жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
8 саны және цифры
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңі |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Рестустар |
|
Сабақтың басы |
1-әрекет. Психологиялық дайындық. Психологиялық дайындық Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз.
Сабақты сыныптағы жиһаздарды,терезені санатудан бастаймын - Балалар сабағымызды бастамас бұрын, қане сыныпта неше терезе бар екен, енді терезе жақтағы қатарда қанша парта бар екен соны санап көрейікші. (Балалар рет-ретімен санап шығады) Ортаға жеті оқушыны шығарып оған тағы бір оқушының қосылуын сұраймын. -Енді неше оқушы болды? (Жауабы : 8) Ортаға жеті орындық алып шығып оған тағы бір орындықты қосамын -Енді неше орындық болды? ? (Жауабы : 8) |
Парта, орындық |
|
2-әрекет Топқа бөлу. Алдын – ала қатты қағаздан қиып жасалған легоның бір – бір бөліктерін құрастыру арқылы геометриялық фигураларды құрастырады,фигураларды анықтайды.Сыныптағы жиһаздармен салыстыра отырып оқушылар өздерінің топтарын анықтайды. Тіктөртбұрыш (партаның беті), шаршы (көбейту кестесі тақтайшасы), шеңбер (глобус) |
Қатты қағаздан қиылып жасалған лего, геометриялық фигуралар,парта,глобус |
|
|
3-әрекет. Проблемалық жағдаят тудыру. Сабақтың тақырыбын ашу үшін проблемалық жағдаят тудыру. - Нұржан мен Жанель дүкенге қарындаш сатып алуға кірді.Дүкенші қарындашты Нұржанға сатпай қойды,өйткені Нұржанның қалтасында 7- ақ теңге ғана болды. Осы кезде жанында тұрған қарындасы Жанель оған 1 теңге берді, сөйтіп Нұржан қарындашты сатып алды. Қарындаш неше теңге тұрады екен? (Жауабы : 8) |
Қарындаш,қатты қағаздан жасалған теңгелер |
|
|
-Балалар, сонымен бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы қандай екен? Қайдай сан екен? (Жауабы : 8) |
8 саны жазылған таяқшалар |
|
|
Сабақтың ортасы |
4-әрекет. 1-топ. Оқулықпен жұмыс. Тапсырма.
Суреттегі түйелерді сана. — Керуенде неше түйе бар? (Жеті.) — Керуенге неше түйе жақындап келеді? (Бір.) — 8 саны қалай шықты? (Жетіге бірді қосу арқылы.)
Дескриптор:
ҚБ: Бағалау түрі. Топтардың жауап беруіне қарай әр топ бір-бірін « басбармақ» әдісі арқылы бағалауды сұраймын.
|
Түйелердің суреті цифрлар жазылған парақшалар; қарындаштар;
сыныптағы барлық оқушыға арналған белгі беретін тақтайшалар;бағадауға арналған смайликте
Сегізаяқтың суреті, Интерактивті тақта тақырыпқа сай суреттер,
|
|
2-топ. Тапсырма. Түсіп қалған сандарды жазып шығады. -Төбешіктің етегінде қандай цифр тұр? (1) -Төбешіктің төбесінде цифр бар ма?(жоқ) . Бұл тапсырманы оқушыларға өз беттерінше жеке-жеке орындатамын, орындап болған тапсырманы көршілес отырған оқушыларға бір-біріне бағалатамын. Дескриптор:
ҚБ: Бағалау түрі : Оқушылар бір - бірінің қателерін тауып смайликтерді жапсырады
Қосымша тапсырмалар. «Кім бірінші?» ойынын ойнау. Ойынның шарты сегіз түсті кім тез айтып шықса сол жеңімпаз болады. Сегіз түсті атап шық (ақ,қара,көк, қызыл,сары,қоңыр,жасыл,күлгін) |
||
|
3-топ. Шығарып көр. Оқушылардан сегізаяқтың аяқ санын және аяқкиім санын қайта санап шығуды сұраймын. -Суретте ненің суреті бейнеленген? (Сегізаяқ) -Неге сегізаяқ дейді екен? (Өйткені сегізаяғы бар) -Сегізаяққа неше аяқкиім керек?(сегіз) -Суретке мұқият қараңдаршы неше аяғында аяқкиім бар,неше аяғында аяқкиім жоқ? (4аяғында бар,4 аяғында жоқ) -Қайсысы көп,қайсысы аз екен? (Бірдей.демек теңдей) Дескриптор: Аяғының санын санайды; Аяқ киім киген аяқтардың санын анықтайды; ҚБ:Бағалау түрі. Топтардың жауап беруіне қарай әр топ бір-бірін бармақпен бағалауды сұраймын.
|
||
|
Сергіту сәті : «Санамақ» Бір дегенім – білім Екі дегенім – елім Үш дегенім – үйім Төрт дегенім –түлік Бес дегенім – бесік Алты дегенім – асық Жеті дегенім – жеміс Сегіз дегенім – сенім Жұмыс дәптерімен жұмыс. 8 санын үлгі бойынша жазғызу. Түсіп қалған сандарды жаз. |
|
|
|
5-әрекет. Дәптермен жұмыс. Барлық оқушыларға бірдей Бірінші қатардағы 5 тікеннің суретін толықтырып тағы қанша тікеннің суретін салуға болады? Екнші қатардағы тұратын 7 тасбақаға тағы неше тасбақаның суретін салу керек? Түсіп қалған сандарды қой. Тапсырманы орындап болған соң интерактивті тақтадан дұрыс жауабын көрсетемін,өздері қателерін түзетеді. Дескриптор: Белгісіз сандарды дұрыс орналастырады; ҚБ: Бағалау түрі. Итерактивті тақтадан дұрыс жауабын қарай отырып, өзін-өзі бағалайды. |
|
|
|
Сабақтың соңы |
6 – әрекет. Кері байланыс.
(8 саны 7 санымен 1 санының қосу арқылы шықты.)
(8 саны сандық сәуледе 7 санына кейін орналасқан.)
Сегіз жапырақтың түрін сал және оны сегіз түрлі түспен боя.
«Жетістік баспалдағы» бойынша әр бала- ға өздерін бағалату. |
|
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жопарлап отырыңыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсйыз? |
Денсаулық және қуаіпсіздік техникасының сақталуы. |
|
Тапсырманы орындау барысында барлық оқушылар 7 түйеге бір түйені қосу арқылы 8 санының қалай шығатынын анықтады. Көптеген оқушылар топтық жұмыс барысында 1 таңбалық сандарды анықтады,цифр мен санды ажырата алды Кейбір оқушылар сегіз-аяқтың аяғын санау арқылы оның неше аяғында аяқ киім бар, неше аяғында аяқ киім жоқ екенін анықтап Аяқтарының бірдей ,тең екенін анықтады,яғни сандардың артық,кем,тең белгілерін қоя білді |
Қалыптастырушы бағалау түрлері: «Жарайсың!», «Өте жақсы», «Керемет», «Тамаша» ҚБ: Бағалау түрі. Топтардың жауап беруіне қарай әр топ бір-бірін « басбармақ» әдісі арқылы бағалауды сұраймын. Өте жақсы -басбармақты жоғары көтеру Орташа (дұрыс, бірақ жауап толық болмады) – басбармақты жартылай көтеру Төмен - басбармақты төмен қарай түсіру ҚБ: Бағалау түрі. Итерактивті тақтадан дұрыс жауабын қарай отырып, өзін-өзі бағалайды. ҚБ: Бағалау түрі : Оқушылар бір - бірінің қателерін тауып смайликтерді жапсырады |
Сабақ барысында әртүрлі жарақат алып қалмау үшін қарындашты,сандарға арналған таяқшаларды және интерактивті тақтамен жұмыс істеу барысында ток жүйелерін дұрыс қолдануын қадағалау. Ескертулер |






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген