400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

8 сабаққа жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


№7cабақ

Мектеп №11

Мерзiмі: 18.10.2014

Тақырып:Еңбек - өмір мәні

Құндылық:сүйіспеншілік

Қасиеттер:мейірім, қуаныш, достық.

Мұғалiм:Нурахметова Д.М

Сынып 9


Сабақ мақсаты: Оқушылардың еңбек, шығармашылық түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

Білімділік Еңбектің адам үшін маңыздылығын жан – жақты ашу;

Дамытушылық Шығармашылық тұрғыдан еңбек ету қабілетін дамыту;

Тәрбиелік Еңбексүйгіштікке, еңбекті бағалауға тәрбиелеу.

Ресурстар:үнтаспа,

суреттер,нақыл сөздер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық


2.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.


3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

Оқулықта берілген аңыз әңгімеден мұғалім ағайынды жігіттердің еңбек ету қажеттілігін түсінбегеннен бастап, олардың еңбек жемісіне қалай қол жеткізгенін оқиға желісінің қалай өрбігеніне көз жеткізуіне болады.

Аңыз



  1. Қалай ойлайсыздар, егер ағайындылар жерден шынымен алтын тапқан жағдайда өзгерер ме еді?

  2. Сіздер ата – ана болсаңыздар, балаларыңызға еңбектенуді қалай үйретер едіңіздер?

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Мұғалі оқушыларға еңбектің жауы еріншектік екенін түсіндіру үшін А.Құнанбаевтың «Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады», - деген сөзімен мұғалім негізгі ойды түйіндейді.



5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин.

  • Еңбектің адам өмірінде қандай маңызы бар?

  • Еңбек етуде адамның қандай ерекшелігі байқалады?

  • Еңбексүйгіштік қасиетті қалай түсінесіздер?

  • Еңбек етуде шығармашылық, шабыт не үшін қажет?

  • Адам қабілетін қалай дамытуға болады?


6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

Мұғалім берілген тапсырма бойынша оқушылардың талдау кезінде, өлеңдерді өз пікірлерімен дәйектеуге көмектеседі.

Өлең жолдарын оқып, еңбек туралы түйінді ойларды іріктеп оқыңыз.

С.Торайғыров

Ел үшін еңбек етсең, халқың сүймек,

Біз үшін отқа, суға түсіп жүр деп.

Ер өлсе де, еңбегін ел өлтірмес,

Неше мың жыл өтсе де тарих білмек.

Е.Шайхыұлы

- Білім терең теңіз бе,

Білім, еңбек егіз бе?

Рухани азығым –

Осы екеуі деңіз де, -

Дейді атам – білімді

Еңбекпенен сен ізде!

Мұғалі оқушыларға еңбектің түрі көп, бірақ қай – қайсысы болмасын бағалы екенін, өлеңдерде берілген еңбекке қатысты істерді басқаларға үлгі жасай отырып, оқушының басты еңбегі оқу, білім алу және сол арқылы адам ізгілігіне түсетінін түсіндіреді.

7.Дәптермен жұмыс

Дәптердегі 2,3-тапсырманы орындау.


8.Топпен ән айту. 3 мин Сұлулық

Ә. Нілібаев


9.Үй тапсырмасы. 2 мин. Мәтінді оқу.


10.Қорытындылау,соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Еңбектің адам өмірінде қандай маңызы бар?

  • Еңбек етуде адамның қандай ерекшелігі байқалады?

  • Еңбексүйгіштік қасиетті қалай түсінесіздер?

  • Еңбек етуде шығармашылық, шабыт не үшін қажет?

  • Адам қабілетін қалай дамытуға болады?

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
370
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі