Материалдар / 8-сынып. Қазақ тілінен олимпиада тапсырмасы

8-сынып. Қазақ тілінен олимпиада тапсырмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі және әдебиет пәнінен олимпиада тапсырмасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2024
165
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

8-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА

Пән/Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті.

1-15 тапсырмалар [әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі]

1. Тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін сала қалай аталады?

А) Сөзжасам

В) Фонетика

С) Лексика

D) Морфология

Е) Орфография

2. «Тайға таңба басқандай» деген тұрақты тіркестің мағынасын табыңыз.

А) жақын

В) белгілі

С) шапшаң

D) жылдам

Е) анық

3. Бірыңғай ашық буынды сөзді табыңыз.

А) бунақ, табыскер, айлық

В) шапағат, аспалы, қолғанат

С) табысты, сапарда, үкімді

D) тауық, қайық, үйшік

Е) әкесі, ала, денеге

4. Интонацияның компоненттерін атаңыз.

А) фонема, сингармема

В) ұзақтылық, кідіріс

С) бунақ, тасымал

D) әуен, дыбыс

Е) фонема, кідіріс

5. Есімше формалы етістікті табыңыз.

А) жазып, көріп

В) жаза, көре

С) жазғалы, тапсырғалы

D)жазған, тапсырар

Е) жазу, көру

6. Қатаң дауыссыздан басталып, қатаң дауыссызға аяқталатын сөзді табыңыз.

А) ойлант

В) қызарт

С) сәнқой

D) шешен

Е) табыскер

7. Анықтауыш қызметінде қолданылатын етістік түрін атаңыз.

А) көсемше

В) болымсыз етістік

С) сабақты етістік

D) тұйық етістік

Е) есімше

8. Шартты жалғаулықты табыңыз.

А) дейін, шейін, туралы

В) мен, бен, пен

С) бірақ, алайда, дегенмен

D) егер, егер де

Е) сол себепті, сондықтан

9. Меңгеру дегеніміз не?

А) бастауыш пен баяндауыштың байланысы

В) сөздердің септік жалғауларының (атау мен іліктен басқа) біреуі арқылы байланысуы

С) ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысы

D) сөздердің өзара ешбір жалғаусыз тұрған орны арқылы байланысуы

Е) шылау арқылы байланысу

10. Тәуелдеулі формадағы табыс септігін табыңыз.

А) атасында

В) атасын

С) атасына

D) атасынан

Е) атасымен

11. «Сарыарқа», «Үш қиян» толғаулары кімдікі?

А) Мұрат

В) Шортанбай

С) Бұқар

D) Ақтамберді

Е) Нарманбет

12. Әдеби шығармада табиғат көрінісінің бейнеленуіқалай аталады?

А) әңгімелеу

В) суреттеу

С) пейзаж

D) пролог

Е) монолог

13. М.Шахановтың «Нарынқұм зауалы» шығармасы кімге арналған?

А) Сырым батырға

В) Кенесарыға

С) Абылайға

D) Махамбетке

Е) Исатайға

14. «Даналық кітабы» кімдікі?

А) Ахмет Ясауи

В) Әл-Фараби

С) Махмұт Қашқари

D) Сүлеймен Бақырғани

Е) Жүсіп Баласағұн

15. Абай айтқан бес асыл істің қайсысы аталған?

А) ақыл

В) білім

С) ғылым

D) рақым

Е) мейірім

16-25 тапсырмалар [әр дұрыс жауап үшін 2 ұпай беріледі]

16. Сындық мағыналы тұрақты тіркесті табыңыз.

А) қой аузынан шөп алмас

В) қаннен қаперсіз

С) ат шаптырым жер

D) көзді ашып жұмғанша

Е) қолды болды

17. Құрмалас сөйлемнің бағыныңқы түрінің баяндауышы ретінде қолданылатын етістік түрін атаңыз.

А) болымды етістік

В) көсемше

С) салт етістік

D) сабақты етістік

Е) болымды етістік

18. Етістіктен жасалған зат есімді табыңыз.

А) малшы

В) адамшылық

С) ілмек

D) үлкендік

Е) асхана

19. Өлең сөзбен жазылған сюжетінде әңгімелеу сипаты басым көлемді туындыны көрсетіңіз.

А) өлең

В) баллада

С) поэма

D) ода

Е) сонет

20. Күлдір, күлдір кісінетіп,

Күреңді мінер ме екенбіз

Күдеріден бау тағып,

Кіреуке тон киер ме екенбіз. Үзінді кімнен алынған?

А) Ақтамберді

В) Доспамбет

С) Қазтуған

D) Бұқар

Е) Абыл

21. «Қараадырдың қарағайлы сайы елсіз. Айнала қатқабат шұбар адырлар. Жақын төбелердің барлығын

аласа боз қараған, тобылғы басқан» деп басталатын шығарманы көрсетіңіз.

А) «Есіл бойында»

В) «Көксерек»

С) «Қараш-қараш»

D) «Қилы заман»

Е) «Жетім»

22. «Менің пірім Сүйінбай,

Сөз сөйлемен сиынбай», - деген ақын кім?

А) Дулат

В) Жиембет

С) Жамбыл

D) Қашаған

Е) Шортанбай

23. Қырғыздың ақыны Қатағанмен айтысқан кім?

А) Біржан

В) Сүйінбай

С) Жамбыл

D) Ізбас

Е) Сара

24. Буын саны тұрақты келетін өлең жолы қалай аталады?

А) тармақ

В) бунақ

С) буын

D) ырғақ

Е) ұйқас

25. «Қорқыт ата кітабы» неше жырдан тұрады?

А) 8

В) 9

С) 10

D) 11

Е) 12

26-30 тапсырмалар [әр дұрыс жауап үшін 3 ұпай беріледі]

26. Қимылдың объекті мен субъектіге қатысын білдіретін етістік формасын көрсетіңіз.

А) шақ

В) жақ

С) рай

D) етіс

Е) есімше

27. Тежеу мағыналы демеулік шылауды табыңыз.

А) ақ, ау, ма, бе

В) ғана, қана

С) ғой, ай, да

D) ды, ді, ау

Е) бірақ, алайда

28. Ноян, Құралай, Абылай хан қай поэманың кейіпкерлері?

А) «Оқжетпестің қиясында»

В) «Еңлік-Кебек»

С) «Батыр Баян»

D) «Қалқаман-Мамыр»

Е) «Ертегі»

29. Әдеби бейненің сырт кескінін суреттеу қалай аталады?

А) портрет

В) характер

С) деталь

D) эпизод

Е) образ

30. «Ерғабыл қарттың баласының келеміз дегенін естігелі дегбірі қашады. Бір қуанып, бір мұңаяды.

«Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар», -деп мақалдап көзін жұмды.Үзінді қай шығармадан

алынған?

А) «Әке»

В) «Қонақтар»

С) «Тәмпіш қара»

D) Өсиет»

Е) «Туған жер»

















































Тест жауабы

  1. B

  2. E

  3. E

  4. D

  5. D

  6. B

  7. E

  8. D

  9. B

  10. A

  11. A

  12. C

  13. D

  14. A

  15. D

  16. C

  17. B

  18. C

  19. B

  20. A

  21. B

  22. C

  23. B

  24. B

  25. E

  26. D

  27. B

  28. C

  29. A

  30. B

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ