«Ана-біздің
күніміз» ертеңгілігі
Мақсаты:
Балаларға
8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі
екенін ұғындыра отырып, аналарын ешқашан
ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан
құрметтей білуге, оларды тыңдай білуге
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
аналар мерекесіне байланысты суреттер,
шарлар, гүлдер
Өтілу
барысы.
Ана
дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана
дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана
деген бәйтерегі өмірдің,
Ана
деген алтын қазық алтын бақ.
Қош
келдіңіздер! Аяулы әжелер, аналар,
қызғалдақ қыздар, қадірлі тәрбиешілер!
Ана
өмірдің гүлі, көңілдің ажары, әр отбасының
алтын діңгегі. Бүгінгі «Ана-біздің
күніміз!» атты ертеңгілігіміз сіздерге
арналады.
«Көктем»
әуенімен жігіттер қыздарды іздеп кіреді.
Қайда,
қайда, қайда кетті,
Сұлулары
біздің топтың,
Бүгін
олар мың құбылып,
Қайда
кетті енді бәрі.
«Модница»
әніне қыздар билеп кіреді.
Жүргізуші:
-Балалар,
бүгін сендер қандай әдемі болып
кеткенсіңдер?
-
Бүгінгі мерекеге қонақтарымыз дакелген
екен, олар сендердің өнерлеріңді көруге
келді. Ал, сендер өнерлеріңді көрсетуге
дайынсыңдар ма?
-
Балалар,қазір қандай жыл мезгілі?
-
Көктем мезгілінде неше ай болады?
-
Атап айтып көрейікші...
1-бала.
Айя
Жасыл
көктем келеді
Самал
беттен өбеді
Көкте
бұлттар көбейсе
Мөлдір
тамшы төгеді
2-бала.
Ерсұлтан
Бақшаларға
гүл егіп,
Жемістерді
тереміз,
Дала
жасыл түске енсе,
Келді
көктем мезгілі.
Баланың
жылаған дауысы естіледі.
Мен
анамды мағындым,
Іздеп
келем әр маңнан.
Бірақ
оны көрмедім,
Жылап
тұрмын мен содан.
Мен
анамды тыңдамай,
Ойнап
кеттім далаға.
Алыстап
кетіп үйімнен,
Адасып
қалдым анамнан.
-Балалар,
Жайдарлым өз анасын таба алмай қалыпты.
Біз оған көмек көрсетеміз бе?
-
Иә.
-Олай
болса, біз адасқанда жол көрсететін не
еді?
-
Карта.
3-бала.
Артём
Елдері
мен қаласы,
Ойпаты
мен даласы.
Өзені
де ақпайтын,
Карта
деген мен болам.
-Карта,
онда сен бізге Жайдарлымның үйіне қалай
бару керектігін айтшы.
-Бірінші,
Гүлдер саябағы.
Екінші,
Көліктер көп жүретін жол.
Үшінші,
Шеберхана.
Төртінші,
Жайдарлымның үйі.
Жайдарлым
картаны қолына ұстап шығып кетеді.
Би.
«Гүлдер»
Жайдарлым:
4-бала.
Адина
Еркелесем
күнім дейтін
Ұрысқаны
білінбейтін
Маңдайымнан
искеп менің
Құлыншағым
күнім дейтін
5-бала.
Рания
Мен
анамды сүйемін,
Құшағына
енемін.
Мәпелеген
анамды,
Қуантсам
деп келемін.
6-бала.
Амина
Үн
қатасың бал тілмен,
Еркелеймін
әр күн мен.
Құттықтаймын
анашым,
8-Наурызбен!
7-бала.
Айзере
Бәрімізге
анасың,
Біз
үшін күн боп жанасың.
Құтты
болсын мейрамың,
Аман
сау бол, анашым!
8-бала.
Жансәуле
Әр
сөзіңді жаттаған,
Жүрегіңде
сақтаған,
Анашым
деп мақтанам.
Айналайын
ақ мамам
Адина:
Жайдарлым:
-Иә.
-Олай
болса, бізге ана туралы ән айтып берші
Ән.
«Ай дидарлы анашым»
Жайдарлым
« Гүлдер саябағынан» өтіп, көліктер
жүріп жатқан жолға шығады.
Би.
«Жүргізушілер»
Жайдарлым:
-Мен,
анмады іздеп жүрмін.
9-бала.
Адам
Мәпелейсің
мені анам
Қолыңдағы
құсындай
Құлпыра
өсіп дем алам.
құшағыңда
қысылмай.
10-бала.
Талапбек
Анамды
мен жақсы көрем
Айтқан
тілін алып жүрем
Қасымда
апам жүргенде
Шаттанып
ойнап күлем.
11-бала.
Бекарыс
Ана-біздің
күніміз,
Ана-біздің
гүліміз
Бізді
ана қуантып
Ұзақ
өмір сүріңіз.
12-бала.
Мадияр
Анашым,
анам!
Ризамын
саған,
Тіліңді
алам,
Ақылды
болам.
13-бала.
Рысбек
Сыйлаймын
мен әнімді,
Сізге
арнап жаттаған.
Мейрамыңыз
бүгінгі,
Құтты
болсын, ақ анам.
Адам:
Жайдарлым:
-Иә.
-
Олай болса, бізге ана туралы ағылшын
тілінде ән айтып берші.
Ән.
«I
love my mummy»
Жайдарлым
«Көліктер жүретін жолдан» өтіп,
шеберхананың жанына келеді.
Би.
«Шеберханашылар»
Жайдарлым:
-Мен,
анамды іздеп жүрмін.
14-бала.
Ильяс
Бөбегіңнің
сыйлығын,
Қабыл
алшы анашым.
Ұзақ
өмір жүз жасап
Ауырмашы
анашым.
15-бала.
Дамир
Жақсы
көрем күлкіңді,
Айналайын,
ақ анам.
Менің
анам сүйкімлі,
Бәрінен
де жақсы адам.
16-бала.
Нұрдәулет
Аналарды
сүйеміз
Сөзін
ойға түйеміз.
Әжені
де ардақтап,
Әдеппен
бас иеміз.
17-бала.
Нұртуған
Айтсаң
болды тіл алам,
Әйбат
мамам әй мамам.
Сені
көрсем қуанам,
Сен
керексің әрқашан.
Артём:
Жайдарлым:
Ән.
«Мама»
Жайдарлым
шеберананың жанынан өтіп, өзінің үйін
көреді.
-Анашым!
-Қызым!
Жүргізуші:
-Көрдіңдер
ме балалар! Анасының айтқанын тыңдамаған,
Жайдарлым анасынан адасып кетіп, оны
иабу үшін көп қиындықтан өтті. Осындай
оқиғаға тап болмау үшін, әрдайым анамыздың
айтқанын тыңдап жүруіміз керек.
Ән.
«Ата-ананы тыңдаймыз»
Тосын
сый.
Сен
дархансың, сен жомартсың, данасың-дей
келе «Балауса» тобының балаларын қолдан
жасаған кішкене ғана сыйлығын қабыл
алыңыздар!
Тосын
сыйда жасырынған шартттарды орындайды.
Жүргізуші:
Тарқалмасын
қызықтың шағы қызған
Жана
берсін бақ артып бағыңыздан
Құрметпен
ұсындық сізге сөзді
Ақтарылып
көріңіз ағыңыздан дей келе
Салтанатты
жиынды жауып беру үшін сөз кезегі
беріледі.
Келіп
тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!
Енді балалардың сіздерге арнап жасаған
сыйлықтарын қабыл алыңыздар!