400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

8 сынып Өзендердің гидрологиялық режимі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның физикалық картасы бойынша Қазақстанның өзен-көлдерін, гидрографиялық торабын сипаттау арқылы картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын одан әрі дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы



САБАҚ:

Мектеп: №36

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Анарбекова А.Б.

Сынып:8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Өзендердің гидрологиялық режимі

Сабақтың түрі

Дағдыларды дамыту сабағы

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.3.3.4 өзендердің гидрологиялық режимін түсіндіреді (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде)

Сабақ мақсаты

 Қазақстанның физикалық картасы бойынша Қазақстанның өзен-көлдерін, гидрографиялық торабын сипаттау арқылы картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын одан әрі дамыту.

Бағалау критерийлері

Өзендерінің  ірі алаптары,өзен жүйесінің ерекшелігі, қоректену режимі мен  жылдық ағыны  туралы оқушыларда  түсінік қалыптастырады

Жер бедері,тау жыныстары мен өзен ағысы сипаты- ның   байланысын түсіндіру,өзендердің суға молығуыжәне өзенге сипаттама беру тәсілін меңгереді.

Дескрипторлар

1. Көтерілген мәселені талдай алады

2. Өз көзқарастарын (ойларын) 3-5 сөйлем арқылы жеткізе алады.

3. Тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Бірлік, татулық, ынтымақ, татулық, ұлттар достастығы, бауырмалдық, тәуелсіз ел, тірлік, ынтымақ, байлық, қанжардай, көршілес, жатырқамау, ерекшелену, ұлт өкілдері т.б

Осыған дейінгі меңгерілген білім

Алдыңғы тақырып бойынша тілдік дағдыларды дамыту, байланыстыру

Құндылықтар

  • Адами қасиет, тәлім-тәрбие, мейірім;

  • Достық қатыр-қатынас, ынтымақтастық;

  • Зерттеген мәселе бойынша өмірлік ұстаным;

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, әдебиет

АКТ дағдыларын дамыту

Үйге берілген тапсырма бойынша акт дағдыларын дамыту

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Дерек-

көздер

Сабақтың басы

2 мин


5 мин

Оқушылардың қызығушылықтарын ояту. Сабаққа назарларын

танысады.

1) Қазақстанның аумағында өзен жүйесі қалай орналасқан? Оның себебін қалай түсіндіруге болады?

2) Қазақстан өзендері қандай алаптарға бөлінеді? Олардың суайрығы қай жерлерден өтеді?

3) Қазақстан өзендері қоректенуіне қарай қандай типтерге бөлінеді? Қандай өзендердің көктем мен жазда суы мол болады? Не себептен?

4) Картадан СММ және ішкі алап өзендерін көрсетіңдер.

5) Қандай өзендер кеме қатынасына, электр қуатын өндіруге, егін суаруға пайдаланылады?

1.Географиялық диктант

1.Қазақстанның климаты ............................................... болып келеді.

2.Қазақстан аумағы ..................... климаттық белдеуде жатыр.

3.Қаңтар айында солтүстікте ............ ,ал оңтүстікте ............. температура байқалады.

4.Қазақстанның климатын ....................., ...................., ................, ауа массалары типтері қалыптастырады.

5.Қолайсыз атмосфералық құбылыстарға ............., ............, ................, ..............., ..................., ....................,  жатады.



Кестелер



Сабақтың ортасы

10 мин



10+10 мин




   Қазақстан өзендері негізінен қар,жаңбыр,мұздық және жер асты суымен қоректенеді.

   Республиканың жазық бөлігінің өзендерінің қоректенуіне қарай қар-жаңбыр суымен және басым қар суымен қоректенетін өзендер деп екі  типке бөлуге болады.

Қар-жаңбыр суымен қоректенетін өзендерге орманды дала,дала зоналарының   өзендері жатады.Басты өзендері –Есіл,Тобыл.Бұл өзендер көктемде тасиды,сәуір-мамыр айларында жылдық ағынның 50%-ы ағып өтеді.Өзендер суды алдымен еріген қардан,кейін жаңбыр суынан алады.Өзен суңының деңгейінің ең төмен кезі қаңтар айында байқалады,бұл кезде олар еспе суымен қоректенеді.Негізінен қар суынан қоректенетін өзендердің ағыны түгелге жуық көктемге келеді.Бұл қоректену типіне шөлейт және шөл зоналарының  өзендері-Нұра,Жайық,Сағыз,Жем,Торғай және Сарысу жатады.Өзендің деңгейі толық кезеңі көктемнің бірінші жартысында байқалады.Өзендер негізінен қар суымен қоректенеді.Көктемгі қар ерігенде өзен ағыны күрт көтеріледі.

    Өзен деңгейінің ең төмен кезеңі жаз айларында  болады.Кейбіреулері мүлдем тартылып қалады.Күздегі жаңбырдан өзен деңгейі аздап көтеріліп,қыста қайта төмендейді.

     Қазақстанның биік таулы бөлігінің өзендері қар суымен  және мұздықтар мен қоректенетін типіне жатады.Бұған  Сырдария,Іле,Қаратал және Ертіс өзендері кіреді.Бұл өзендердің деңгейі көктемде,Алтай тауының өзендері кіреді(Ертіс) көктемнің 2жартысы мене жазда тасиды..Бірақ қардың бір мезгілде ерімеуіне байланысты Сырдария өзеннінің су тасуы ұзаққа созылады.

   Тянь-Шань,Жетісу Алатауы өзендері көктем мен жазда,яғни жылдың жылы кезінде тасиды.Бұл тауларда  қардың еруі көктемде төменгі белдеуден басталып,одан орта,жоғары биіктегі қар мен мұздықтар жаз бойы еріп,күзге дейін созылады. Тау өзендерінің ағынында жаңбыр суының үлесі шамалы (5-15%) ,ал аласа тауларда оның үлесі 20-30%-ға дейін жоғарылайды.

   Қазақстанның жазықтағы өзендері суының аз және ағысы баяу болуынан қыс түсісімен тез қатып қалады да,оларды қарашының аяғында тұрақты мұз басады.Мұздың қалыңдығы  70-90 см-ге  жетеді. Аязды қыста мұздың қалыңдығы республиканың солтүстігінде-190см,оңтүстігінде өзендерінде 110 см болады.Өзен мұзы 2-4 ай бойы қатып жатады.

   Биік тау өзендерініңі мұз режимі басқаша.Олардың таулы бөлігінде ағыстың күшті болуына байланысты және жер асты суымен қоректенетіндіктен,тұрақты мұз жамылғысы қалып таспайды.Тек кей жерлерде ғана жағалық мұздар байлады.

    Қазақсанның жазық бөлігіндегі өзендерінің ағысы баяу болады.Қатты материалдарды аз тасымалдайды.Мұндай өзендердің лайлығы 50-100г/м3, ал төменгі ағысында 200г/м3.Борпылдақ жыныстары көп ағызып әкелетін батыс Қазақстанның өзендерінің лайлығы тым жоғары(500-700г/м3) келеді.Тауөзендерінің лайлығы ағыс бойымен төмен қарай артады..Оның мөлшері-Іледе 650г/м3,Шудың төменгі ағысында -900 г/м3,Сырдарияда -1200г/м3

.

Сандар сөйлейді.


1)    7 -                       (Қазақстандағы ең ұзын өзендер)

2)    85 мың-             (өзен бар)

3)    1000км-             (ең ірі 7 өзеннің ұзындығы)



А3 форматы

маркерлер


Тараптпа материалдар




Сабақтың соңы

Бағалау

5 мин

Топтар бір-бірінің жұмысын дескрипторларға сүйене отырып, алтын теңгелер арқылы бағалайды. (әр топ максималды 3 алтын теңге алуға тырысу керек)

Мұғалім топ жұмыстарын кері байланыс береді. Ұтымды тұстарды атап көрсетеді.

Алтын теңгелер

Кері байланыс

3 мин

«Баланс шеңбері» әдісі арқылы сабаққа кері байланыс жасалады.


  1. Маған ұнаған әрекет

  2. Маған қиындық тудырғаны

  3. Ұсынысым бар

  4. Менің көңіл-күйім

Кері байланыс парағы

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс

Дифференциация оқушыларды топқа бөлгенде көрініс табады.

  • Оқушылар қолдау көрсету бағыттаушы сұрақтар арқылы жүзеге асырылады.

  • Оқушылардың көбі мәселеге қатысыт ойларын айтады, бағалайды,

  • Қабілеті жоғары оқушылар ұтымды ойлар айтады, астарлы мағынаны таниды және бағалауда нақтылық көрсетеді.

Сабақта бағалау критерийлеріне негізделген жүйеде бағаланады.

  1. Мұғалімнің кері байланысы

  2. Топтардың бірін-бірі бағалауы

Әдебиет, өзін-өзі пәндерімен тақырып арқылы байланысады.

Сабақта АКТ үйге тапсырма кезінде қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға



Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:


2:


Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 наурыз
3429
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі