8-саны мен цифры

Тақырып бойынша 11 материал табылды

8-саны мен цифры

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды 8саны мен цифрымен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ересек «Бота» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Нұр-Сұлтан қаласы

23 «Алтын бесік»

Балабақшасы

Тәрбиеші: Бохай Р

«Таным» білім беру саларының ұйымдастырылған оқу қызметі.

ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып: «Бізді қоршаған әлем»
Тақырыбы: «8 саны және цифры.» Қағаз бетінде бағдарлау (жоғары, төмен, ортасы, оң жағы, сол жағы).
Мақсаты:
Тәрбиелік: Бір – біріне көмектесуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Балалардың зейіні мен есте сақтау қабілетін дамыту;
Оқыту: 8 саны мен цифрын енгізу, сандық және реттік санауға, дұрыс бейнелеуге үйрету;
Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын технологиясы, денсаулық технологиясы,

Ресурстармен қамтамасыз ету: құрал-жабдықтар, презентация, сандар қатары, суреттер
Билингвалдық компонент:
 бір - один, екі - два, үш - три, төрт - четыре, бес - пять, алты - шесть, жеті - семь, сегіз - восемь.
1. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Ұйымдастырылыған оқу қызметінің барысы:
Психологиялық дайындық

Кәне, біздер ойлайық,

Ойымызды жинайық.

Қандай есеп болса да,

Шешпей оны қоймайық.

Сабағымыздың ұраны: Есеп білмейтін адам,

Түк сезбейтін надан

2.Негізгі бөлім  
-
Балалар біз өткен оқу іс әрекетте неше санымен таныстық?
- 7 санымен таныстық
- Бір аптада неше күн бар?
- 7 күн бар
«Бір аптада» өлеңін жаттаған едік, кәне есімізге түсірейік.
Дүйсенбіде доп ойнадық аулада
Сейсенбіде серуен құрдық далада.
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,
Бейсенбіде би биледік, әндетіп,
Жұма күні жидек тердік қыраттан
Сенбі күні кино көрдік клубтан
Жексенбіде үйде болдық демалдық
Осылайша өте шықты бір апта.

1-тапсырма  

Ой қозғау. Жұмбақ шешу.

Бұл санға да ол үлгі

Қар адамы кәдімгі,

Қыс түссе болды аулада

Келтіріп тұрар сәніңді,

Бір ғана саған тапсырма,

Үшінші басты жапсырма.

Бұл қандай сан? (8 саны)


2-тапсырма: Логикалық сұрақтар.
8 асықтың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда болады.

Сергіту сәті:

Қане бәріміз орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын орындайық.
жалғыз саусақ тіпті де.
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілінді,
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ, 
Қ
ала салсақ жол салсақ.

3-тапсырма - Қос дөңгелек шеңберден,
Үлкен шеңбер үстіне,
Кіші шеңбер жанасқан.
8 санына байланысты қандай мейрам бар?
- Дүниедегі ең жақын адам, ол кім? (ана)
- 8 саны неге ұқсайды?

4-тапсырма

 Тура, кері санау. 8 cанының орнын анықтау. 5 - слайд
1 2 3 4 5 6 7 8
-
Сандар қатарында 8 саны қай саннан кейін келеді?
- 7 санынан кейін келеді.
Көршісін тап (ауызша)
5 3 6 2 7 4
8
цифрының жазылуын үйрету.
Ауада жазу. Аяқтың ұшымен жазу.
Топпен жұмыс.
Жазу орталығы:
8 санын саусағымен дәптерге салу, қарындашпен басып жазу.

3.Қорытынды
- Балалар біз бүгін қандай санмен таныстық?
- 8 санын жаза аламыз ба?
Жарайсындар!
оырытындылау. Балаларды мақтап-мадақтау





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2021
422
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі