жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
8 сынып. XVI-XIX ғасырларда Қазақстан аумағының географиялық зерттелуі.
Алматы қыз балалар «Білім-Инновация» лицейі
география пәні мұғалімі
Кенжебаева Жанна Онгарбековна
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сынып: 8 «а», «б», «в» |
Күні: |
Пән: География |
||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
XVI-XIX ғасырларда Қазақстан аумағының географиялық зерттелуі. |
|||||||||||||
Сілтеме |
8 сынып оқулығы Ә.Бейсенова,Қ.Карпеков,Ұ.Есназарова,әдістемелік нұсқаулық,дәптер. |
|||||||||||||
Мақсаты |
-Қазақстанның Ресейге қосылуына дейінгі және қосылу кезеңіндегі нақты географиялық зерттеулер туралы білім беру. -Оқушыларды сыни ойлау, есте сақтау қабілеттерінің, топта жұмыс істеу дағдыларының дамуына жағдай жасау. - Жолдастарының пікірін құрметтеуге, бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу. |
|||||||||||||
Күтілетін нәтиже |
|
|||||||||||||
Сабақтың түрі |
Интерактивті сабақ |
|||||||||||||
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар |
Интерактивті тақта, оқулық, карталар |
|||||||||||||
Әдіс-тәсілдер |
ЖИКСО әдісі, жұптық, топтық жұмыс, диалог, сын тұрғысынан ойлау, өзіндік бағалау |
|||||||||||||
Кезең Берілетін уақыт (45 мин) |
Мұғалімніңәрекеті |
Оқушы әрекеті |
||||||||||||
І кезең |
Сабақтың барысы |
|||||||||||||
Ұйымдастыру (3 мин) |
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Жағымды психологиялық ахуал туғызу. Оқушыларды мақалдың жалғасын табуға байланысты топқа бөлу. Топ ережесін сақтау. Бағалау парағын тарату. Оқушылар өз-өздерін бағалайды. |
|||||||||||||
Үй тапсырмасын тексеру (2 мин) |
«Әл-Фараби,Махмұд Қашғари,Плано Карпин,Вильгельм де Рубрук» туралы тұсаукесерлерін қорғайды. |
|||||||||||||
ІІ кезең |
Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар |
|||||||||||||
«БІЛУ» теориясы: Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді? (5 мин) |
Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын айтады. «Миға шабуыл» 1.Тарихтан алған білімдеріңді пайдаланып,3 топқа Қадырғали Қосынұлы Жалаири ,Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов және орыс зерттеушілері туралы не білеміз? 2. ББҮ кестесіне Қадырғали Қосынұлы Жалаири және орыс зерттеушілері туралы білетіндеріңді «Білемін» бағанына толтырамыз.
|
Оқушылар сұраққа жауап беріп, сабақтың мақсатын анықтайды. |
||||||||||||
«ТҮСІНУ» теориясы:Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? (8 мин) |
Қызығушылықты ояту Осы тақырыпты білуіміз үшін нені меңгеруіміз керек? Қазір «Білгім келеді» бағанын толтыра қойыңыздар. |
Дәптерлеріне кестені толтырады. Сосын топта талқылап,топтан бір оқушы ойын айтады. |
||||||||||||
- XVI-XIX ғасырларда Қазақстан аумағының географиялық зерттелуі туралы не білгіміз келеді екен? - Қандай мақсат қояр едіңдер? - Осы мақсаттарға жету үшін тапсырмаларды орындайық. |
- XVI-XIX ғасырларда Қазақстан аумағының географиялық зерттелуі туралы не білгілері келетіндігін айтады. - Зерттеушілердің еңбектерінің мәнін түсіну. - Кескін картаға зерттеушілердің зерттеген аймақтарын түсіреді.
|
|||||||||||||
ІІІ кезең |
Деңгейлік тапсырмаларды орындап, ұпай жинау |
|
||||||||||||
«ҚОЛДАНУ» практикасы: қарапайым тапсырмалар (5 мин) |
«Мағынаны тану» Енді оқулығымызды ашып, тақырыпты оқиық.Оқулықпен жұмыс. Кесте арқылы зерттеушілердің зерттеген аймақтарын,еңбектерін толтыру
|
1.Тақырыпты оқып болған соң, оқушылар түсінгендерін тізбектей айтып шығады
|
||||||||||||
«ТАЛДАУ» теориясы: Салыстыр, айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде? Тақырыптың басты идеясын жаз(7мин) |
1.Картамен жұмыс.Зерттеушілердің зерттеген аймақтарын интерактивті тақтаға түсірту.
2.ВЕНН диаграмасы арқылы П.П.Семенов Тянь-Шаньский мен И.В.Мушкетовтың зерттеу еңбектерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу.
|
1.Оқушылар интерактивті тақтадағы зерттеушілердің зерттеген аймақтарын кескін картаға түсіреді.
2.ВЕНН диаграмасы арқылы П.П.Семенов Тянь-Шаньский мен И.В.Мушкетовтың зерттеу еңбектерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратып жазады.
|
||||||||||||
Сергіту сәті (2 мин) |
«От шашу» ойыны. Барлығымыз орнымыздан тұрып төменнен жоғары қарай шапалақтаймыз, жоғары көтергенде қаттырақ шапалақ ұрамыз. 3-4 рет орындау.» |
|||||||||||||
«ЖИНАҚТАУ» теориясы: Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйелі, кесте, сызба, т.б. түрінде (10 мин) |
Қазақстан жерінің зерттелуі туралы бұрыннан білетіндеріміз бар, бүгінгі сабақтан алған жаңалықтарымыз бар барлығын ой елегінен өткізіп «үйренгенім» туралы кестені толтырып,постер жасау тапсырылды. |
Оқушылар кестені дәптерлеріне толтырып, қазақ жерін зерттеген зерттеушілер,олардың еңбектері туралы постер жасап қорғайдв.
|
||||||||||||
«БАҒА БЕРУ» практикасы: Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? (3 мин) |
- Саяхатшылардың Қазақстан аумағын зерттеуге деген қызығушылықтарының басты себебі неде? -Қазақстан табиғатын зерттеуге үлкен еңбек сіңірген зерттеушілерді ата. - Тянь-Шань тауының аты кімнің есіміне қосымша берілді? Оны қалай түсінесің? Қорытынды: -Балалар, бүгінгі сабақта өз білімдеріңді көрсеттіңдер. Бүгінгі сабақтан не түйдіңдер?
Үйге тапсырма: §8.«XVI-XIX ғасырларда Қазақстан аумағының географиялық зерттелуі.»
Білімдерін бағалау. Топ басшыларының топ оқушыларын бағалаған парағы негізінде оқушыларды бағалау. |
Оқушылар сұраққа өз ойларын айтып,қорытындылайды.
Кері байланыс. Сауалнама толтырады.
Күнделіктеріне жазып алады. |
||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген