жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
8 сынып ҚМЖ; 8.1.7.7- терінің сезімталдығын зерттеу;
8 сынып №50
ДӘІЖО___________
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
«»
КММ
(білім беру ұйымының
атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Адам денесінде орналасқан тері рецепторлары (терморецепторлар, механорецепторлар, ноцицепторлар)
Зертханалық жұмыс№14. «Тері сезімталдығын зерттеу» §43. Адам денесінің рецепторлары.
(Сабақ тақырыбы)
|
Бөлім: |
«Координация және реттелу» |
|
Педагогтің аты-жөні: |
|
|
Күні: |
13.03.2024 |
|
Сыныбы: 8 «а» |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Адам денесінде орналасқан тері рецепторлары (терморецепторлар, механорецепторлар, ноцицепторлар) Зертханалық жұмыс№14. «Тері сезімталдығын зерттеу» §43. Адам денесінің рецепторлары. |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
8.1.7.7- терінің сезімталдығын зерттеу; |
|
Сабақтың мақсаты: |
терінің сезімталдығын зерттейді; ЕБҚ: сабақтың оқу мақсаты бойынша өз ойын сипаттайды; |
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы Бұрынғы білімін еске түсіру |
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз: Неліктен қанның құрамындағы көмірсу мөлшері жеген тағам түріне, оның құрамына қарамастан тұрақты болады? Қандай гормондар ағзада зат алмасуға қатысады және олар қандай бездерде түзіледі? Эндемиялық зоб пен кретинизм ауруларының пайда болу себебі неде? Аурулардың пайда болуын қандай бездің жұмысымен байланыстыруға болады? |
Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды. Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. Өз ойын, ой-пікірін білдіреді. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б «Ашық журнал» әдісі Дескриптор: - сұрақтарға жауап береді – 2 балл; |
Интерактивті панель Презентация |
|
Оқушылардың назарын аудару |
«Менен сұрақ-сенен жауап» әдісі бойынша оқу мақсатына сай сұрақ қойылады. Рецепторлар дегеніміз не? Адамның терісінде қандай рецепторлар болады? |
Менен сұрақ-сенен жауап әдісінде қойылған сұрақтарға жауап береді, ой қозғау жүзеге асады. |
«Ашық журнал» әдісі Дескриптор: - сұрақтарға жауап береді – 2 балл; |
Интерактивті панель Презентация |
|
Сабақтың мақсатын таныстыру |
Сабақтың оқу мақсаты: 8.1.7.7- терінің сезімталдығын зерттеу; Сабақтың мақсаты: терінің сезімталдығын зерттейді; |
Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады. |
Кері байланыс: «Өте жақсы!» «Жақсы!» «Талпын!» |
Интерактивті панель Презентация Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж |
|
Жаңа тақырыпты таныстыру |
«Тың мәлімет» Мұғалім жаңа сабақты түсіндіру сәті. |
Ақпараттан керекті жерін түртіп жазып алады. |
Кері байланыс: «Мадақтау» әдісі «Жарайсың!» «Тамаша жауап» т.б |
Интерактивті панель Презентация |
|
Сабақтың ортасы Оқушыларға бағыт бағдар беру |
«Атаулар мекені» Тақырып бойынша термин сөздердер беріледі. Тыңдаушылар қосымша ақпараттан жауаптарын сипаттау, теориялық білімдерін молайту. Рецепторлар– терморецепторлар, механорецепторлар, ноцицепторлар. |
Тыңдаушылар қосымша ақпараттан жауаптарын жазып, теориялық білімдерін молайтады. |
«Ашық журнал» әдісі Дескриптор: - кілт сөздердің мазмұнын сипаттайды – 2 балл; |
Интерактивті панель Презентация |
|
Практикалық тапсырмалар беру. |
Жеке жұмыс ЗЖ тапсырмалары ҚМЖ қосымшасында орналасқан Зертханалық жұмыс№14. «Тері сезімталдығын зерттеу» |
Оқушылар жеке ЗЖ тапсырмаларын орындайды. Бір-бірімен пікір алмасады. Ой қозғау жүзеге асады. |
Жеке жұмыс ЗЖ тапсырмаларының дескрипторы ҚМЖ қосымшасында орналасқан |
Интерактивті панель Презентация Үлестірме парақтар Жұмыс дәптерлері |
|
Бағалау |
Жеке жұмыс ҚБ тапсырмалары ҚМЖ қосымшасында орналасқан |
Оқушылар жеке ҚБ тапсырмаларын орындайды. Бір-бірімен пікір алмасады. Ой қозғау жүзеге асады. |
Жеке жұмыс ҚБ тапсырмаларының дескрипторы ҚМЖ қосымшасында орналасқан |
Интерактивті панель Презентация Жұмыс дәптері |
|
Сабақтың соңы Кері байланыс беру |
Кері байланыс «4 себеп» әдісі арқылы. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды. |
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. |
Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Жақсы! Талпын!
|
Интерактивті панель Презентация
1.Мен түсіндім, себебі ... 2.Мен түсінбедім, себебі ... 3.Мен қолдана аламын, себебі ... 4.Маған тиімді болмады, себебі .../ұсыныс…….. |
|
Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру |
Үй тапсырма: қайталау |
Білім алушылар алдыңғы өткен оқу мақсаттарын қайталайды. Ой қозғау жүзеге асады. |
Кері байланыс: «Өте жақсы!» «Жақсы!» «Талпын!» |
Жұмыс дәптері Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж |
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША
§43. Адам денесінің рецепторлары
|
• Терідегі төрт түрлі тітіркенгіштікті қабылдайтын рецепторлар: |
|
1) жанасу (қысым) 2) ауруды сезіну 3) суықты сезіну 4) жылыны сезіну |
|
• Тітіркендіргішке жауап беруіне қарай рецепторлар 3-ке бөлінеді: |
|
➢ Терморецепторлар ➢ Механорецепторлар ➢ Ноцицепторлар |
|
Терморецепторлар |
➢ Қоршаған орта температурасының өзгеруіне жауап береді |
|
Механорецепторлар |
➢ Кез келген механикалық әсерге жауап береді ➢ Негізінен жанасудан пайда болған сезінуді қабылдайды ➢ Көзі көрмейтін адамдарда жақсы дамыған |
|
Ноцицепторлар |
➢ Ауруды сезінуді қабылдауы мүмкін ➢ Механорецепторлар болуы мүмкін |
|
• Теріден тыс рецепторлар кездеседі: |
|
➢ Буындарда ➢ Бұлшық еттерде ➢ Сіңірлерде ➢ Кейбір сілемейлі қабықшаларда |
ЖҰМЫС ПАРАҒЫ
Оқушының аты-жөні: ______________________________________сыныбы:___________
№14 з е р т х а н а л ы қ ж ұ м ы с
Терінің сезімталдығын зерттеу
Жұмыс мақсаты: терінің беткі жағында орналасқан тактильді және суықты қабылдайтын рецепторлардың орналасу жиілігін анықтау.
Құрал-жабдықтар: басы доғал түйреуіш, 600С температурадағы су, мұз, сиясы түрлі түсті қалам.
Жұмыс барысы
1. Алақанның сыртқы бетінен және білек буынынан басы доғал түйреуішпен тактильді нүктелерді тауып, оны қызыл түсті сиямен белгілеп қойыңдар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген