8 сынып ҚМЖ, 8.1.2.7 - азық – түлік құрамындағы С дәруменін анықтау.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

8 сынып ҚМЖ, 8.1.2.7 - азық – түлік құрамындағы С дәруменін анықтау.

Материал туралы қысқаша түсінік
8.1.2.7 - азық – түлік құрамындағы С дәруменін анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы


8 сынып №

ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Зертханалық жұмыс№5 «Тағамдық заттар құрамынан С дәруменді анықтау».

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

«Қоректену»

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 8 «а»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Зертханалық жұмыс№5 «Тағамдық заттар құрамынан С дәруменді анықтау».

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.2.7 - азық – түлік құрамындағы С дәруменін анықтау;

Сабақтың мақсаты:

азық – түлік құрамындағы С дәруменін анықтайды;

ЕБҚ ( қабылдауы баяу): сабақтың оқу мақсаты бойынша өз ойын тұжырымдайды;

Сабақтың барысы: Ганье теориясы бойынша 9 сабақ бөлімі

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті


Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы




1.Оқушылардың назарын аудару

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.

«Кіру билеті» әдісі бойынша оқу мақсатына сай сұрақ қойылады.


Дәрумендер қандай екі топқа бөлінеді?

Оларды қайдан алуға болады?

Адамның денсаулығы және дәрумендерге бай тағамдар бір-бірімен қалай

байланысқан?

Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.


Кіру билетінде қойылған сұрақтарға жауап береді, ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б

Интерактивті панель, презентация


2.Сабақтың мақсатын таныстыру

8.1.2.7 - азық – түлік құрамындағы С дәруменін анықтау.

Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады.

«Өзін-өзі бағалау» әдісі

Интерактивті панель, презентация


Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж,

44-бет.

3.Бұрынғы білімін еске түсіру

«Айырмашылығы неде?»

Оқушыларға екі түрлі сөз беріледі. Сол екі сөздің арасындағы айырмашылықты анықтау. Жауаптарын дəлелдеу.



«Суда еритін дәрумендер»

«Майда еритін дәрумендер»


«Айырмашылығы неде?»

Оқушыларға екі түрлі сөз беріледі. Сол берілген екі сөздің арасындағы айырмашылықты анықтайды. Жауаптарын дəлелдейді.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация


Биология. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық/ Очкур.Е.А, Құрманғалиева.Ж.Ж-Алматы,Мектеп,

2017ж

Сабақтың ортасы




4.Жаңа тақырыпты таныстыру

«Қазіргі атаулар» әдісі

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды, атаулар бойынша топқа біріктіріледі.


Дәрумендер,авитаминоз,

гипервитаминоз,

ақшам соқыр,

каротин,мешел

(рахит),құрқұлақ

(цинга),бери-бери, пеллагра.

«Қазіргі атаулар» әдісінде берілген термин сөздердің мағынасы мен мазмұнын айтады, топқа бірігіп отырады.

Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б

Интерактивті панель, презентация



Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж,


5.Оқушыларға бағыт бағдар беру

«Кинометафора» әдісі.

Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді.

«Өзін-өзі бағалау» әдісі

Интерактивті панель


бейнефильм

https://youtu.be/WAH4FF6EMyc?si=F1PlVrmpHCvfVmm1



https://youtu.be/IoG_w69FTLs?si=StF5-O6C536hfEag


6.Практикалық тапсырмалар беру.

Топтық жұмыс.



5 з е р т х а н а л ы қ

ж ұ м ы с

Азық-түлік құрамындағы С дәруменін анықтау

Жұмыс мақсаты: азық-түлік құрамындағы С дәруменін анықтаудың қарапайым әдістерін меңгеру.


Оқушылар керекті құралдарды қара қарақат, лимон, алма, ашыған қырыққабат, апельсин, картоп шырыны, дистилденген су, крахмал суспензиясы немесе коллоид1, дәріханалық йод, 5%-дық спирт ерітіндісін алып зертханалық тәжірибені жасайды.

Дескриптор:

-зертханалық жұмыстың тақырыбын, мақсатын және жұмыс барысын жазады - 4 балл;

-зертханалық жұмыс барысы реттілігімен тәжірибені жасайды- 4 балл;

- зертханалық тәжірибенің қорытындысын шығарып өз нәтижелерін жазады – 2 балл;


«Өзін-өзі бағалау» әдісі

Интерактивті панель, презентация



Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж,


Жұмыс дәптерлері


Құрал-жабдықтар: қара қарақат, лимон, алма, ашыған қырыққабат, апельсин, картоп шырыны, дистилденген су, крахмал суспензиясы немесе коллоид1, дәріханалық йод, 5%-дық спирт ерітіндісі, химиялық ыдыс.


Сабақтың соңы



7.Кері байланыс беру

Кері байланыс «4 себеп» әдісі арқылы. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Мұғалім оқушыларды

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!


Презентация


1.Мен түсіндім, себебі ...

2.Мен түсінбедім, себебі ...

3.Мен қолдана аламын, себебі ...

4.Маған тиімді болмады, себебі .../ұсыныс……..


8.Бағалау

Жеке тапсырма:

ЕБҚ тапсырма:

«Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір»

Қандай жаңа білім алдың?

Алған біліміңді қолдана аласың ба?

Саған қиындық тудырған түсініктер.

Сабақ мазмұны бойынша ойын жазады, қандай білім алғанын тұжырымдайды. Берілген сұрақтарға жауап жазады.

Дескриптор:

- сабақтың оқу мақсаты бойынша өз ойын тұжырымдайды – 7 балл;



Интерактивті панель, презентация

Жұмыс дәптері

9.Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру

Шығармашылық жұмыс.

Тірек сызба «Ағзаның ішкі ортасы және оның маңызы»

Білім алушылар келесі тақырыптың тақырыбымен және тірек сызба сызады. Ой қозғау жүзеге асады.

«Өзін-өзі бағалау» әдісі

Жұмыс дәптері


Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж,



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША


ЕБҚ тапсырма:

«Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір»

Қандай жаңа білім алдың?

Алған біліміңді қолдана аласың ба?

Саған қиындық тудырған түсініктер







5 з е р т х а н а л ы қ ж ұ м ы с

Азық-түлік құрамындағы С дәруменін анықтау

Жұмыс мақсаты: азық-түлік құрамындағы С дәруменін анықтаудың қарапайым әдістерін меңгеру.

Құрал-жабдықтар: қара қарақат, лимон, алма, ашыған қырыққабат, апельсин, картоп шырыны, дистилденген су, крахмал суспензиясы немесе коллоид1, дәріханалық йод, 5%-дық спирт ерітіндісі, химиялық ыдыс.

Жұмыс барысы

1. Әртүрлі сынауыққа 20 мл-ден шырын құйыңдар.

2. Шырынға дайындалған крахмал суспензиясынан шамамен 5 мл-ден құямыз. Сосын сынауықтағы қоспаны араластырамыз.

3. Йод ерітіндісін 40 есе сұйылтамыз. Енді осындай йодтың 1 мл-іне 0,875 мг С дәрумені сәйкес келеді.

4. Арнайы химиялық ыдыс арқылы шырыны бар сынауықтарға тамшылатып (титрлеу) дайындалған йод ерітіндісін қосыңдар. Жұмсалған йод мөлшерін мұқият санап алыңдар.

5. Шырыны бар ерітіндінің көкшіл түске айналуы бұл – йодтың С дәруменін тотықтырып, крахмалмен әрекеттесе бастағанына дәлел. Әр сынауыққа неше миллилитр йод жұмсалғанын жазыңдар.

6. Йод сынамасы бояуының өзгеру дәрежесі және жұмсалған йод мөлшері бойынша әртүрлі өсімдік шырынындағы С дәруменінің мөлшері туралы қорытынды жасаңдар.

7. Шырындарды С дәрумені мөлшерінің арту реті бойынша орналастырып, кестені толтырыңдар. С дәруменінің мөлшерін шамамен есептеп, көрсетуге болады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.10.2023
673
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі