400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

8-наурызға сценарий Аяулы анашым

Материал туралы қысқаша түсінік
8-наурызға сценарий кіші топ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Shape1













Мақсаты: Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Залға әсем әуенмен балалардың қолында ойыншық май шаммен алақандарына салып жағып кіреді.(жарық өшіп тұрады.)

Қош келдіңіздер! Аяулы әжелер, аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі тәрбиешілер!Ендеше бүгінгі құттықтау сөз кезегін: №23 бөбекжайымыздың меңгерушісі: Байболова Жадыра Төлегенқызына беріледі.

Жүргізуші:

Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі «Аяулы анашым» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.


Құлагер кіші тобының орындауында:

Ән:“Ана деп ән салам


Жүргізуші:

Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз.
Балаларды қуантып.
Ұзақ өмір сүріңіз.
дей отыра кезекті бүлдіршіндеріміздің тақпағына берейік.


Мәпелейсің мені анам

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағыңда қысылмай. Айназ


Менің әжем, ақ әжем

Айтқан сөзі дәл әжем

Аман болса көреді

Қызығымды әлі әжем Шахназ


Ақ сүт берген балаңа

Күш - жігерін жұмсаған

Бұл өмірде жан ана

Тең келеді кім саған Хакімбек






Теңдесі жоқ данасың

Арқа сүйер панасың

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы анашым Нұр -Айым


Аспандағы айымсың

Бақытыма балаған

Құтты болсын мерекең

Айналайын жан анам.Адина


Ақ жаулықты әжемді

Ай жүзіне теңедім

Мейірімін таусылмас

Күн нұрына теңедім. Айнур


Аялаған анашым,

Мәпелеген анашым.

Менің саған тілегім

Қартаймашы анашым Абду- Рахман


Жүргізуші:

Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар жанары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады

«Құлагер» кіші тобы қыздарының

Конфетки биін тамашалаңыздар!

Жүргізуші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге көктемді шақырайық.

Музыка әуенімен залға (Көктем) кіреді.

Көктем: Салеметсіңдер ме балалар! Мерекелеріңіз құтты болсын аяулы аналар!

Құстар әнін ала келдім.

Жерге кілем жаба келдім.

Жан бітіріп табиғатқа,

Гүлдерімді ала келдім.


Сәлеметсіңдерме Балалар!Сіздер қандай мереке тойлап жатырсыңдар?

Мен сендерге қызықты әдемі ойыннымды ала келдім!

Сендер менімен бірге ойнағыларың келе ме?

Балалар иә ойнағымыз келеді.

Ойын: «Гүлдерді тер» 


Би: «Аппақ Гүлдер»


Бізді өсірген аналар

Еңбегіңіз зор екен

Құтты болсын анашым

Құтты болсын мерекең. Амина


Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден

Аналарға сыйлаймыз. Асылым







Ақ қабақты анашым

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым. Ақбота


Жарқын жузді жан анам

сендей болсын бар адам

сендей болса бар адам

шаттык кетпес баладан Азиз


Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған,

Анашым деп мақтанам,

айналайын ақ анам! Әміре


Жүргізуші:

Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек.
Аналардың жүрегі.
Мейірімдіғой керемет.


Құлагер кіші тобының джентльмендері бар екен!

Қане кей ендеше кезекті

«Джентльмендер биін» тамашалайық!


Көктем: Балалар менің кететін уақытым болды. Мен сендермен қоштаспаймын. Әлі де мен сендермен бірге боламын. Сендер мені далаға серуенге шыққанда көретін боласыңдар. Көріскенше сау болыңдар балалар. Музыка ойналып, Көктем залдан шығып кетеді.


Ойын «Аналармызды әшекейлерін тағайық.»

Жүргізуші:Мәпелейсің мені анам

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағыңда қысылмай.

Ән: «Көп жаса ,Анашым»

Құтты болсын ақ анам,
8-ші наурызың!
Қасымда бол әрқашан.
Жансың жарық жұлдызың.
Тілейді Бақыт бір саған

Әлпештеген ұл қызың.
Тәрбиеші : Осымен бүгінгі «Аяулы анашым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі ертеңгілікте кездескенше қош сау болыңдар!






































Shape2



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
19.02.2025
189
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі