400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

8 сынып қазақ тілі бақыла жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылар мен мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:                                   Пәні: қазақ тілі            Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы :                  Диктант

Сабақтың мақсаты :

  а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

  ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

  б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :                    қайталау

Сабақтың әдісі:                      баяндау

Сабақтың көрнекілігі :          диктанттар жинағы         

 Сабақтың барысы :

                                       а)   Ұйымдастыру кезеңі :

 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.

Тақтаға  бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.

                                 ә)   Жаңа сабақты түсіндіру;

               Мәтінді мәнерлеп оқып беремін.

 

Қазақтың ұлттық тағамдары

      Сөк. Қуырған тарыны қазақ сөк деп атайды. Ол үшін тары жел өтіне суырылып, екшеленеді, тазаланады.  Бірнеше рет таза суға жуылады. Дегдігенше оны аздап кептіреді де, қазанға су құйып, тарыны соған салып, қайнатады. Қазандағы тары қауызы ашыла бастағанда,сүзіп алады. Содан соң таза сумен бірнеше қайтара жуып, дегдуі үшін, жайып қояды.

    Дегдіген соң, қызған қазанға салып,қуырады. Қуырған кезде бұлғауышпен үздіксіз бұлғап отыру керек. Әйтпесе, тарының астыңғы беті қуырылып, үсті қуырылмай қалады.  Ал ала-құла қуырылған тарынын ақтаған кезде,қауызынанажырату қиын. Әрі мұндай тарының сөгі де ала болады.

         Қуырған тары тым суып кетсе,жасып қалады.  Сондықтан оны көп суытпай,келіге түйіп алу керек. Тары түйетін келінің де , келсаптың да қатты ағаштан жасалғаны дұрыс.

          Түйілген тарыны табаққа салып алып, суырады. Сөйтіп, қауызынан айырады. Бір түйгеннен тары қауызынан түгел айырылмайтындықтан,оны екінші рет түйеді. Мұны ақтау деп атайды. Ақталған тарыны тағы да желпіп суырады. Сонымен сөк дайын болады. Сөктің түсі сарғыш,хош иісті аса дәмді келеді.

          Сөк көбінесе шай дастарханына қойылады. Сондай-ақ тағы да басқа неше түрлі тағамдар дайындауға болады.        

                               («Қазақ күнтізбесі», 1991.)  (154 сөз)

 

 

  Мәтінді тағы да бір рет оқып беремін, оқушылар тыныс белгілерін қояды.

Үйге тапсырма :        қайталап келу.

 

Күні:                         Пәні: қазақ тілі            Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы :                  Диктант

Сабақтың мақсаты :

 а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

  ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

   б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :                    қайталау

Сабақтың әдісі:                      баяндау

Сабақтың көрнекілігі :          диктанттар жинағы         

 Сабақтың барысы :

                                       а)   Ұйымдастыру кезеңі :

 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.

Тақтаға  бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.

 

               ә)   Жаңа сабақты түсіндіру;

               Мәтінді мәнерлеп оқып беремін.

 

                           Шұғаның аулында

 

              Күн бата ауылдан шықтық. Біздің де жеккеніміз пар ат.  Делбені өзім ұстадым.Қатты шыққан қарқынымызбен келіп қалдық. Әбдірахманның екі көзі алдында. Алдымызда жүз метрдей жерде Есімбектің үйі тұр,бірақ Шұға көрінбейді. Енді кішкене жүрсек,өтіп те кетеміз,бірақ өткіміз келмейді. Аттың басын тежей беремін. Бұдан кетсе, Әбдірахман Шұғаны мәңгі көре алмас деген ой елестейді. Бір-бірімізбен сөйлеспей келеміз, сонда да біріміздің ойлағанымызды екіншіміз біліп келеміз. Есімбектің қабаған төбеттері алдымыздан шықты. Есіктің алдында бірталай адам жағалай отыр, бірақ бәрінің көзі бізде.  Басында кимешек киген Шұғаның үлкен жеңгесі түйе сауып тұр. Үлкен үй мен отаудың арасында бәйбіше теңселіп жүр. Осының бәрі маған қуаныш секілді көрінді, сонда да біздің кетіп бара жатқанымызға ешкім таңырқаған жоқ. Ат тоқтауға айналған екен,сөйтсе де, делбені жиыңқырап ұстай бергенімде,ширыға жөнелді. Осы кезде ауылдың сырт жағындағы құдықтан келе жатқан екі әйел көрінді. Біреуі-Шұға. Әбдірахман арбадан қарғып түсті.

                                                  (Б.Майлин.)          (142 сөз)

 

  Мәтінді тағы да бір рет оқып беремін, оқушылар тыныс белгілерін қояды.

 Үйге тапсырма :        қайталап келу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 мамыр
452
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі