жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
8 саны және цифры
Пән: математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Сандар және цифрлар» ортақ тақырып аясында Күні: 23.09.19 Сынып: 1 |
Мектеп: ЖББ №30 орта мектеп Мұғалімнің аты-жөні: Еркінова М.Е Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақ тақырыбы: |
8 саны және цифры. |
||||
Оқу мақсаттары: |
1.1.1.1**натурал сандардың және нөл санының құрылуын түсіну; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау. 1.1.1.3**бір таңбалы сандардың құрамын анықтау. 1.5.2.1**цифрды саннан ажырата алу, бір таңбалы сандарды түрлі әдістермен көрнекі бейнелеу (сандық түзуде, нүктелердің, таяқшалардың жиынтығы түрінде және т.б.) 1.5.2.2** «+», «-», «=», «≠», «<», «>» белгілерін пайдалану. |
||||
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды, орнын анықтайды, 8 санының құрамын анықтайды, цифрды саннан ажырата алып, 8 санын әртүрлі әдістермен көрнекі бейнелейді, «+», «-», «=», «≠», «<», «>» белгілерін пайдаланады. Көптеген оқушылар: 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды, олардың орнын анықтайды, «+», «-», «=», «≠», «<», «>» белгілерін пайдалану. Кейбір оқушылар: 8 санының құрамын анықтайды, цифрды саннан ажыратып, түрлі әдістермен көрнекі бейнелейді. |
||||
Бағалау критерийлері: |
-10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды; -8 санын әртүрлі әдістермен көрнекі бейнелейді; -8 санының құрамын анықтайды; -«+», «-», «=», «≠», «<», «>» белгілерін пайдалану
|
||||
Тілдік мақсаттар:
|
Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз: 8 санының құрамын анықтайды, әртүрлі әдістермен көрнекі бейнелейді. Пәнге тән лексика мен терминология: Құрамын анықтайды, көрнекі бейнелейді. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: -8 саны сандық сәуледе қай саннан кейін тұр? -8 саны қалай шықты? |
||||
Құндылықтарды дарыту
|
Жұптық, ұжымдық жұмыс жасау кезінде оқушылар бір – бірін тыңдауға үйреніп, ынтымақтастық қабілеттері қалыптасады. Тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін жеткізе алу дағдылары қалыптасады. |
||||
Пәнаралық байланыстар |
2-тапсырмада түйе санын санау барысында және 5-тапсырмада сегізаяқтың аяқкиімдерін санау кезінде дүниетану пәнімен пәнаралық байланыс болады. |
||||
АКТ қолдану дағдылары |
Сергіту сәті кезінде интербелсенді тақтаны қолданады.
|
||||
Бастапқы білім
|
10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауды біледі. |
||||
Сабақ барысы |
|||||
С |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы
|
(ҰЖ)Ширату жаттығуы. «Тез санайық» ойыны -Сыныптағы терезе мен шкафтарды санату; -сынып ішінен қара түстегі заттарды тауып, оларды санату; -сыныптағы гүлдер санын санату; -сыныптағы парталарды санату; -сыныптағы орындықтарды санату. *Ортаға 7 оқушыны шығарып, дауыстап санату. -тағы бір оқушыны шығару, енді неше болғанын сұрау. -тақтадағы оқушы саны азайды ма, көбейді ме? Сабақтың тақырыбы 8 саны мен цифры екендігін хабарлау. Сандық сәулені ілу. -8 саны сандық сәуледе қай саннан кейін тұр? -8 санының көршілерін ата. |
|
|||
|
(Ө)1-тапсырма. «Санды тап» ойыны. -1-ден 7-ге дейінгі сандар жазылған парақшаларды бет жағын тақтаға қаратып ілу. -Солдан оңға қарай ретімен орналасқанын хабарлау. -парақшалардың бетін санау. -5 санын ашу үшін неше парақша санау керектігін сұрау. Тексеру. Бағалау. Ауызша бағалау. (Ө)2-тапсырма. Суреттегі түйелерді сана. -Керуенде неше түйе бар? -Керуенге неше түйе жақындап келеді? -8 саны қалай шықты? (7-ге бірді қосу арқылы) (Ж)3-тапсырма. Түсіп қалған сандарды ата. Жұптарға үлестірме парақшалар таратылып беріледі, сондағы түсіп қалған сандарлы анықтау. Бағалау. «Қол белгісі» Бас бармақ жоғары – түсіндім Бас бармақ көлденең – жартылай түсіндім Бас бармақ төмен – түсінбедім. Сергіту сәті. Видеороликтен қайталап билеу. (Ж)4-тапсырма. 8 санын қалай алуға болады? Парақшаларға 8 санының қалай алуға болатындығын қосу амалы арқылы көрсету. Есте сақта! 8 санының құрамы (Ө)4-тапсырма. Қателерді тап. Тақтаға орындата отырып, қателерді тапқызу. Бағалау. «Менің сөзім» Сабақта не түсінгенін, не түсінбегені туралы айтады. (ҰЖ)5-тапсырма. Шығарып көр. *Сегізаяқтың 8 аяғы бар. Оған қанша аяқ киім керек? Қайсысы көп: аяқкиім киген аяқтар көп пе, әлде аяқкиімсіз аяқтар көп пе? *Сегіз түсті атап шық. Бағалау. Ауызша бағалау. Дәптермен жұмыс. Жұмыс дәптерінің 27-28 беттеріндегі тапсырмаларды орындатқызу. |
Сандар жазылған парақша
Оқулықпен жұмыс
Үлестірме парақшалар
|
|||
Сабақтың соңы |
Рефлексия. «Ақ пен қара». Сабақты түсінген оқушылар смайликтерді ақ жолаққа іледі, жартылай түсінбеген оқушылар қара жолаққа іледі. |
Ақ, қара жолақтар |
|||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||
Тапсырма. 2-тапсырмада түсіп қалған сандарды атауда қиналған оқушыларға сызғыштың көмегіне жүгін деген тапсырма арқылы қолдау көрсетемін. Диалог және қолдау көрсету. 4-тапсырмада 8 санының құрамын анықтауда қолдауды қажет ететін оқушыларға жекелеме түсіндіру арқылы көмек көрсетемін. |
*Қол белгісі *Ауызша бағалау *Менің сөзім
Дескрипторлар: -10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды; -8 санын әртүрлі әдістермен бейнелейді; -8 санының құрамын анықтайды; -«+», «-», «=», «≠», «<», «>» белгілерін пайдалану
|
|
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген