400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

8-сынып ҚМЖ Т.Сұлтанбеков "Ғажайып планета"

Материал туралы қысқаша түсінік
8-сынып ҚМЖ Т.Сұлтанбеков "Ғажайып планета"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі Т2

Күні:

Сынып: 8

Бөлім: I. Білім. Ғылым. Инновация

Педагогтің аты-жөні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

7.Т.Сұлтанбеков «Ғажайып планета»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

8.1.5.1 тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау

8.2.1.1 тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтайды және тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрайды

Тілдік мақсаттар

Қанша? Қаншадан?

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут


Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.Көтерiңкi көңiл-күй oрнaту үшiн «Көңіл-күйім» әдісін қолдану арқылы сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл-күй қалыптастыру. Кабинеттің төрт бұрышына смайликтер жапсырылады. Смайликтер түрлі көңіл-күйді бейнелейді. Оқушылар өз көңіл-күйіне сәйкес келетін смайликтің жанына барады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады


слайд


Суреттер

Сабақтың ортасы

30 минут


Сөздікпен жұмыс:

жарықтандыр, тың , зиялы, тіркелуші, нақты


  1. Жаңа сөздердің мағыналарын түсіндіру. 2. Дұрыс айтуға дағдыландыру: мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

  2. ЖАҢА СӨЗДЕР жарыққтандыр, тың зиялы, тіркелуші, нақты


Жаңа сөздерді тыңдайды, оқиды, мұғалім соңынан қайталайды.

Оқушылар жаңа сөздермен сөз орамдарын, қарапайым сөйлем құрастырады.

Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.






Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!

Оқулық

17 бет


сөздік

слайд













1-тапсырма. Мәтінді оқ

ы. Мәтін мазмұны бойынша Талап Сұлтанбековтің түйіндемесін жаз.

Талап Сұлтанбеков – жазушы, журналист. Ол – қазақ әдебиетінде фантастика жанрының дамуына ерекше үлес қосқан суреткер, зиялы тұлға. Қаламгер тың тақырыптағы «Көшпелі алтын», «Лұқман хакім», «Жүрек тулайды», «Жұлдыз ат», «Тізгін», «Темір еліне саяхат» секілді шығармалар жазды. Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарын насихаттаушы, республикалық дәрежедегі төреші, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы.

Т.Сұлтанбеков 1930 жылы Алматы облысы Ақсу ауданында туған. 1955-1959 жылдары «Жетісу» газетінде, 1962-1970 жылдары «Білім және еңбек» журналында жұмыс істеді.

1970-1985 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында қызмет етті.

1985-1991 жылдары Бүкілодақтық «Киноорталық» бірлестігінің қазақ бөлімінде директор болды. Жазушының аты ел тарихында алтын әріппен тіркелді.




Оқылым. Жазылым.

Мәтінді оқиды. Түйіндеме жазады.

Сұрақтарға жауап берді.


Дескриптор:

-Мәтінді мұқият оқиды;

- Түйіндеме жазады;


Оқулық

17 бет




















Оқулық

19 бет




2-тапсырма. Жазылым. Айтылым.

Интернет материалының негізінде Талап Сұлтанбековтің тұлғасын ашу үшін замандастарының пікірлерін тауып жаз. Олардың ойын дәйексөз ретінде қолданып, жазушы туралы өз пікіріңді түйіндеп айт.

Жазылым, айтылым тапсырмасын орындайды. Талап Сұлтанбековтің пікірін тауып жазады. Жазушы туралы пікірін түйіндеп жазады.

Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!



3-тапсырма. Жазылым.

Өзің оқыған 2-3 фантастикалық кітап туралы жаз. Кітаптың авторы, аты, мазмұны туралы қысқаша мәлімет жаз.

Оқушылар өзі оқыған 2-3 фантастикалық кітап туралы жазады. Кітаптың авторы, аты, мазмұны туралы қысқаша мәлімет жазады.

«Бесбармақ» әдісі








Оқулық

17 бет





Сергіту сәті.


4-тапсырма. Тыңда. Мәтінді оқы. Тақырып қой.







Сергіту сәтін орындайды.


Айтылым.

Мәтінді оқиды. Тақырып қояды.


«Байқоңыр –12» өзіне жүктелген тапсырманы ойдағыдай орындады. Экипаж кемедегі жұмыстың бәрін автокосмонавқа жүктеп, үш айлық терең ұйқыға кеткен. Мұндай алыс жолдарды космонавтар анабиоздық ұйқыда өткізеді.


«Байқоңыр –12» кемесі космос әлемін жарықтандырып, үнсіз жүзіп келеді. Ең ақыры жасанды адам физиомеханикалық Кибер де «шешініп» жатып қалған. Кенет «апат» аппаратының кернейі сарнап қоя берді. «Байқоңыр – 12» жүрісін баяулатып қалыпты. Алдымен Кибер оянды. Ол жан ұшырып механик Осиповты жұлқылады. Әп-сәтте бүкіл экипаж аяғынан тік тұрды. Осипов электрондық миды іске қосты.

-Не боп қалды? Нақты айт!

- «Байқоңырға» міндетті түрде қону керек!

Электрондық ми аса бір үлкен қауіп болмаса, космос кемесіне қону керек екенін айтпайды.

Экспедиция жинап қайтқан материал тың әрі өте құнды еді. Оны аман-есен адамзат ұрпағына жеткізу – бұлжымас борыш. Экипаж мүшелерінің әрқайсысы өзінің жұмыс орнында. Жинаған материалды сұрыптап, тіркеуші космостың қобдиша-ракеталарға салып жатыр. «Байқоңыр» анау-мынау боп кетсе, материал өлмесін». Бәрінің ойы осы.



Дескриптор

- Мәтінді оқиды;

-Мәтінге тақырып қояды;



Оқулық

19 бет


Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия (Ө)Әдісі: Кері байланыс

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін

смайликтер арқылы көрсетеді.


Үй тапсырмасы: 5- тапсырма, 20 бет

Бағалау.Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
09.09.2023
1109
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі