Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
8-сынып ТЖБ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Қазақстан тарихы» пәнінен І тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
-
Берілген сурет пен мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
«Патшаның тақтан құлағаны жөніндегі хабар Қазақстан аймағына тез тарады. Нәтижесінде Ресейде Уақытша үкіметтің құрылуы жөніндегі хабарды қазақ демократиялық қоғамы қуанышпен қарсы алды...»
Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Б.Ғ.Аяған, 2009ж, 36-б
Мәтін және сурет бойынша тапсырма: Бұл қандай оқиға? Нәтижесі? Саси тұлғалары?
[3]
Осы оқиға саяси, экономикалық, әлеуметтік жағынан қоғамға қандай өзгерістер алып келді?
-
Саяси өзгерістер
Экономикалық өзгерістер
Әлеуметтік өзгерістер
-
Ақынның өлең жолдарын пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.
...Батырдың қала шапқаны Ноябрьдің алтысы.
Дүйсенбінің күні еді. Ызасына шыдамай, Қашаннан батыр жүр еді. Соңынан еріп көп әскер, Ақсұңқар құстай түледі.
...Жалтақтап тұрған хандарға, Ақырып батыр айқайлап, Қалаға жалғыз кіреді.
Солдатына патшаның Аш бөрідей тиеді.
[3]
Омар Шипин
Ақын, Омар Шипиннің негізгі идеясы
1.
2.
[2]
1916 жылғы көтеріліс жетекшілерінің қызметі туралы жазыңыз.
Амангелді Иманов
Бекбдолат Әшекеев
[2]
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызына екі дәлел келтіріңіз.
[2]
-
Мәтін және сурет бойынша тапсырма:
«Қазақ жерінде қоныс аударушы орыс шаруалары мен орыс казактарының саны басым әрі олардың қолында қару бар. Және билік те солардың жағында. Біз әуелі оларды ішке тартып, біз сендерді ешқайда қумаймыз, сендерге жаулығымыз жоқ, бірігіп мемлекет құрайық, бірлесіп әрекет етейік деп оларға түсіндірейік. Сосын барып, тәуелсіздікті жариялайық»
Орынбор, Жалпықазақ съезі. 1917ж.
Қазақтың зиялы азаматтарын біріктірген қандай мақсат болды?
Қазақ зиялылары ұстанымының қаншалықты маңызды екендігіне баға беріңіз.
Ахмет Байтұрсыновтың қызметі:
. Міржақып Дулатовтың қызметі:
Әлихан Бөкейхановтың қызметі:
Қорытынды
[6]
-
«Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы саясаты тиімді болды» тақырыбында ПТМС формуласы негізінде талдау жасаңыз.
П (Позиция) Т (түсіндіру)
М (мысалы, 4 мысал келтіру) С (салдары, қорытынды)
[7]
Балл қою кестесі
№ |
Жауаптары |
Балл |
Қосымша ақпарат |
1 |
Суреттерге және мәтінге назар аудара отырып, Ақпан революциясы оқиғасы екендігін дұрыс атайды. |
1 |
Басқа да дұрыс жауаптар қабылданады |
Нәтижесі: Ақпан революциясы жеңіске жетті. Монархия құлатылып, патша тақтан тайдырылды. |
1 |
||
Саяси тұлғаларын атап өтеді: Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, М.Шоқай. т.б. |
1 |
||
Саяси өзгерістер: Төңкеріс нәтижесінде жаңа биліктің келуі, саяси партиялар санының артуы |
1 |
||
Экономикалық өзгерістер: меншік түрлеріне қатысты өзгерістер |
1 |
||
Әлеуметтік өзгерістер: әлеуметтік топтар арасындағы теңсіздік мәселесінің қайта қаралуы |
1 |
||
2 |
Бұл өлең жыраулар поэзиясы үлгісінде, батырлық рухта жазылған. 1916 жылғы көтеріліс барысындағы батырлардың ерлігін көрсетуге бағытталған. |
2 |
Нақты түсінік қалыптастырат ын, құрылымы әртүрлі сөйлеммен жазылған мүмкін болатын жауаптар қабылданады. |
Амангелді батырдың екпінін ақын «ақсұңқар құсқа», «ашбөріге» теңейді. Халықтың мұң – мұқтажын басты мақсат еткен батыр болды. Бекболат Әшекеев қазақ халқының тәуелсіздігін қалпына келтіруге тырысты, дәстүрлі ел басқару жүйесін қалыпына келтіруге қадам жасады. |
2 |
||
1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс басылып тасталды. Бірақ ол тарихта ізсіз кеткен жоқ: халық бұқарасының ұлттық санасын оятты, отаршылдыққақарсы күрес тәжірибесін молайтты, саяси аренаға қазақ зиялыларының демократиялық бағыттағы күрескер тобының өсіп шығуына тікелей ықпал етті. |
2 |
||
3 |
Елді отарлық құлдықтан құтқару және саяси көзқарасты өзгерту; |
1 |
|
Қазақ қоғамының әлеуметтік экономикалық және қоғамдық саяси өмірінде түбірлі өзгерістерді жүзеге асыру жарияланды. |
1 |
||
Ахмет Байтұрсынов – қазақ жазуына реформа жүргізудің қағидаларын белгілеп, бірініші қазақ әліппесінің авторы атанды. Ұлттын автономия алуы үшін күресті. |
1 |
||
Міржақып Дулатов – Құқықтық мемлекет қағидатын ұстанды. «Оян, Қазақ!» атты өлеңдер жинағының авторы. |
1 |
|
Әлихан Бөкейханов - Алаш жерінің астындағы, үстіндегі, көгіндегі барлық байлық қазақтың өзіне қызмет етуі тиіс. «Бөкейхановтың сөзімен айтсақ, «қазақтың әрбір тасы қазақтың өңіріне түйме болып тағылуы тиіс» |
1 |
|
||
|
Қорытынды: |
Қазақ үшін қабырғасы қайысып, тек |
1 |
||
тәуелсіздікке ғана емес, ойдың, білімнің, мәдениеттің тәуелсіздігіне ұмтылған тұлғалардың қазақ тарихында алар орны теңдессіз. |
|||||
|
П: «Алаш» партиясының ұлттық жаңғыртудағы саясаты тиімді болды |
мемлекеттілікті |
1 |
Нақты түсінік |
|
|
|
қалыптастырат |
|||
|
|
ын, құрылымы әртүрлі сөйлеммен жазылған |
|||
Т: Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы идеялары қазіргі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Өйткені ол қазақтың мәдениеті мен ділімен ұштастырылған болатын. |
1 |
||||
|
Мысалы: Алаш партиясының бағдарламасында |
|
мүмкін |
||
|
жарияланған әрбір бөлім қазақтың жүрегінен шықты. |
|
болатын |
||
|
Мысалы: Жерсіз Отан жоқ. Туған жердің құдіреті мен |
|
жауаптар |
||
4 |
қасиетін, балығын қазақтың әр баласы көру қажет. Экономикалық тәуелсіз ел болу керек. Барлық өндірілген |
4 |
қабылданады. |
||
|
өнімнің қызығын қазақ халқы көру тиіс.Қазақ жерін қазақ |
|
|
||
|
басқару қажет. Жеке, тәуелсіз ұлттық – демократиялық |
|
|
||
|
мемлекет құру керек. |
|
|
||
|
Алаш партиясының бағдарламасынждағы негіхзгі |
1 |
|
||
|
идеялар ішінара орындалды. Сол кездегі саясаттын |
|
|
||
|
салдарынан ұтымды идеялардың жүзеге асуына |
|
|
||
|
мүмкіндік берілмеді. Дегенмен қазіргі таңда Алаш |
|
|
||
|
идеялары жүзеге асты деп айта аламыз. |
|
|
||
Жалпы балл: |
25 |
|