400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

8-сынып. Электромагниттік құбылыстар.Тұрақты магниттер. Сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сыныпта Электромагниттік құбылыстар.Тұрақты магниттер тақырыбын өткен кезде қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Электромагниттік құбылыстар

Мектеп:М.Әуезов атындағы орта мектеп

Пән: физика

Күні: 28.02.2019 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Мұсатай Гүлшат

сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тұрақты магниттер. Магнит өрісі.

8 зертханалық жұмыс «Тұрақты магниттің қасиеттерін оқып үйрену және магнит өрісінің бейнесін алу»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.3.1 магниттердің негізгі қасиеттеріне сипаттама беру және магнит өрісін күш сызықтары арқылы бейнелеу;


Сабақ мақсаттары

  • тұрақты магниттердің және Жердің магнит өрісі болатынын білу;

  • магнит өрісі күш сызықтарының тұйықталған сызықтар екенін білу;

  • магнит күш сызықтарының бағытын анықтау.


Бағалау критерийлері

  • тұрақты магниттердің және Жердің магнит өрісі болатынын біледі;

  • магнит өрісі күш сызықтарының тұйықталған сызықтар екенін біледі;

  • магнит күш сызықтарының бағытын анықтайды;

  • тұрақты магниттің қасиетін зерттейді.


Тілдік

мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: электростатикалық заряд, тұрақты магнит, магнит өрісі,магниттеу,магниттік полюстер,соленоид (тогы бар катушка), компас

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер Магниттердің солтүстік және ... полюстері болады.

Неліктен Жерде магнит өрісі пайда болады?

Құндылықтарды дарыту


Бұл сабақтың барысында оқушылар дұрыс шешім қабылдау үшін терең ойлануға, өзінің сыныптастарымен бірлесе еңбек етуге дағдыланады.

Пәнаралық байланыстар

Географиямен (Жердің полюстері), тарихпен (географиялық ашылулар)

Бастапқы білім

Жердің магнит өрісін 6 сынып география пәнінен біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 10 мин

1) Ой қозғау. Әріптерді орналастырып көрейік...

    • Бұл сөздің бірінші әрпі –кедергі өлшем бірлігі атауының екінші әрпі (М) Ом

    • Екінші әрпі –ток көзінің оң полюсіне жалғанатын электрод атауының бірінші әрпі (А) анод

    • Үшінші әрпі- 10 болатын шама атауыныңүшінші әрпі (Г) мега

    • Төртінші әрпі – вольтметр құрылғысымен өлшенетін шаманың төртінші әріпі (Н) кернеу

    • Бесінші әрпі – кедергіні өлшейтін құрылғы атауының төртінші әріпі (И) резистор

    • Алтыншы әрпі – кернеуді өлшеуге арналған прибор атауының бесінші әрпі (Т) вольтметр

Бұл тапсырманың нәтижесін пайдаланып, мұғалім бүгінгі сабақтың оқу мақсатына қарай оқушыларды бағыттайды.

2) Оқушылардың бір – біріне тұрақты магниттер мен жердің магнит өрісі туралы айтып беруін сұраңыз. Мұғалім кері байланыс жасай отырып, тұрақты магниттті қысқаша түсіндіреді.


Презентация

Сабақтың ортасы

10 – 20 мин


























20 – 30 мин




















30 -35 мин







3) Тұрақты магниттердің қасиетін зерттеу үшін оқушылар жұпта тәжірибе жасайды.

і) Оқушылар тұрақты магниттерді пайдаланып қандай заттарды оның тартатынын анықтайды.

Оқушылар дәптерлеріне төмендегідей кестені сызып, нақты қандай заттардың тұрақты магнитті тартатыны немесе тартпайтыны туралы «+» немесе

«-»таңбасын қояды.

Заттардың аты

Магнитке тартылады

пластмасса

-

алюминий

-

темір

+

ағаш

-


іі)Оқушылардан магниттің қай бөлігі заттарды күштірек тартатынын анықтауды сұраңыз.


ііі) Магниттің полюстарын компасты пайдаланып анықта. Магниттің полюстары туралы ұғымды енгізіңіз.


iv) Оқушыларға магнит полюстарының әрекеттесуін анықтауды ұсыныңыз. Оқушылар қандай полюстердің бір – бірімен тартылатынын, тебілетінін айтады.

Оқушылар өз жүргізген бақылаулары бойынша қорытынды жасайды, ал мұғалім кері байланыс береді.


4) Зертханалық жұмыс №8 «Тұрақты магниттердің қасиетін зерттеу және магнит өрісінің кескінін алу»

Мақсаты: Тұрақты магнит полюстерін зерттеп, әртүрлі пішіндегі магнит айналасында магниттік өрістерді құрайтын сызықтарды көрсетіңіз.

Жұмыс барысы 
1. Темір ұнтағын қағаз стаканға салып, оның ішіне магнит енгізіңдер.

2. Магнитті шығарып алып оның әр жеріне темір ұнтақтарының қалай таралғанына назар аударыңдар.

3. Темір ұнтақтарының көп жабысқан жерін белгілеп, суретін салыңдар.

4. Екі жолақ магнитті бір – біріне әртүрлі ұштармен жақындастырыңдар. Бақылағандарыңды айтып беріңдер.

5. Үстел үстіндегі магнитті бір парақ қағазбен жауып, оның бетіне жұқалап металл ұнтағын себіңдер.

6. Пайда болған магнит сызықтарына назар аударып, оның суретін дәптерге салыңдар.

Бағалау критериі:

- тұрақты магниттердің магнит өрісін анықтайды;

- магниттер бір – бірімен қалай әсерлесетінін түсіндіреді;

- магнит өрісінің графиктік кескінін салады.

Техника қауіпсіздігі ережелерін еске түсіру:

  • Оқытушының айтқанын бұлжытпай орындаңдар, тәртіп сақтаңдар

  • Оқытушының рұқсатынсыз зертханалық жұмысқа кіріспеңдер.

  • Зертханалық жұмысты бастамас бұрын нұсқаулықпен жақсылап танысып шығыңдар.

  • Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар.

Осы жұмыс барысындатемір үгінділері көздеріне түсіп кетпеу үшін қорғаныш көзілдіріктерін кию керектігін ескерту.


Тұрақты магниттер, әртүрлі материалдар: шыны, пласмсса, темір, болат, ағаш, мыс т.б.







Тұрақты магниттер, темір үгінділері немесе кеңселік қыстырғыштар (скрепки)























Қажетті құрал – жабдықтар:

түрлі пішіндегі (жолақ және таға тәрізді) магниттер, темір ұнтақтары

, парақ (қағаз)















Сабақтың соңы

35 – 40 мин


5) Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

6) Үйге тапсырма §52-53 оқу



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жос-парлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіп-сіздік техникасының сақталуы



Өзара бағалау және өзін- өзі бағалау



Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
1390
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі