400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

8-сынып."Жұлдызды әлем".Сыныптан тыс жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушыларының пәнге қызығушылығын арттыруда сыныптан тыс жұмыстың тиімділігі зор
Материалдың қысқаша нұсқасы



«М.Әуезов атындағы орта мектеп» КММ















«Жұлдызды әлем» физикалық

ойыны



























2018-2019 оқу жылы





Өткізілетін орны: физика кабинеті

Ойынға қатысушылар: Ойынға 8 сыныптан 12 оқушы қатысады. Әр бір команданың аты, сәлемдесуі болу керек.

Ойынның мақсаты:

*Оқушыларды тез ойлауға,ойын жан-жақты толық жеткізуге баулу.

*Танымдық деңгейін көтеру және белсенділігін арттыру,оқушыларды өзін емін-еркін ұстай білуге,мәдениетті деңгейде ойын,пікірін жеткізе білуге үйрету.

*Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, физикалық шамаларды, құралдарды, терминдерді ойын арқылы пысықтау, білімге деген құштарлығын ояту.

Әдісі: Сайыс

Көрнекілігі: карточкалар, сөздер жазылған дамино,амперметр,вольтметр,

ажыратып қосқыш,қыздыру шамы,реостат т.б. құралдар,компьютер

Ойынның барысы

І. Сәлемдесу.

ІІ. Оқушыларға сайыстың түрі мен мақсатын хабардар ету.

II. Оқушыларды екі топқа бөлу. Әр топқа топ басшы сайлау.

III. Сайысты өткізу.

1-тур. «Топтардың сәлемдесуі»

2-тур. «Домино» ойыны

3-тур. « Кім көп біледі?»

4-тур. «Құралдар әлемінде»

5-тур. «Физикалық жұмбақ»

6-тур.« Топ басшылар сайысы»

1-тур. «Топтардың сәлемдесуі»

Әр топ кезекпен шығып, өздерінің топтарын таныстырады. Бір-біріне сәттілік тілейді.

2-тур. «Домино» ойыны.

Қағаз екіге бөлініп біреуіне ағылшынша сөз,екіншісіне қазақша сөздер жазылады.Оқушылар терминдерді ретімен орналастырады.Әр топ өз жауаптарын дұрыс жауаппен тексереді.

(Дұрыс жауапқа 10ұпай беріледі.)

3-тур. « Кім көп біледі?»

Берілген кестені толтырады, әр топ физикалық шаманы,белгіленуін және өлшем бірлігін үш тілде айтады. Толық жауапқа 5 ұпай беріледі.

(1 топ)

Physical quantity

(физикалық шама)

Symbol

(белгіленуі)

Unit of measurement

(өлшем бірлігі)

1

Power (қуат)



2

Way (жол)



3

Mass (масса)



4

Energy (энергия)



(2 топ)

Physical quantity

(физикалық шама)

Symbol

(белгіленуі)

Unit of measurement

(өлшем бірлігі)

1

Force ( күш )



2

Speed (жылдамдық)



3

Work (жұмыс)



4

Time (уақыт)





4- тур.

«Құралдар әлемінде».

Амперметр,вольтметр, ажыратып қосқыш,қыздыру шамы,реостат,ток көзі т.б

Оқушылар кезекпен құралды атап,не үшін қолданатынын айтады.

(Дұрыс жауапқа 10ұпай беріледі.)

5-тур.

«Физикалық жұмбақ ».

Барлық командаға бірдей жұмбақтар оқылады, әр команда жарыса жауап береді. Әр бір дұрыс жауапқа 1ұпай беріледі.

1-жұмбақ.

Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың. (Жол)

2- жұмбақ.

Көп болса, асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың? (Уақыт)

3- жұмбақ.

Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)

4- жұмбақ.

Жылдамдықты өзгертеді,

Қозғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қозғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)

5- жұмбақ.

Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді. (Күш)

6- жұмбақ.

Барлық денелерге тән,

Онсыз болмайды сән.

Әр затта болады әр түрлі,

Өлшеуге болады дәл. (Масса)


«Ойлан тап! » Топ басшылар сайысы

Сурет салынған парақ беріледі.Оқушылар сол сурет бойынша физикалық құралды табады.(күн,банка.бұлт,тамшы)


V. Қорытынды. Жеңген командалар мақтау қағазымен сыйлықтармен марапатталады.




«Жұлдызды әлем» сайысы

Shape1 Picture 1
Picture 5 Picture 6



Picture 7 «Лото ойыны»

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
392
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі