400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

8 сынып "Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы маңызы"

Материал туралы қысқаша түсінік
пән мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

8.4С Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

Күні:

Сынып: 8

Мектеп: «А.Тихoненкo атындағы орта жалпы білім беретін мектебі» КММ

Мұғалімнің аты-жөні:

Баймурзилова Аида Максутовна


Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы: Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы маңызы. Өзгергіштік пен қоршаған орта жағдайларына бейімделгіштік арасындағы өзара байланыс


Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.4.1 тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы ролін дәйектеу

Сабақтың мақсаты

- Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы маңызына сипаттама беру.

- Эволюциядағы өзгергіштіктің түрлерін талдап, өзгергіштік пен қоршаған орта жағдайларына бейімделудің әсерін талдау.

- Өсімдіктер және жануарларға тән тұқым қуалайтын бейімделуге мысалдар келтіріп дәлелдеу.

Бағалау критерийі

- Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы маңызына сипаттама береді.

- Эволюциядағы өзгергіштіктің түрлерін талдап, өзгергіштік пен қоршаған орта жағдайларына бейімделудің әсерін талдайды.

- Өсімдіктер және жануарларға тән тұқым қуалайтын бейімделуге мысалдар келтіріп дәлелдейді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар қолданады:

Оқылым: Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтарын оқулықтан оқи отырып, мәтінді топпен, жұппен талдайды, сыныппен ойын бөліседі. Сыни пікірлерін білдіріп, мәтінді талдайды.

Тыңдалым: Тұқымқуалушылық пен өзгергіштіктің заңдылығы жайында бейнеролик көріп, сол бойынша сұрақтарға жауап беріп, жаңа сабақтың мақсатын анықтайды.

Айтылым: Оқушылардың бойында академиялық тілді қалыптастыру, сабақ барысында топтық, жұптық,жеке жұмыс кезінде өз ойларын жеткізеді.

Жазылым: Сабақ барысында термин сөздермен, тестпен, сызбалармен жұмысты дәптерге жазады.


Пәнге қатысты терминдер мен негізгі сөз тіркестері:

Тұқымқуалаушылық, өзгергіштік, эволюция, тұқым қуалайтын өзгергіштік, мутациялық, үйлесімді (комбинативтік) және модификациялық (тұқым қуаламайтын) өзгергіштік, бейімделу.


Талқылауға арналған тармақтар:

Тұқымқуалаушылық ... ата- аналарына ұқсау қабілеті.

Өзгергіштік... ерекшелену қасиеті.

Модификациялық тұқымқуалаушылыққа... белгілер тән.

Өзгергіштіктің түрлері... деп бөлінеді.

Тұқымқуалайтын өзгергіштіктің нәтижесінде ағзалар ... ұрпақтарына береді.

Мутация кезінде ағзаның басқа да ... өзгеріске ұшырайды.

Үйлесімдік өзгергіштікте ... үйлесім тауып бірігеді.


Құндылықтарға баулу

Жұптық, топтық жұмыста өзара ынтымақтастықта болу, бір-бірін сыйлау, құрметтеу. Оқушыларды өмір бойы білім алуға тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс

География – қоршаған ортаның өзгеруі, ағзалардың климаттық өзгерістерге бейімделуі. Химия - нәруыздар, ДНҚ сақиналары.

Орыс тілі, ағылшын тілі- терминдермен жұмыс кезінде қолданылады.

Алдыңғы білім

7-сынып биологиясынан адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілер, үздік және үздіксіз өзгергіштіктер, белгілерді анықтаудағы гендердің рөлі, хромосомадағы генетикалық ақпарат ДНҚ-ның маңызы жайында біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңі


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


2 мин




Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, сыныпты түгелдеу, жақсы тілек айту арқылы жайлы ахуал қалыптастыру.






Сабақтың ортасы



















20 мин

















6 мин



















































5 мин

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын тақтада «Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы маңызы» жайында бейнеролик көрсетіледі. Сол арқылы оқушылар жаңа тақырыптың оқу мақсатын мұғаліммен бірлесіп анықтайды.

- Ағзалардың өз ата- аналарынан ерекшелену қасиетін не деп атаймыз?

- Ч. Дарвин өзгергіштіктің қандай формасын бөліп көрсеткен?

Тапсырма№1

Топтық жұмыс. «Еркін талқылау» әдісі.

Оқушыларды түрлі түсті қағаздармен 4 топқа бөлу. Әр топта 6 оқушыдан болады.


Оқушылар топта жұмыс жасайды. Топта бір бірімен тақырыпшаларды талқылайды. Ойларын флипчартқа салып, постер дайындап қорғайды.

Оқулықтағы мәтінмен жұмыс.


І топқа- Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің маңызы.

ІІ топқа-Өзгергіштіктің түрлері, оның тіршіліктегі маңызы.

ІІІ топқа- Эволюциялық үдерістегі өзгергіштіктің рөлі.

IV- топқа- Бейімделудің типтері және оның маңызы.


ҚБ: әрбір топ бір-бірін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісімен бағалайды.


Тапсырма №2 «Полиглот» әдісі


Оқушылар интерактивті тақтадан көрсетілген термин сөздерге анықтама береді, дәптерлеріне жазады. Термин сөздердің қазақша атауымен қатар, ағылшынша атауын да жазады.


Тұқымқуалаушылық, өзгергіштік, эволюция, тұқым қуалайтын өзгергіштік, мутациялық, үйлесімді (комбинативтік) және модификациялық (тұқым қуаламайтын) өзгергіштік, бейімделу.


Термин сөздер.


Қазақша атауы

Орысша атауы

Ағылшынша

Атауы

Тұқымқуалаушы-

лық

Наследствен-

ность

Hereditary


өзгергіштік

изменчивость

the variability

эволюция

эволюция

Evolution

тұқым қуалайтын өзгергіштік

наследственная изменчивость

hereditary variability

мутациялық өзгергіштік

волатильность мутаций

volatility of mutations

үйлесімді (комбинативтік) өзгергіштік

гармоничная волатильность

harmonious volatility

модификациялық өзгергіштік

изменчивость модификации

variability of modification

бейімделу

адаптация

Adaptation


Дескриптор:

-жаңа термин сөздермен танысады

- термин сөздердің қазақша атауымен бірге ағылшын атауымен де жазады.


ҚБ: оқушылар смайликтер арқылы өз-өздерін бағалайды.



Тапсырма №3. «10 сұрақ» әдісі


Тақырып бойынша тест. Оқушылар тест жұмысын орындап, жұбымен алмастырып өзара тексереді. Тесттің дұрыс жауабы тақтада көрсетіледі.

1.Генетикалық материалдың өзгерісімен байланысты пайда болатын өзгергіштікті ________ атайды.

А)тұқым қуаламайтын

В)модификациалық

С)тұқым қуалайтын

Д)адаптивті

2.Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің нәтижесі:

А)жаңа генотиптер

В)гендердің жаңа модификациясы

С)реакция нормасы

Д)хромосомалардың коньюгациясы

3.Тұқым қуалайтын өзгергіштікті екі түрге бөледі:

А)мутациялық және комбинативті

В)комбинативті және модификациялық

С)мутациялық және модификациялы

Д)онтогенетикалық және модификациялық

4.Модификациялық өзгергіштік деп нені түсінесіз?

А)Реакция нормасын

В)Фенотиптік өзгергіштікті

С)Генотиптік өзгергіштікті

Д)Белгінің кез келген өзгерісін

5. Геномдық мутацияның мысалын көрсетіңіз.

А)Орақ пішінді қан аздықтың пайда болуы

В)Картоптың триплоидты формасының пайда болуы

С)Иттердің құйрықсыз тұқымын шығару

Д)Жолбарыс-альбинотың туылуы

6. Өзгергіштік қанша түрге бөлінеді?

А) 2

В) 3

С) 4

Д) 5

7. Өзгергіштік сұрыптау үшін не береді?

А) белгі

В) материал

С) дәлел

Д) бейімділік

8. Мутация:

А) Тұқым қуалаушылық құрылымның секірмелі өзгеруі

В) Тұқым қуалау құрылымының тұрақтылығы

С) Комбинативті өзгергіштіктің нәтижесі

Д) Тұқымқуалайтын өзгергіштің нәтижесі

9. Сыртқы орта жағдайларының әсерінен организм генотипінің өзгеруі:

А) генотиптік өзгергіштік

В) тұқымқуалайтын өзгергіштік

С) Модификациялық өзгергіштік

Д) мутациялық өзгергіштік

10. Эволюцияның бағыттаушы факторы-

А) Сұрыптау

В) Бейімделу

С) Өзгергіштік

Д) Тұқымқуалаушылық.


ҚБ: «Бағдаршам» әдісімен оқушы өз-өзін бағалайды.











«Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы маңызы» бейнеролик














Постер,флипчарт, қарындаш, маркер, бояулар.














АКТ, слайд, ғаламтор желісі



















































Слайд,

биология оқулығы 8 сынып

А.И.Соловьева, Б.Т.Ибраимова,

Ж.Ә.Алина.

Сабақтың соңы



7 мин



Тапсырма №4. Венн диаграммасы.

Венн диаграммасында өсімдіктерге тән тұқым қуалау және жануарларға тән тұқым қуалайтын өзгергіштіктің белгілерін топпен бірлесіп жазып, олардың өзара ұқсастығын анықтайды.




Дескриптор:

- өсімдіктерге және жануарларға тән тұқым қуалайтын өзгергіштіктің белгілерін анықтады.

ҚБ: «Бас бармақ» әдісімен топтар өзара бағалайды.





Сабақтың қорытынды бөлімі. Кері байланыс.

Мадақтау сэндвичі әдісі арқылы оқушымен кері байланыс орнату.


1 бөлік – позитивті комментарий, не ұнады;

2 бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек;

3 бөлік – келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы …


Үй тапсырмасы: Ч. Дарвиннің айтуы бойынша

«Табиғи сұрыпталу- эволюцияның басты факторы, эволюцияның қозғаушы күші» тақырыбындағы пікірталасқа дайындалып келу.









Слайд, қосымша мәліметтер, оқулық

































Түрлі түсті стикерлер

Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және техника қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралау тест тапсырмасының мазмұны арқылы жүзеге асып, барлық оқушылар тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы маңызын анықтайды, көпшілігі өзгергіштіктің түрлерін нақтылайды, кейбір оқушылар өсімдіктер мен жануарлардағы тұқым қуалайтын бейімделу белгілерін белгілейді.

Тапсырма№1.

Топтық жұмыс. «Еркін талқылау» әдісі.

ҚБ: әрбір топ бір-бірін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісімен бағалайды.

Тапсырма №2. Полиглот әдісі

ҚБ: оқушылар смайликтер арқылы өз-өздерін бағалайды.

Тапсырма №3. 10 сұрақ әдісі

ҚБ: «Бағдаршам» әдісімен оқушы өз-өзін бағалайды.

Тапсырма №4. Венн диаграммасы. ҚБ: «Бас бармақ» әдісімен топтар өзара бағалайды.



Сабақ барысында интерактивті тақта сабақ материалдарын демонстрациялап көрсету үшін қолданылады. Оқушылар сабақта техникалық қауіпсіздік ережелерін ескеруі керек. Ғаламтормен жұмыс кезінде тоқ көзін пайдаланғанда қауіпсіздік ережесін сақтау қажет.

Сабақ бойынша рефлексия:

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы қолжетімді болдыма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарыңыздан ауытқу болды ма және неліктен?


Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау:


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді(оқу мен оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекеленген оқушылардың жетістіктері – қиыншылықтары туралы нені анықтадам, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
118 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
10527
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі