жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
8 сынып Қайырымдылық көкжиектер
Өзін-өзі тану сабақ жоспары
Мектеп: Қарымсақ ОМ
Сабақтың тақырыбы: Қайырымдылық көкжиектері Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: шынайылық; адамдарға риясыз қызмет ету; жанашырлық
Пән мұғалімі: Хаджиева Зезаг Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»
Сабақтың мазмұны |
Ресустар |
Сабақтың мақсаты: Жаратылыстағының барлығын өзіңдей жақсы көріп сүйіспеншілігімізді арнағанда үйлесімді қарым-қатынас болатынын түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: - адамдарға риясыз қызмет ету керектігін үйрету; Дамытшылық: - айналамен қарым-қатынаста шынайылықта болуға шақыру; Тәрбиелік: - жанашырлыққа тәрбиелеу |
Сәлемдесу,түгелдеу, сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады. |
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену» 2.Үй тапсырмасын тексеру. «Қоғамға қызмет ету» жобасын аяқтап, альбомдарын толықтырып қорғайды. |
Музыка қойылады
Үй тапсыр масын тексеру. |
3. Дәйексөз Адам ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл да қайырымды болуға тиіс. Тек сонда ғана оның осынау адам деген мәртебелі атпен аталуға құқы болады.
|
|
4. Әңгімелеу Қалмақан Әбдіқадыров Қазықұрттың баурайында
|
Сұрақ –жауап(пікірталас)
|
5. Шығармашылық жұмыс 1-тапсырма: «Мейірім тамшысы» тақырыбы бойынша қайырымдылыққа негізделген іс-шара жоспарын түзіңдер. 2-тапсырма: Ұлы адамдардың ой-тұжырымдарын оқып, пікірлеріңді ортаға салыңдар.
Ахмед Йүгнеки
Махмуд Қашқари
Қайырымдылық – адамдардың қандай да бір ауыр қиындыққа тап болған адамдарға жанашырлық көрсетуі, қолдан келгенше көмектесуі, тек өзіне ғана емес алыс пен жақынға, үлкен мен кішіге, жас пен кәріге, бір-біріне мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасауы. Қайырымдылықтың астарында жүрек жылуы мен шынайы сезім жатады. |
|
6. Топпен ән айту «Сен маған сүюді үйреттің» Әні-Ербол Байырбеков, Сөзі-Ақмарал Леубаева) Сен маған сүюді үйреттің, Ұмытып кеткен едім. Басымды июді үйреттің, Тәкаппар өктем едім ... Шынайы күлуді үйреттің, Нөсерлі көктем едім. Өмірді сүруді үйреттің, Ұстазсыз мектеп едім. Қ-сы: Сен маған ұшқанды үйреттің, Тордағы бұлбұл едім. Сезіммен құшқанды үйреттің, Күдікшіл құмбыл едім. (2 рет) Кім дос, кім дұшпанды үйреттің, Уайымшыл бір мұң едім. Иіскеп қысқанды үйреттің, Құшақсыз бір гүл едім. |
|
7. Үй тапсырмасы. Келесі сабақ: «Мейірімді болайықшы ағайын» Серік Қалиевтің сөзіне жазылған өлең жолдарын жаттап келу. |
|
8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка) Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік әрекет бар жерде. Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде. |
Сабаққа белсене қатысып, сыр бөліс кені үшін алғыс айту. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген