400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 20 материал табылды

8-наурызға арналған ертеңгілік "Аяулы анашым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілерге арналған әдістеме.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дидар: Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын ашайық.

Альмира: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап,

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық, алтын бақ. (балалар аналарына сыйлық береді)

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қымбатты, сүйікті аналар, әжелер, бүгін көктемнің алғашқы мерекесі. 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз.

Диляра:

Анам менің сүйіктім

Тек өзіңе табынам.

Қасымда жүрсең биікпін,

Алыстасаң сағынам.

Мирас:

Анаң болса қасында

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет.

А.Дильназ:

Мен анамды сүйемін,

Құшағына енемін.

Мәпелеген анамды,

Қуантсам деп келемін.

Ибрагим:

Мәпелейді, әлдилейді, бағады.

«Құлыным» деп құшағына алады

Өзгеге де, өзіне де жауапты

Барлығына қалай уақыт табады?!

Адия:

Айналайын анашым

Аялайсың, бағасын

Сен үшін балалармен

Ән шырқайық бәріміз


Ән: «Көктем ару»

Би « Испан биі»

Мейрам:Жарқын жүзді жан анам,

Сендей болсын бар адам.

Сендей болса бар адам,

Шаттық кетпес баладан.

Нұрали: Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.



Сұлтан:Гүлдей болсын өміріңіз,

Нұрға толсын көңіліңіз.

Биік боп жұлдызыңыз

Көктемдей құлпырыңыз.

Саяжан: Еркелеймін шаттанам,

Жарқын күлкін бақ маған.

Ақ бетіңнен сүйемін,

Келші, келші ақ мамам.

Көркем: Келді көктем күннің,

Күлімдейді гүлің – Алтын ойлы Анам,

Мерекеңіз бүгін! 
Мөлдір:Қадірлі анашым,

Аялар баласын.

Төрт бөлген ұйқысын,

Жас сәби бала үшін.


Би: «Гүлдер»


Жүргізуші: Қариясы бар үйдің, қазынасы деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтаймыз


Бір бала ортаға шығады - Алло, әже? Мерекеңізбен құттықтаймын. Айтатын әнім, беретін гүлім бар.

Ақерке:

Әжетай, сені жақсы көремін - деп.

Ақырын құлағына сыбырлаймын.

Жақсы көреді әжелерін,

Ойыншықтар да әпереді

Балабақшаға да әкеледі,

Жақсы қандай әжелері.

Алдияр: Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам, 
Жас балаша күледі. 

Е.Дильназ:Мені жақсы көреді

Күндей күліп келеді

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді.

С.Дильназ: Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді 
Сыйлайды оны бар адам

Зарина: Әжем менің жасымнан,

Тастамайды қасынан.

Аялады, өсірді.

Сипаушы еді басымнан.

Гүлдана:Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамымен құттықтаймын



Ән « Апатайым »



Көрініс «Үш ана» Ортаға стол және үш орындық қояды.Бір орындықтың шетін ала стол астында қуыршақ жатыр. Әйгерім – қыздың киімін киген бүлдіршін, Анасы – қызметкер ана көрінісімен киінген қыз


Жүргізуші: Ойыннан келген Әйгерім Қуыршағын іздейді.

Столдың астынан тапты да, Хәл сұрауды көздеді.

Дильназ: Қызым, менің қалайсың

Томсырайып қарайсың.

Қарның ашып отырмай,

Тамақ ішсең жарайсың.

Егер тамақ ішпесең

Қу сүйек боп қаласың.

Отыр қане қасыма,

Тамақтанып аласың (Қуыршағын алдына алып отырады)

Жүргізуші: Әйгерімнің осы сәт,

Анасы үйге кіреді.

Тағат таппай қызының

Қалын сұрап біледі

Анасы: Әйгерімжан, бүгін сен,

Тамақ ішіп көрдің бе?

Қызықтап әлде ойынды,

Кешке дейін жүрдің бе?

Күнде саған ұмытпай,

Тамағыңды іш деймін.

Тіл алмайсың қырсығып,

Осы сені не істеймін (отырады)

Жүргізуші: Анасының артынан,

Аптығып әже кіреді.

Ол – дағы өз қызының

Қалын сұрап біледі.

Әжесі: Айналайын, алтыным

Шаршадың ба, жарқыным.

Ішпедің – ау тамақ та,

Жайын ойлап жалпының.

Қарашығым, қарағым,

Түсіңкі ғой қабағың.

Сөткемен тұрып жұмыста

Болмай қалды – ау тамағын (отырады)








Жүргізуші: Аналардың елжіреп,

Ет бауыры барады.

Әрқайсысы сұқтанып,

Өз қызына қарады.

Бәрі – үш ана:

Қандай қиын, қараңдаршы,

Қырсық мінез бала болу.

Бәрінен де оңай емес,

Білсеңіздер ана болу!


Ойын: « Гүл сыйлау »

« Күлше қыз »


Би: « Орыс биі»


Жүргізуші:
Осымен біздің мерекеміз аяқталды.
Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!! Сауболыңыздар!



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
588
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі