400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

8 сыны. Ғарыштық климат қалыптастырушы фактор.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал география пәні мұғалімдері мен оқушыларға керек. Ғарыштық климат қалыптастырушы факторлар, күн радиациясы, тура, шашыранды, жиынтық радиация туралы түсінік алады
Материалдың қысқаша нұсқасы


Алматы қыз балалар «Білім-Инновация» лицейі

география пәні мұғалімі

Кенжебаева Жанна Онгарбековна


САБАҚ ЖОСПАРЫ


Сынып: 8 «а», «б», «в»

Күні:

Пән: География

Сабақ тақырыбы

Ғарыштық климат қалыптастырушы фактор.

Сілтеме

8 сынып оқулығы Ә.Бейсенова,Қ.Карпеков,Ұ.есназарова,әдістемелік нұсқаулық,дәптер.

Мақсаты

-Қазақстан климатының ерекшеліктері. Климат құрушы факторлар туралы білімдерін жүйелеу және «күн радиациясы» ұғымын қалыптастыру. Күн радиациясының түрлерімен (тура, шашыранды, жиынтық) таныстыру. Қазақстан аумағында күн радиациясының таралу заңдылықтарын түсінеді.

-Оқушыларды сыни ойлау, есте сақтау қабілеттерінің, топта жұмыс істеу дағдыларының дамуына жағдай жасау.

-Жолдастарының пікірін құрметтеуге, бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Ғарыштық климат қалыптастырушы факторлар, күн радиациясы, тура, шашыранды, жиынтық радиация туралы түсінік алады

Білімді өз беттерімен меңгереді.Бірін-бірі тыңдауға, сыни ойлауға үйренеді.

Сабақтың түрі

Интерактивті сабақ

Көрнекіліктер мен

құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта, оқулық, карталар

Әдіс-тәсілдер

Джиксо әдісі, жұптық, топтық жұмыс, диалог, сын тұрғысынан ойлау, өзіндік бағалау

Кезең

Берілетін уақыт (45 мин)

Мұғалімніңәрекеті

Оқушы әрекеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру

(3 мин)

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Жағымды психологиялық ахуал туғызу.

Оқушыларды туылған жыл мезгілдеріне (күз,қыс,көктем,жаз) байланысты топқа бөлу. Топ ережесін сақтау.

Бағалау парағын тарату. Оқушылар өз-өздерін бағалайды.

Үй тапсырмасын тексеру

(2 мин)

Оқушылардың кескін картамен орындаған жұмыстарын тексеру.

Сұрақ атыс. Әр топ өздерінің үйден дайындап әкелген сұрақтарын бір-біріне қояды.




Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар


«БІЛУ» теориясы:

Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?

(5 мин)


«Миға шабуыл»

Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын айтады.

-Қалай ойлайсыздар, неліктен бұл тақырыпты оқимыз?

-Осы сабақтан нені білгілеріңіз келеді?




Оқушылар сұраққа жауап беріп, сабақтың мақсатын анықтайды.


«ТҮСІНУ» теориясы:Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін?

(8 мин)


«Қызығушылықты ояту»


Оқушыларды туылған жыл мезгілдеріне байланысты топқа бөліп

отырғызам да, әр топқа мәтінді оқуға бөліп берем.






1-топ Қазақстанның климаты

2-топ Климат құрушы факторлар

3-топ Күн радиациясы

4-топ Жиынтық радиация туралы оқиды, әр топ топта талқылап, бір-біріне түсіндіреді.






«ҚОЛДАНУ» практикасы:

қарапайым тапсырмалар

(5 мин)



«Автор орындығы»

Рефлекция



Әр топтан бір оқушы «Автор орындығы» орнына отырып, автор болып тақырыпты түсіндіріп береді.




«ТАЛДАУ» теориясы:

Салыстыр, айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде? Тақырыптың басты идеясын жаз, деген болу керек

(10 мин)

Карта және кескін картамен жұмыс.


Күн радиациясының географиялық ендік бойынша таралын оқулықтың 78-79 беттеріндегі Қазақстан аумағының жиынтық күн радиациясы картасымен жұмыс істеуге тапсырма беру

1. Картадан Петропавл, Астана, Қарағанды және Шымкент, қалаларының жиынтық күн радиациясының мөлшерін анықтаңдар.

2. Қазақстан аумағындағы 66° меридиан бойынша оңтүстіктен солтүстікке қарай жиынтық радиация мөлшері қалай өзгереді?

3. Алынған фактілерді пайдалана отырып жиынтық радиацияның таралу заңдылықтары туралы қорытынды шығарыңдар.


.

Тапсырмалардың орындалуы: 1. Птеропавл қаласында жиынтық күн радиациясының мөлшері 100 ккал, Астанада 100-110 ккал шамасында, Қарағандыда 110-120 ккал, Жезқазғанда 120-130 ккал, Таразда 130-140 ккал, Шымкентте 140-150 ккал-ден астам. 2. Оңтүстіктен солтүстікке қарай жиынтық күн радиациясының мөлшері артады. 3. Владивосток мұхит жағалауында орналасқандықтан атмосфераның жоғарғы қабаттарында бұлттар көптеп шоғырланады, олар күн сәулесінің түсуіне кедергі жасап, жиынтық күн радиациясының мөлшері Алматыдағыға қарағанда аз болады.


Сергіту сәті

(2 мин)

«Қызыл өрік» әніне билету

«ЖИНАҚТАУ» теориясы: Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйелі, кесте, сызба, т.б. түрінде

(7 мин)

1.Қазақстан климатының қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?

2. Күн радиациясының түрлері қандай?

1.Қазақстан климатының қалыптасуына күн радиациясы, атмосфера циркуляциясы және жердің төсеніш беті әсер етеді.

2. Күн радиациясының тура, шашыранды, жиынтық, жұтылған, шағылысқан түрлері болады.


«БАҒА БЕРУ» практикасы: Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?

(3 мин)

Қорытынды:

Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.


-Балалар, бүгінгі сабақта өз білімдеріңді көрсеттіңдер. Бүгінгі сабақтан не түйдіңдер?


Үйге тапсырма: §20 «Ғарыштық климат қалыптастырушы фактор».

Кескін картаға жиынтық күн радиациясын түсіру.

Топтар бірін-бірі бағалайды және мұғалімнің бағалауы.


Кері байланыс. Оқушылар өз ойларын айтады.




Күнделіктеріне жазып алады.









































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
732
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі