|
Мәпелеп мені
өсірген
Ризамын мен
өзіңе.
Ана деген
керемет,
Сыйлап өтем
өмірде
|
Аялаған
анашым,
Мәпелеген
анашым.
Менің саған
тілегім
Қартаймашы анашым
|
Теңдесі жоқ
данасың
Арқа сүйер
панасың
Еңбегіңді
ақтаймын
Аман болшы
анашым
|
Менің әжем, бұл
әже
Айтқан сөзі дәл
әжем
Аман болса
көреді
Қызығымды әлі
әже
|
|
Бәріңіз де
анасың
Біз үшін күн боп
жансың
Құтты болсын
мейрамың
Құттықтаймын
анашым
|
Ақ сүт берген
балаңа
Күш - жігерін
жұмсаған
Бұл өмірде жан
ана
Тең
келеді кім саған
|
Еркелеттің
асырадың
Мойыныңа
асыламын
Аман болшы ардақты
анам
Мен әрқашан
қасыңдамын.
|
Аспандағы
айымсың
Бақытыма
балаған
Құтты болсын
мерекең
Айналайын жан
анам.
|
|
Ақ жаулықты
әжемді
Ай жүзіне
теңедім
Мейірімін
таусылмас
Күн
нұрына теңедім.
|
Менің әжем, гүл
әжем
Алтын әжем, күн
әжем
Анам үшін мен
үшін
Нағыз ана тілі
әжем
|
Құтты болсын ақ
анам
Сегізінші
науырызың!
Қасымда бол
әрқашан
Жансын жарық
жұлдызың,
Тілейді бақыт бір
саған
Әлпештеген ұл -
қызың.
|
Ана біздің
күніміз
Ана біздің
гүліміз
Аналардан
тарайды
Біздің ана
тіліміз.
|
|
Бесіктерін
әнімен
Тербетуде
аналар
Жасай берсін
сәнімен
Жер
бетінде аналар
|
Мен анамды
сүйемін,
Сөзің ойға
түйемін.
Анашымды
ардақтап,
Басымды оған
иемін
|
Мейірімді
жүрекпен,
Бөлісетін
бақытты.
Ақ ниетпен шын
тілек,
Ізгі істерді
жақұтты
|
Мәпелейсің мені
анам
Қолыңдағы
құсыңдай
Құлпыра өсіп дем
алам
Құшағыңда
қысылмай
|
|
Ардақты ана – аяулы ана
қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн
қаттың.
Өміріме нәрін бердің ақ сүттің,
Кең құшағың – аясындай гүл
бақтың
|
Мен
өзің мен қайда болсам да біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн
нұрындай – жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда
жүргенің.
|
Көктем келді жадырап, Күн нұрымен
таласып.
Жайнай берші жарқырап, Жаны жайсаң
анашым!
|
Көктем келді алақай!
Көктеп жатыр даламыз.
Біз
бақытты балақай,
Мәңгі жүрсе анамыз!
|
|
Көктем келді балалар!
Асыр салып ойнайық,
Түн
ұйқысын төрт бөлген,
Анамызды сыйлайық!
|
Көктем келді, балалар
Жердің беті жанарар
Ақ сүт беріп өсірген Аман болсын
аналар!
|
Менің анам аппақ, Кәмпит берсе
тәтті-ақ
Күні бойы тынбастан
Үйретеді тақпақ
|
Анашым, ақ таным
Ақ
сүтін ақтаймын
Жүректе атыңды
Тұмардай сақтаймын
Анашым жүрегім,
Өмірлік тірегім
Аман боп жүрші тек,
Алладан тіледім
|
|
Бар
мейірімділік анада
Ана
деген бір жанды
Мейірімділік ананың
Болмас еш бір адамда.
|
Ананы мен жақсы көремін,
Ана
шаттық, бақыт береді.
Анаменен барлық адам,
Бақытты болып жүреді.
|
Аналарды теңейміз ғой құндызға,
Күнге де, айға да, жұлдызға.
Өмір бақи анаменен
Бақытты ғой ұл-қыздар!!!
|
Әр
сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
айналайын ақ анам!
|
|
Біз
доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той
күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.
|
Ақ
мамамды әрқашан,
Сағынамын, сыйлаймын.
Мейрам сайын мен оған,
Түрлі сыйлық сыйлаймын.
|
Бізге қарап елжіреп, ...
Сүйсе беттен күнім деп,
Құшақ ашса келші деп,
Жүгіреміз күлімдеп.
|
Той
пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп,
Ән
маржанын ашайық.
|
|
Қандай қызық көктемде
Күн
шуағын төккенде,
Гүл
тереміз алуан
Шығып алып көк белге.
|
Еркелеткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін.
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді
Анамызға мың алғыс
Адал бол деп балдырған
Әділдікке баулыған
Жүрегінде мархабат
Анамызға мың алғыс
|
Бүгін Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың егізі.
Әдемі сөз анамның,
Анаға айтар лебізі.
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай
|
Жүре берсем қасымда
Әйбат анам әй анам
«Ботам» деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам.
|