

Қызығымды әлі әжем.



8-оқушы:Аяладың,мәпеледің жасымнан,

Мен де сенің табылушы ем қасыңнан.

Қуаныш қып менің өскен бойымды,

Естен кетпес сипатының басымнан.



9-оқушы:Еркелеп,күліп есіп тау самалы,

Әлемге жаңалықты жар салады.

Мен келдім деп сызылып ару –көктем,

Гүлдердің қауызынан ән салады.


10-оқушы:

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде,

Ақ сүтіңді ақтап өту – арманым!


Әділ:

Келесі әніміз тағы да сіздерге арналады, құрметті аналар!


Ән: «Көктем келді» Орындайтындар: Әсем мен Дамира


Ораз: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда флешмоб биі


Флешмоб:

Әділ:

- Менің таң қалатыным, анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып үлгереді ғой.

Ораз:

- Иә, мен мектептен келсем, тамағым да дайын, үй де жинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен?

Әділ:

- Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді, сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі.


Ораз: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.
Әділ: Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.
Ораз: Хадис: Мұхаммед айтқан:
«Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.
Әділ: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар.


«Жаса, Қазақстан» Хор


Келесі кезекте Абай оқуларының І орын иегері Байгутдинова Гаухарға береміз.


Алға, Қазақстан Хор


Ораз:

Баланың да тірегі,ананың да тірегі,

Шаншымасын ешқашан,

Аналардың жүрегі, - дей келіп,сіздерге арналған мерекелік сәлеміміздің аяқтаймыз.

Балалар өздері жасаған сыйлықтарын аналарына тарту етеді.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!