400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 26 материал табылды

8 сынып Гидросфера БЖБ

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып Гидросфера бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 2-нұсқада жасалған, Бағалау критерийлері мен дескрипторымен бірге 2-тоқсан
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні..................... Сынып....................... .......................................................

«Физикалық география/Гидросфера» бөлімі бойынша жиынтық бағалау. 1-нұсқа


Тақырып


Құрлық суларының қалыптасу жолдарын анықтайды. Құрлық суларының негізгі түрлерінің шаруашылық маңызын түсіндіреді. Құрлық суларының экологиялық проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады.


Оқу мақсаты

8.3.3.1 Құрлық суларының қалыптасу жолдарын анықтайды 8.3.3.2 Құрлық суларының негізгі түрлерінің шаруашылықтағы маңызын түсіндіреді

8.3.3.6 Жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде құрлық суларының экологиялық проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Құрлық суларының пайда болу жолдарын түсіндіреді

  • Құрлық суларының шаруашылықтағы қолданылу маңызын сипаттайды

  • Құрлық суларының экологиялық проблемаларын шешу жолдарын ұсынады


Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары


Орындау уақыты

20 минут


Тапсырма

1. Қазаншұңқырлар негізінде көлдің түрлерін анықтаңыз. Көлдің пайда болу жолын түсіндіріңіз.

1. ______________________________________________________________________

2. ______________________________________________________________________

3. _________________________________________________________________



2. Құрлық суларының шаруашылықта қолданылу мақсатын сипаттаңыз.

(a) Өзен сулары _______________________________________________________________

(b) Көл сулары ________________________________________________________________

(с) Жер асты сулары ___________________________________________________________

(d) Мұздықтар ________________________________________________________________



3. Мәтінмен танысыңыз.Қазақстанның ішкі суларына байланысты мәселелердің пайда болу себептерін анықтап, салдарын жазыңыз. Шешу жолдарын ұсыныңыз.


Қазақстандағы экологиялық проблемалар

Елімізде қазіргі кезеңде шешімі табылмай отырған мәселелердің бірі –экологиялық мәселелер. Соның бірі Арал теңізі алабымен байланысты. Ұзақ уақыт бойы шаруашылыққа Әмудария мен Сырдария өзендерін тиімсіз пайдалану нәтижесінде теңіз суы таязданып, құрғай бастады, айналасындағы жерлер өмір сүруге қолайсыз сор шөлге айналды. Арал теңізінің түбіндегі тұздар ауаға таралып, адамның тыныс жолы ауруларының пайда болуына әсер тигізді. Еліміздің батысында орналасқан мұнай кен орындары бүгінгі таңда Каспий теңізінің экологиялық жағдайын нашарлатып жіберді. Мұнай кен орындарын бұрғылау және мұнайды тасымалдау кезінде пайда болған апатты жағдайлардың салдарынан мыңдаған тоннa мұнай теңізге құйылып, суда өмір сүріп жүрген балықтардың азаюы және суда жүзіп жүрген құстардың санының азаюына әсерін тигізді. Сонымен қатар, Іле және Қаратал өзендерін шаруашылықта қолдануына байланысты Балқаш көліне де қатер төндіруде, алдағы уақытта батысы құрғап, шығысы сор жерлерге айналуы мүмкін.


Еліміздегі суға қатысты экологиялық мәселе

Экологиялық мәселенің пайда болу себебі

Экологиялық мәселенің салдары

Шешу жолдары












Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Құрлық суларының пайда болу жолдарын түсіндіреді

1

Көлдің түрлерін ажыратады

1

Көлдің пайда болу жолын сипаттайды

1

Құрлық суларының шаруашылықтағы қолдануын маңызын сипаттайды

2

Өзен суларының шаруашылықта қолдану маңыздылығын сипаттайды

1

Көл суларының шаруашылықта қолдану маңыздылығын сипаттайды

1

Жер асты суларының шаруашылықта қолдану маңыздылығын сипаттайды

1

Мұздықтардың шаруашылықта қолдану маңыздылығын сипаттайды

1

Құрлық суларының экологиялық проблемаларын шешу жолдарын ұсынады.

3

Арал теңізінің экологиялық мәселесін анықтайды

1

Экологиялық мәселенің пайда болу себебін түсіндіреді

1

Экологиялық мәселенің салдарын сипаттайды

1

Шешу жолдарын ұсынады

1

Жалпы балл

10

Күні..................... Сынып....................... .......................................................

«Физикалық география/Гидросфера» бөлімі бойынша жиынтық бағалау. 2-нұсқа


Тақырып


Құрлық суларының қалыптасу жолдарын анықтайды. Құрлық суларының негізгі түрлерінің шаруашылық маңызын түсіндіреді. Құрлық суларының экологиялық проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады.


Оқу мақсаты

8.3.3.1 Құрлық суларының қалыптасу жолдарын анықтайды 8.3.3.2 Құрлық суларының негізгі түрлерінің шаруашылықтағы маңызын түсіндіреді

8.3.3.6 Жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде құрлық суларының экологиялық проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Құрлық суларының пайда болу жолдарын түсіндіреді

  • Құрлық суларының шаруашылықтағы қолданылу маңызын сипаттайды

  • Құрлық суларының экологиялық проблемаларын шешу жолдарын ұсынады


Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары


Орындау уақыты

20 минут


1. Суретте өзен аңғарының көлденең қимасы берілген.Үлгіде берілген өзен аңғары элементтерінің анықтамаларын жазыңыз.







2. Құрлық суларының түрлерін жазыңыз.

Суреттегі құрлық суының түрін анықтаңыз және қалыптасу жолын түсіндіріңіз.

3. Каспий теңізінің экологиялық проблемасы

Елімізде қазіргі кезеңде шешімі табылмай отырған мәселелердің бірі –экологиялық мәселелер. Соның бірі Каспий теңізі алабымен байланысты. Еліміздің батысында орналасқан мұнай кен орындары бүгінгі таңда Каспий теңізінің экологиялық жағдайын нашарлатып жіберді. Мұнай кен орындарын бұрғылау және мұнайды тасымалдау кезінде пайда болған апатты жағдайлардың салдарынан мыңдаған тоннa мұнай теңізге құйылып, суда өмір сүріп жүрген балықтардың азаюы және суда жүзіп жүрген құстардың санының азаюына әсерін тигізді . Каспий теңізінің су деңгейі мөлшерінің 1978 жылдан бастап көтерілуі байқалуда. Бұл көрсеткіш 1995 жылы 26,66 метрге дейін жетті.

Каспий теңізіне қатысты экологиялық мәселе

Экологиялық мәселенің пайда болу себебі

Экологиялық мәселенің салдары



Шешу жолдары


















Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Өзен аңғарларының көлденең қимасы бойынша элементтерін сипатта.

1

Өзен аңғарына анықтама береді

1

Өзен арнасына анықтама береді

1

Өзен жайылмасына анықтама береді

1

Терасса мен өзен кемеріне анықтама береді

1

Құрлық суларының түрлерін жазыңыз.

2

құрлық суларының түрлерін жазады

1

суреттегі құрлық суының түрін анықтайды

1

Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын шешу жолдарын ұсынады.

3

Каспий теңізінің экологиялық мәселесін анықтайды

1

Экологиялық мәселенің пайда болу себебін түсіндіреді

1

Экологиялық мәселенің салдарын сипаттайды

1

Шешу жолдарын ұсынады

1

Жалпы балл

10


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
08.12.2023
1237
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12