400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

8 сынып, 2 тоқсан ҚМЖ, 8.1.3.6- аурудың алдын алудағы вакцинацияның ролін бағалау.

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып, 2 тоқсан ҚМЖ, 8.1.3.6- аурудың алдын алудағы вакцинацияның ролін бағалау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

8 сынып №21

ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Иммунитет. Иммунитеттің түрлері: туа пайда болған және жүре пайда болған иммунитет. Екпенің (вакцин) түрлері және оның жасанды иммунитетті қалыптастырудағы маңызы. Жұқпалы аурулардың алдын алу. §20.Туа біткен және жүре пайда болған иммунитет түрлері.

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

«Заттардың тасымалдануы»

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 8 «а»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Иммунитет. Иммунитеттің түрлері: туа пайда болған және жүре пайда болған иммунитет. Екпенің (вакцин) түрлері және оның жасанды иммунитетті қалыптастырудағы маңызы. Жұқпалы аурулардың алдын алу. §20. Туа біткен және жүре пайда болған иммунитет түрлері.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.3.6- аурудың алдын алудағы вакцинацияның ролін бағалау.

Сабақтың мақсаты:

аурудың алдын алудағы вакцинацияның ролін бағалайды;

ЕБҚ ( қабылдауы баяу): сабақтың оқу мақсаты бойынша өз ойын сипаттайды;

Сабақтың барысы: Ганье теориясы бойынша 9 сабақ бөлімі

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті


Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы




1.Оқушылардың назарын аудару

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.


«Кілт сөздерді сәйкестендіру» әдісі бойынша оқу мақсатына сай тапсырма беріледі.


Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.



Кілт сөздерді мазмұнымен ауызша атау арқылы сәйкестендіреді.

«Өте жақсы!»

«Жақсы!»

«Талпын!»

Интерактивті панель, презентация


2.Сабақтың мақсатын таныстыру

8.1.3.6- аурудың алдын алудағы вакцинацияның ролін бағалау;

Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация


Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж

3.Бұрынғы білімін еске түсіру

«Айырмашылығы неде?»

Оқушыларға сегіз түрлі тірек сөздер ұсыну. Осы тірек сөздердің арасындағы айырмашылықты анықтауды сұрау. Жауаптарын дəлелдеп отырулары керек.


Жұқпалы аурулар,

қоздырушылар,

амёба дизентериясы,

фитофтороз,тырысқақ

(холера),күл(дифтерия),

лейшманиоз, герпес.

Оқушылар тірек сөздерді оқиды, өз пікірлерін білдіреді. Бір-бірімен пікір алмасады. Берілген тірек сөздерді сипаттайды. Берілген тірек сөздердің айырмашылығын айтады.

«Ду қол шапалақ» әдісі арқылы бағалау.

«Мадақтау!»

«Жарайсың!»

Интерактивті панель, презентация


Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж,

Сабақтың ортасы



4.Жаңа тақырыпты таныстыру

«Қазіргі атаулар» әдісі

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды, атаулар бойынша топқа біріктіріледі.


Жасанды және табиғи иммунитет,

Туа біткен және жүре пайда болған иммунитет,

сарысу, аурудың алдын алатын вакциналар.

«Қазіргі атаулар» әдісінде берілген термин сөздердің мағынасы мен мазмұнын айтады, топқа бірігіп отырады.

«Өте жақсы!»

«Жақсы!»

«Талпын!»

Интерактивті панель, презентация


Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж,


5.Оқушыларға бағыт бағдар беру

«Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша оқушыларға бірнеше сурет көрсетіледі. Оқушылар осы суреттерді тамашалай отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді.

«Ду қол шапалақ» әдісі арқылы бағалау.

«Мадақтау!»

«Жарайсың!»

Интерактивті панель



6.Практикалық тапсырмалар беру.

«Менен сұрақ-сенен жауап» әдісі.


«Орнын анықта» әдісі.

Берілген тірек сөздердің суретін және мазмұнын анықта.

Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.


Оқушылар берілген тапсырмадағы суреттер мен олардың мазмұнын анықтайды.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б



Интерактивті панель, презентация



Үлестірме парақтары


7.Кері байланыс беру

Кері байланыс «4 себеп» әдісі арқылы. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

«Ду қол шапалақ» әдісі арқылы бағалау.

«Мадақтау!»

«Жарайсың!»


Презентация


1.Мен түсіндім, себебі ...

2.Мен түсінбедім, себебі ...

3.Мен қолдана аламын, себебі ...

4.Маған тиімді болмады, себебі .../ұсыныс……..


Сабақтың соңы



8.Бағалау

Жеке тапсырма:

ЕБҚ тапсырма:

«Борт журналы» - тақырыпты оқып үйренуде өз ойларын жазуға үйретудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қамтитын жалпылама атауы. «Борт журналы» қарапайым түрде мәтінді оқу алдында және оқу материалымен танысқан соң қолданылады.




ҚБ тапсырмалары ҚМЖ қосымшасында орналасқан.

«Жаудырылған тапсырмалар» әдісі. Мақсаты: тапсырмаларды орындау арқылы аурудың алдын алудағы вакцинацияның ролін білім алушылар бағалау.

Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады:

Берілген тақырып бойынша маған не белгілі? Мен не білемін? Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім?










Оқушылар жұппен және жеке берілген тапсырмаларды орындайды. Тапсырмаларды орындау арқылы сабақтың оқу мақсатын сай аурудың алдын алудағы вакцинацияның ролін бағалайды. Білім алушылар әр тапсырманың дескриптора бойынша бағаланады.

Дескриптор:

- сабақтың оқу мақсаты бойынша өз ойын сипаттайды – 7 балл;












ҚБ тапсырмаларының дескрипторы ҚМЖ қосымшасында орналасқан.

Интерактивті панель, презентация

Жұмыс дәптері

9.Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру.

Шығармашылық жұмыс.

Тірек сызба «§21. Қан топтары және қан құю. Резус-фактор»

Білім алушылар келесі тақырыптың тақырыбымен және тірек сызба сызады. Ой қозғау жүзеге асады.

«Өзін-өзі бағалау» әдісі

Жұмыс дәптері


Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж,



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША


АҚПАРАТ ПАРАҒЫ

8.1.3.6- аурудың алдын алудағы вакцинацияның ролін бағалау.

  • ТОЛЫҚ АВТОРЛЫҚ БАЗА

  • Автор: Нұрбақыт Сарсенов

§20. Туа біткен және жүре пайда болған иммунитет түрлері

Микрофагтар – Нейтрофилдер

Макрофагтар – Моноциттер

Қоздырушыларды «танитын» және «есте сақтайтын» едәуір күрделі иммунитетті жүзеге асырады: Т-лимфоциттер

Бір «жауға» қарсы «жеке қару»: Антидене

Иммунитеттің 2 түрі:

Табиғи иммунитет

Жасанды иммунитет

Табиғи иммунитеттің 2 түрі:

Туа пайда болған

Жүре пайда болған

Жасанды иммунитеттің 2 түрі:

Белсенді иммунитет

Әлсіз иммунитет

Туа біткен иммунитет:

Генетикалық иммунитет деп те атайды

Барлық адамда бірдей болады

Адам ауырмайтын аурулар иммунитеті

Адам ауырмайтын, тек жануарлар ауыратын ит обасы, мысық сүзегі

Жүре пайда болған иммунитет:

Бір аурумен ауырған соң қалыптасады

Егер адам осы аурулармен ауырса, ол қайтадан сол аурумен ауырмайды:

- Шешек

- Қызамық

- Паротит

- Қызылша

- Гепатит

Иммундық есте сақтау жасушалары: В-лимфоциттер

Медициналық препараттар - емдік сарысу не вакцина енгізген соң пайда болады: Жасанды иммунитет

Вакцина – тіршілігі жойылған немесе әлсіздендірілген ауру қоздырғышы, не оның уы

Белсенді жасанды иммунитет пайда болады: Вакцина енгізген соң

Белсенді жасанды иммунитет ұқсайды: Табиғи жүре пайда болған иммунитетке

Енжар жасанды иммунитет пайда болады: Емдік сарысу енгізген соң

Сарысуды дайындалады: Ауырған адамның немесе қандай да бір ауру қоздырушылары арнайы жұқтырылған жануар қанынан


ҚОСЫМША ПАРАҒЫ

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
18.11.2023
361
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі