8 наурызға арналған ертеңгілік сценарийі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

8 наурызға арналған ертеңгілік сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Алдар көсе мултфильм желісімен жазылған 8 наурызға арналған сценарий. 5 жастағы балаларға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алдар көсе мен байдың аналарына сыйлық сыйлау хикаясы

Болашақ тобының 8 наурызға арналған сценарийі



Мақсаты: балаларды адал болуға, достыққа баулу; жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу; анаға деген құрметті арттыру; халық ауыз әдебиетінің кейіпкерлерімен балаларды таныстыру.

Барысы: Көңілді қазақша әуенмен балалар билеп шығады.

Дінзухра: Анам менің-өмірдегі тірегім

Анам менің-кеудемдегі жүрегім

Егер менің қасымда сен болмасаң

Бұл өмірде қалай ғана жүремін.


Айзере: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген -бәйтерегі өмірдің

Ана деген- алтын қазық, алтын бақ


Ән ____________Көктем_________________


Дариана: Жиылған барлық қауымның

Арайлап атсын ертеңі

Баяғы бір заманда деп

Басталсын біздің ертегі

Фонда музыка ойнап тұрады, жүргізуші орнына қайтып, ортаға бай жалшыларымен шығады.


Бай ( Димаш ) : Көктем келді, келіп жетті мереке

Саудагерлерді жинайын

Сатып алып ең қымбатын сыйлықтың

Анашыма сыйлайын

Ей халайық, халайық

Қане базарға барайық


Фонда музыка ойнайды. Бай сахнадан шығады. Осы кезде ортаға Алдар көсенің әнімен Алдар көсе келеді.


Алдар көсе: Мереке қалды жақындап

Жиналып базарға барайын

Асықпай жүріп анама

Орамал сатып алайын


Алдар көсенің әнімен сахнадан шығады. Ортада базардың көрінісі. Бай базарды аралап жүреді. Саудагерлер сататын заттарын ұсынады


  1. Саудагер (Батыр): Байеке тоннан алыңыз жағалы

Сый осы ең қымбат бағалы

  1. Саудагер (Раяна): Әшекей бұйым алыңыз

Разы болады анаңыз бен жарыңыз

  1. Саудагер (Болатбек): Орамал тон болмайды жол болады

Алыңыз несібесі мол болады

  1. Саудагер (Сұлтан): Жасалған ағаштан, қыштан

Байеке алыңыз ыдыстан


Музыка ойнайды. Осы кезде ортаға Алдар көсенің әнімен Алдар көсе келеді.



Алдар көсе: Аманбысыз байеке

Сау жүрмісіз бармысыз!

Келіп қалды мереке

Анаңызға сыйлауға

Қандай сыйлық алдыңыз?


Бай: Саудагерлер базарда

Қызу сауда бастапты

Бәрі бар менің анамда

Не алам деп бас қатты


Алдар көсе: Саспаңыз еш бай екем

Көмектесем мен сізге

Анықтап бәрін қараңыз

Жақсыға лайық анаңыз

Ең қымбатын аламыз


Ойын

Ортада музыка қосылады. Балалар жұп болып шығады. Алдар көсе баланың біреуіне сурет көрсетеді, ол бала екінші балаға ыммен не екенін жеткізеді, екінші бала сол затты табу керек. Тонның суреті шыққанда

Алдар көсе: Ең қымбаты сыйлықтың

Мына тұрған тон екен

Көрсетпей бұны сараңға

Анама сыйласам жөн екен

Алдар тақпағын айтып, суретті артқы қалтасына тығып қояды. Ойынды ары жалғастырады. Ойынға 4жұп қатысады

Байдың жалшысы: құлақ аспаймыз өзгеге

Ақылдымыз, естіміз

Таңдадыңыз қайсысын

Байекем не шештіңіз


Бай: Ойланып тұрмын әлі де

Бәрі де қымбат бағалы

Қуанар қатты анашым

Құндыз тонға жағалы

Нөкер саудагердің ақысын төлеп, тонда алғаны сол еді, Алдар айлаға басып

Алдар көсе: Байеке тонды қайтесің

Келіп жетті көктем де

Тонды қыста кимей ме

Қыс қалды ғой өткенде


Бай: Қайдам көктем келгенін

Қар жатыр гой далада

Тон әперсем болмай ма

Сонда туған анама? Дейді ашуланып


Алдар көсе: Терезеден жылынып

Сығалап күн тұр әне де

Жылыда тонды қайтесің

Қыста аларсың әлі де

Тонды киіп терлеп бір

Ыстықтайды анашың

Қуантам деп жүргенде

Ауыртып ақ аласың

Жүр көрсетем көктемді

Ойланып сосын қарарсың

Алдар байды жетектеп шетке шығып кетеді.

Би «Көктем»


Бай мен Алдар ортаға шығады.


Бай: Қандай ақыл айтасың

Не сыйлайын анама

Қандай сыйлық ұнаттың

Базарда сен бағана


Алдар көсе : Бағана көргем бір имам

Сөзіме байеке сен илан

Бір жаулығын анама

Сыйла деп маған қиған

Ауырмасын деп ешқашан

Зәм-зәм сумен шайыпты

Оны таққан анасы

Күннен -күнге байыпты

Соны саған сыйлайын

Менің анамнан бұрын

Сенің анаң лайықты

Бай: Имам көрдім де бағана

Байлық расмен жауа ма

Берсең әкел тезірек

Сыйлайын барып анама

Музыка әуенімен бай залдан шығып кетеді.


Алдар көсе : Айлама менің алданған

Мына байың жарады- ай

Байлыққа басы байланған

Түк білмеген сараң -ай

Тонды сыйлайын анама

Ештенеге қарамай

Алдар залдан шығады. Ортаға домбырашылар шығады.

Домбыра


Балалар бір қатарға тұрады. Қатардың алдына Алдар мен анасы шығады.


Алдар көсе : Бар жақсыға лайықты

Алдар көсенің анасы

Тон сыйлайын мен саған

Жараса кетті қарашы


Алдардың анасы: Алғысым шексіз құлыным

Анасын сыйлаған балаға

Жүрсең өзің аман сау

Сыйлық сол ғой анаға


Ән «Ана»


Бахыт Раяна: Ана гой біздің барымыз

Аналардың жаны- біз

Сыйлайық сыйлық мамаға

Болашақ тобы бәріміз

Аяқталды ертегі

Раазы болыңыз бәріңіз

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.03.2025
141
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі