400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

8-сынып оқушыларға арналған "Мен өмірді таңдаймын" тақырыбындағы психологиялық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
психологтарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназия

Сынып оқушыларымен жүргізілген психологиялық жұмыстарының хаттамасы

Сынып: 8 «г»

Жұмыс түрі: психологиялық тренинг-жатығу

Тақырыбы: «Мен өмірді таңдаймын!»

Жасөспірімдер арасында жағымды ахуал қалыптастыру, өмірге деген құлшынысын арттыру, аутодеструктивтік мінез-құлықтың алдын алу.

Өтілген мерзімі: 29 .01.2020ж

«Сағат бойынша достар» жаттығуы
Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру, топ ішінде жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Нұсқау: Қазір әрқайсыларыңа жауап парақтары таратылады. Онда сағаттың суреті бейнеленген. Сендер осы әр сағат нөмірінің қасына сыныптастарыңның есімдерін жазып шығыңдар. 
Әр нөмірге жазылған оқушымен келесі нұсқауларды орындаңдар.
Күлімсіреңіз 
Қолын қысыңыз 
Арқасынан қағыңыз 
Комплимент айтыңыз 
Қол бұлғаңыз 
Көзіңізді қысыңыз 
Қол ұстасып 3 рет секіріңіз 
Бір тілек айтыңыз 
Массаж жасаңыз 
Арқаларыңды сүйкеңдер.
Құшақтаңыз. 
«Жағымсыз қасиеттер топтамасы» тренингі

Мақсаты: оқушы бойындағы жағымсыз қасиеттерден арылта отырп, жан дүниесіндегі қоқыстан арылту.

Бөлшектелген газет беттеріне 1-20ға дейінгі жағымсыз қасиеттерді жаздыра отырып, топ басшының көмегімен қоқыстан арылу.

«Бақыт үйі» психологиялық жаттығуы. Адамгершілік, кешірімділік тағы басқа көптеген барлық жақсы қасиеттерді оқушы бойына сіңіру.

Интерактивтік тақтада психологиялық тренинг-сабақты ары қарай жалғастыру

Ақ қағазға сызылған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан. «Ортасында қара ноқаты бар үлкен ақ кеңістік. Бұл бала алғаш дүниеге келген осы ақ қағаздай, сол қағазға ата – анасымен біздердің салған бейнеміз қаншалықты дұрыс болса, соның нәтижесімен салыстыруға болады…..»

Жарқын шуағын төккен күн астында әр ұлттың үш баласы қол ұстасып тұрғаны бейнеленген.

«Сыртқы түстері әртүрлі болғанмен бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан да ұлағатты ұстаздароларға күн сәулесіндей бірдей мөлшерде мейірім шуағын төгеді….»

Біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақ.

«Біз сұқ саусағымызбен өзгені көрсетіп тұрғанда өзге үш саусағымызбен өзімізді көрсеткенімізді аңғара бермейміз. Ендеше, біз әлдекімді кінәлағанда, өзіміздің кінәміз бар ма, жоқ па, осы жағына көңіл бөлуіміз қажет. Әрбір ағаттық үшін кінәні өзгеден емес, өзімізден іздеу керек шығар….»

Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар, Жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген.

«Түн. Айнала жым – жырт. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар. Түгел ел ұйқыда, бірақ, ояу бір кісі бар. Ол – мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанмен, мектепте де, үйде де ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалып келеді….»



Педагог-психолог: Бекжігітова А.О





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
12 мамыр
4923
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі