Материалдар / 8-сыныпқа арналған 2024-2025 оқу жылындағы тәрбие жоспары

8-сыныпқа арналған 2024-2025 оқу жылындағы тәрбие жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша тәрбие құндылықтарына негізделген 2024-2025 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жылдық жоспары
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


«БЕКІТЕМІН» «КЕЛІСЕМІН» «ТЕКСЕРІЛДІ»

Мектеп-интернат директоры: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: ӘБ отырысында қаралды:

______________ Б.А.Тиышбаева ______________ Қ.С.Танғалиев __________А.О.Нұрниязова

«____» ____________ 2024 ж «____» ____________ 2024 ж «____» _________2024 ж





Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің

«Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша

тәрбие құндылықтарына негізделген

2024-2025 оқу жылына арналған

тәрбие жұмысының

жылдық жоспары

8 «Б» сыныбы


Сынып жетекшісі: А.О.Нұрниязова





2024-2025 оқу жылы

«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ»


Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысындағы тапсырмасына сәйкес 2023 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев 2024 жылы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысындағы тапсырмасына сәйкес Біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұны жаңартылды.

Еліміздің болашақтағы негізгі сұлбасын «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғым арқылы сипаттады. Үштаған – бір-бірінен бастау алатын және өзара тығыз байланысты ұғымдар, ел ішінде заң мен тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз етуді саясатымыздың тұғырлы қағидатына айналдыратын мықты демократиялық институттары мен дамыған құқықтық жүйесі бар әділетті мемлекетті құрудың шарты және еліміздің жаңғыруы мен әрі қарай дамуының стратегиялық бағдарын айқындайды. Бұл «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының басты идеясына айналды.

  • Бағдарламаның мақсаты:

қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық

пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.

  • Бағдарламаның міндеттері:

  • Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:

отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;

адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;

табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

  • Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:

елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;

отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;

өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын

болуға баулу;

әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу.

  • Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:

басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу;

өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу;

еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;

біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу.

  • Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:

әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;

білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру.

  • Бағдарлама мазмұны:

Білім алушылардың бойында құндылықтарды дамыту білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесі

жағдайында жүйелі ұйымдастырылады. Бұл міндетті іске асыру білім беру мазмұны, сынып сағаттары

мен сыныптан тыс іс-шаралары арқылы жүзеге асырылады.

Ай сайын өткізілетін тұрақты іс-шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталуы тиіс:

Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;

Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық айы;

Қараша айы – әділдік және жауапкершілік айы;

Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы;

Қаңтар – заң және тәртіп айы;

Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық айы;

Наурыз тәуелсіздік және отаншылдық айы;

Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;

Мамыр – бірлік және ынтымақ айы.

  • Бағдарламаның күтілетін нәтижелері:

Бағдарламаны дәйекті және кешенді іске асыру нәтижесінде білім берудің барлық деңгейіндегі ұйым

түлектерінің бойында құндылықтар мен негізгі құзыреттері қалыптастыру және дамыту күтіледі:

  • Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық

Құзыреттілік: ұлттық мүддені дамыту

Негізгі орта мектеп түлегі:

Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін, оның тәуелсіздігін және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну;

Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсету;

Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне, ұлттық мерекелерге құрмет көрсету;

азаматтық және ұлттық бірегейлікті түсіну;

мемлекеттік тілді меңгеру;

Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау және оны әрі қарай дәріптеу бойынша волонтерлік қызмет пен

жобаларға қатысу;

әр түрлі ұлт өкілдерімен сыйластық қарым-қатынас;

Қазақстан азаматының міндеттерін орындауға, өз елінің мүдделері мен құндылықтарын қорғауға дайын болу.

  • Құндылық: бірлік және ынтымақ

Құзыреттілік: тиімді коммуникация

Негізгі орта мектеп түлегі:

қоғамдағы әлеуметтік нормаларды, ережелерді білу және түсіну;

сенімді қарым-қатынас орнату және сыныпта жағымды ахуалды сақтай білу;

тек өзі үшін ғана емес, жалпы ұжым үшін де жауапты болуға дайын болу;

бірлескен іс-әрекет пен өзара іс-әрекет кезінде басқалардың пікірлері мен сезімдерін құрметтей білу;

басқалармен жағымды қарым-қатынас орната білу және қоғамдық өмірге үлес қосу.

  • Құндылық: әділдік және жауапкершілік

Құзыреттілік: қоғамға қызмет

Негізгі орта мектеп түлегі:

өз әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру;

әдеп нормасына сәйкес өзінің және басқалардың іс әрекеттерін талдау;

оқу тапсырмасын орындауда табандылық таныту;

берілген ортақ іс үшін ұжым алдындағы жауапкершілікті түсіну;

басқаға көмектесуге, мейірімділік танытуға дайын болу;

  • Құндылық: заң және тәртіп

Құзыреттілік: азаматтық борыш және парасаттылық

Негізгі орта мектеп түлегі:

құқықтық жүйе мен адам құқығы негіздерін білу;

тәртіп пен әділдік, нормалар мен ережелерді сақтау қажеттілігін түсіну;

қоғамды қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі заң мен тәртіптің маңыздылығын білу.

  • Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

Құзыреттілік: инновациялық ойлау

Негізгі орта мектеп түлегі:

өзінің және басқалардың еңбегінің нәтижелерін бағалау;

түрлі мамандықтар мен олардың қызмет ерекшеліктерін зерттеуге қызығушылық таныту;

өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу;

еңбек қоғамдық және табысты болудың негізі екенін түсіну;

жеке мүдделерді, қажеттіліктерді ескере отырып, білім мен өмірлік жоспарлардың жеке траекториясын

саналы түрде таңдауға және құруға дайын болу.

  • Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық

Құзыреттілік: шығармашылық

Негізгі орта мектеп түлегі:

тапсырмаларға шығармашылықпен қарай білу, өз шешімдері мен идеяларын ұсына білу;

өз бетінше әрекет ету және жобаларды іске асыру;

бақылау, өлшеу, эксперименттер мен тәжірибелер жүргізу;

модельдеу, таным объектілерінің құрылымын анықтау, бір бүтіннің әртүрлі бөліктері арасындағы

қатынастарды іздеу және бөлу, процестерді кезеңдерге бөлу, себеп-салдарлық байланыстарды анықтай алу;

оқу есептерін шешудің оңтайлы тәсілдерін таба білу, ол үшін жаңаларын қолдану және бұрыннан

таныс алгоритмдерді біріктіру, оларды стандартты емес есептерді шешуге қолдана алу;

әр түрлі таным құралдарын қолдану дағдылары, әлем туралы білім жинақтау (тілдік, оқырмандық

мәдениет, ақпараттық, цифрлық ортадағы қызмет).

Әр айдың іс-шаралары :

күнделікті

«Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды

«Апта дәйексөздері» – бүкіл білім беру ұйымның оқу және оқудан тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, сынып тақталарында және т.б. орналастырылады.

«Қауіпсіздік сабағы» – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлқын және т.б. сақтауы туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру немесе әңгіме өткізу

«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру – асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б.

«Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың баласымен мінезқұлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуі.

«Үнемді тұтыну» – суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру: жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар әзірлеу

«Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау апта сайын.

апта сайын:

«Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды

«Апта дәйексөздері» – бүкіл білім беру ұйымның оқу және оқудан тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, халық даналығы,

көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық

стендтерде, Led-экрандарда, сынып тақталарында және т.б. орналастырылады.

«Қауіпсіздік сабағы» – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін

зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлқын және

т.б. сақтауы туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру немесе

әңгіме өткізу.

жыл сайын:

«ДосболLIKE» – буллингтің/әлімжеттіктің алдын алу және тиімді әрекет ету

үшін жағдай жасау бойынша акциялар өткізу.

«Әншуақ» – білім алушылар арасында қазақ тіліндегі әндерді насихаттауға

бағытталған балалар әндері фестивалін өткізу.

«Ақындар айтысы» – Республика күнін мерекелеу қарсаңында жас ақындардың сайыстарын өткізу.

Пікірсайыс турнирлері – қоғамда орын алатын проблемаларды жариялы

түрде талқылау және талдау арқылы білім алушылардың әлеуметтік және

шығармашылық белсенділігін арттыру үшін пікірсайыс ойындарын өткізу.

Мектеп парламентінің президентін сайлау – қазан айының үшінші сенбісі.

«Күй күмбірі» домбырашылар челленджі – Наурыз мерекесі аясында күйлер

орындау (таңдау бойынша).

Бағдарламада ұсынылған әлеуметтік жобалар:

«Қамқор» – әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы құндылықтарды

дәріптеу.

«Еңбегі адал – жас өрен» – білім алушылардың әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды

дәріптеу.

«Шабыт» – білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу арқылы құндылықтарды дәріптеу.

«Ұшқыр ой алаңы» – тілдік дағдыларды дамыту және тақырыптық талқылау

арқылы құндылықтарды дәріптеу.

«Smart bala» – инновациялық жобалар конкурсы арқылы құндылықтарды

дәріптеу.

«Балалар кітапханасы» – кітап оқуға және білім алуға қызығушылықты қалыптастыру.







Іс шаралар атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы


1 қыркүйек – «Білім күні»

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні

Қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні

Қыркүйектің үшінші жексенбісі – Аналар күні

Қыркүйектің соңғы жексенбісі – Еңбек күні

1-апта дәйексөзі: «Ел-жұртымның бақыты аталатын, Сөнбесін мәңгі сенің, Отан, атың

02.09.-06.09.24ж

1

«Менің Отаным-Қазақстан!»

«Отбасындағы дәстүрлер: тарихты сақтау, болашақты құру.

1 - сабақ: Төтенше қызмет нөмірлері және сенім телефондары

Сынып сағаты

Сынып жетекші: Нұрниязова А.О

02.09.24

2-апта дәйексөзі: «Отбасың- байлығың!»

09.09.-13.09.24ж

2

«Отбасындағы сыйластық»

Жол жүру ережесінің пайда болуы.

Жол белгілерінің халықаралық тілі.

2 - сабақ: Cаяхат кезіндегі төтенше жағдайлар (өрт, жер сілкінісі, су тасқыны)

Сынып сағаты

Сынып жетекші: Нұрниязова А.О

ІІД

09.09.24


3-апта дәйексөзі: Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға! (Абай)

16.09.-20.09.24ж

3

«Өз құқығыңды білесіңбе?»

3 - сабақ: Желідегі жас шектеулері және олар не үшін қажет

Сынып сағаты

Сынып жетекші: Нұрниязова А.О


16.09.24

4-апта дәйексөзі: Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап. (Абай)

23.09.-27.09.24ж

4

Еңбек түбі береке.

4- сабақ: Менің қандай құқығым бар?


Еңбек күніне арналған сынып сағаты

Сынып жетекші: Нұрниязова А.О

23.09.24

1-апта дәйексөзі: «Қарты бар үйдің қазынасы бар»

30.09.-04.10.24ж

5

«Қарттарым-асыл қазынам!»

5 - сабақ: Өзіңіз туралы жеке ақпаратты таратудың қаупі

Сынып сағаты


Сынып жетекші: Нұрниязова А.О

30.09.24

Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық


1 қазан – Халықаралық қарттар күні

5 қазан – Мұғалімдер күні

24 қазан – Кітапханашылар күні

25 Қазан – Республика күні

2-апта дәйексөзі: Барлық өмір қуанышы- шығармашылықта. Р.Роллан

07.10.-11.10.24ж

6

Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам

6- сабақ: Кибербуллингтің рөлдік құрылымы. егер сіз қатысушы болсаңыз не істеу керек. өзіңізге алғашқы көмек

Тренинг

Сынып жетекші: Нұрниязова А.О

07.10.24

3-апта дәйексөзі: Еңбек ерлікке жеткізер

Ерлік елдікке жеткізер

14.10.-18.10.24ж

7

Буллингтен қорған!

Қозғалысты реттеу нысандары.

7 - сабақ: Қауіпті және болжанбайтын жағдайлардан,зиянсыз әзілдер мен ұсыныстарды қалай ажыратуға болады

Сынып сағаты

Сынып жетекші: Нұрниязова А.О

14.10.24

4-апта дәйексөзі: Жас мұраты, білі, тәлім – талабы...

Өнер, оқу –жастықтың қару жарағы.

(Шәкәрім Құдайбердіұлы)

21.10.-25.10.24ж

8

Республикам – мақтанышым!

8 - сабақ: Ата-анамен және сенімді ересектермен қауіпсіздік мәселелерін қалай ашық талқылауға болады

Сынып сағаты

Сынып жетекші: Нұрниязова А.О

21.10.24

Қараша – әділдік және жауапкершілік айы


15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні

16 қараша Халықаралық толеранттылық күні

1-апта дәйексөзі: «Білім бақтың жібермейтін қазығы,

Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы»

( Мұхтар Әуезов)

04.11-08.11.2024ж

9

Демалыста кітап оқимыз

Жол белгілері.

9 - сабақ: Күмәнді келісімдерге қатыспай, салауатты және қауіпсіз өмірге апаратын жол

Акция

Сынып жетекші: Нұрниязова А.О

Кітапханашылар: Мединеева Г.О.

04.11.24

2-апта дәйексөзі: Еңбектің наны тәтті, Жалқаудың жаны тәтті

11.11-15.11.2024 ж

10

«Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс»

10 - сабақ: Қауіпті селфи

Сынып сағаты

Сынып жетекші: Нұрниязова А.О

11.11.24

3-апта дәйексөзі: Ұлттық рух – ұлы адамның және тұтастай алғанда ұлттың да асыл қасиеті!

Бауыржан Момышұлы

18.11-22.11.2024 ж

11

«Ұлттық теңге-Тәуелсіздігіміздің

нышаны»

1 - сабақ: Төтенше қызмет нөмірлері және сенім телефондары

Сынып сағаты

Сынып жетекші: Нұрниязова А.О

18.11.24

4-апта дәйексөзі: «Осы заманда жан таңырқарлық нәрсенің бәрі ғылыммен табылған. Адам баласын көкте құстай ұшқызған, суда балықтай жүздірген – ғылым. Дүнияның бір шеті мен бір шетіне шапшаң хабар алғызып тұрған –ғылым, отарба, откемелерді жүргізген – ғылым».

Ахмет Байтұрсынов

25.11-29.11.2024 ж

12

«Зорлық зомбылықсыз балалық шақ»

2 - сабақ: Cаяхат кезіндегі төтенше жағдайлар (өрт, жер сілкінісі, су тасқыны)

Сынып сағаты

Сынып жетекші: Нұрниязова А.О

25.11.24

Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы


5 желтоқсан – Дүниежүзілік Еріктілер күні

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

1-апта дәйексөзі: Оқыса білім бұлағы,

Оқыса елдің ұланы-,

Тірілтіп, елге жан біітіп,

Елі үшін жұмақ қылады.

(Бейімбет Майлин)

02.12-06.12.2024 ж

13

Өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік

3 - сабақ: Желідегі жас шектеулері және олар не үшін қажет

Сынып сағаты

Сынып жетекші: Нұрниязова А.О

02.12.24

2-апта дәйексөзі: Білім –бақтың жібермейтін азығы,

Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы.

09.12-13.12.2024 ж

14

«Табиғатқа қамқорлық жасаймыз»

4- сабақ: Менің қандай құқығым бар?


Сыныпішілік тазалықты қолдау акциясы

Сынып жетекші: Нұрниязова А.О

09.12.24

3-апта дәйексөзі: Бір жақсымен дос болсаң,

Азбас-тозбас мүлкі етер.

Бір жаманмен дос болсаң,

Күндердің күні болғанда

Бар ғаламға күлкі етер.

(Шалкиіз жырау)

16.12-20.12.2024 ж

15

«Жемқорлықсыз әлем»

Жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің

міндеттері мен жол жүру ережелерін бұзғаны

үшін жауапкершілігі.

5 - сабақ: Өзіңіз туралы жеке ақпаратты таратудың қаупі

Сынып сағаты

Сынып жетекші: Нұрниязова А.О

16.12.24

4-апта дәйексөзі: Мейірімділікті анадан үйрен

23.12-27.12.2024 ж

16

«Буллингтен қорған!»

6- сабақ: Кибербуллингтің рөлдік құрылымы. егер сіз қатысушы болсаңыз не істеу керек. өзіңізге алғашқы көмек

Сынып сағаты

Сынып жетекші: Нұрниязова А.О

23.12.24

Қаңтар – заң және тәртіп айы


1 қаңтар – Жаңа жыл

1-апта дәйексөзі: Білім – қымбат қазына, қанағат тұтпа азына

(Мұзафар Әлімбаев)

13.01-17.01.2025 ж

17

«Бірлік және ынтымақ» құндылығы

7 - сабақ: Қауіпті және болжанбайтын жағдайлардан,зиянсыз әзілдер мен ұсыныстарды қалай ажыратуға болады


Сынып сағаты

Сынып жетекші: Нұрниязова А.О

13.01.25

2-апта дәйексөзі: Адамның сәні – өнер, білім, ақылы

20.01-24.01.2025 ж

18

Біз – сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз! Бастауыш сынып оқушыларымен ЖЖЕ (жол

жүру ережелері бойынша) әңгімелесу.

8 - сабақ: Ата-анамен және сенімді ересектермен қауіпсіздік мәселелерін қалай ашық талқылауға болады


Сынып сағаты

Сынып жетекші: Нұрниязова А.О

20.01.25

3-апта дәйексөзі: Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім!

27.01-31.01.2025 ж

19

«Отбасы – тәрбие бастауы»

9 - сабақ: Күмәнді келісімдерге қатыспай, салауатты және қауіпсіз өмірге апаратын жол

Сынып сағаты

Сынып жетекші: Нұрниязова А.О

27.01.25

Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық


14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні

Ақпанның бірінші сейсенбісі – Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні

1-апта дәйексөзі: Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас.

03.02-07.02.2025 ж

20

«Заң және Тәртіп» құндылығы

10 - сабақ: Қауіпті селфи

Сынып сағаты

Сынып жетекші: Нұрниязова А.О

03.02.25

2-апта дәйексөзі: Ұяда не көрсе ұшқанда соны ілерсің

10.02.- 14.02.2025 ж

21

«Қауіпсіз интернет»

1 - сабақ: Төтенше қызмет нөмірлері және сенім телефондары

Сынып сағаты

Сынып жетекші: Нұрниязова А.О

10.02.25

3-апта дәйексөзі: Кітап-білім бұлағы,

Білім- өмір шырағы.

17.02-21.02.2025 ж

22

«Шын жүректен кітап сыйла!»

2 - сабақ: Cаяхат кезіндегі төтенше жағдайлар (өрт, жер сілкінісі, су тасқыны)

Челлендж

Сынып жетекші: Нұрниязова А.О

Кітапханашы: Мединеева Г.О.

17.02.25

4-апта дәйексөзі: Отбасы- ол үлкен қуаныш, шаттық, мейірімділік, қамқорлық, сүйіспеншіліктің ортасы.

24.02-28.02.2025 ж

23

«Отбасылық салт -дәстүр,әдет- ғұрпыңды білесіңбе?»

3 - сабақ: Желідегі жас шектеулері және олар не үшін қажет

Сынып сағаты

Сынып жетекші: Нұрниязова А.О

24.02.25

Наурыз – тәуелсіздік және отаншылдық айы


1 наурыз – Алғыс айту күні

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

21, 22, 23 наурыз – Наурыз мерекесі

30 наурыз – Дүниежүзілік Жер күні

1-апта дәйексөзі: «Отаным-алтын бесігім» 03.03.-07.03.2025 ж

24

Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік

Жол қиылысынан өту және жаяу жүргіншілер өтпелері. Қоғамдық көлік аялдамалары.

4- сабақ: Менің қандай құқығым бар?

Сынып сағаты

Сынып жетекші: Нұрниязова А.О

03.03.25

2-апта дәйексөзі: «Тәуелсіздік - тәтті сөз ғана емесұлттық жауапкершілік»

10.03.-14.03.2025 ж

25

«Ананың аялы алақаны»

5 - сабақ: Өзіңіз туралы жеке ақпаратты таратудың қаупі

Сынып сағаты

Сынып жетекші: Нұрниязова А.О

10.03.25

3-апта дәйексөзі: «Ар-намыс қана тәуелсіздікке тірек бола алады».

17.03.-21.03.2025 ж

26

Наурыз – жыл басы

Жол-көлік оқиғасы уақытында есінен таңған

адамарға берілетін алғашқы медициналық

көмек.

6- сабақ: Кибербуллингтің рөлдік құрылымы. егер сіз қатысушы болсаңыз не істеу керек. өзіңізге алғашқы көмек

Сынып сағаты

Сынып жетекші: Нұрниязова А.О

17.03.25

Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы


2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні

12 сәуір – Ғылым күні

15 сәуір – Халықаралық мәдениет күні

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні

23 сәуір – Ұлттық кітап күні

1-апта дәйексөзі: Ғылымды танып білуде ережеден мысал пайдалырақ. (Исаак Ньютон) 07.04.-11.04.2025 ж

27

Алғыс – ізгі ниет

7 - сабақ: Қауіпті және болжанбайтын жағдайлардан,зиянсыз әзілдер мен ұсыныстарды қалай ажыратуға болады

Сынып сағаты

Сынып жетекші: Нұрниязова А.О

07.04.25

2-апта дәйексөзі: Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына. Әлішер Науаи

14.04.-18.04.2025 ж

28

Біз таңдаған кітаптар

8 - сабақ: Ата-анамен және сенімді ересектермен қауіпсіздік мәселелерін қалай ашық талқылауға болады

Сынып сағаты

Сынып жетекші: Нұрниязова А.О

14.04.25

3-апта дәйексөзі: Еуропа мәдениеттімін деп мақтанғанымен, мәдениеті өнерінде ғана, ал мінезі хайуандық сапарынан қайтқан жоқ.

Әлихан Бөкейханов

21.04.-25.04.2025 ж

29

«Атадан-өсиет, анадан қасиет»

Буын шығып кеткен кездегі алғашқы

медициналық көмек. Күйікке шалдыққан кездегі алғашқы медициналық көмек.

9 - сабақ: Күмәнді келісімдерге қатыспай, салауатты және қауіпсіз өмірге апаратын жол

Сынып сағаты

Сынып жетекші: Нұрниязова А.О

21.04.25

4-апта дәйексөзі: "Тазалық денсаулық кепілі."

28.04.-02.05.2025 ж

30

«Қоғамдық орындардағы тәртіп»

Аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерге қойылатын техникалық талаптар.

Велосипедшілер қозғалысына қойылатын қосымша талаптар.

10 - сабақ: Қауіпті селфи

Сынып сағаты

Сынып жетекші: Нұрниязова А.О

28.04.25

Мамыр – бірлік және ынтымақ айы


1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

9 мамыр – Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні

18 мамыр – Халықаралық мұражайлар күні

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

1-апта дәйексөзі: Отан – елдің анасы,

Ел – ердің анасы.

05.05.-09.05.2025 ж

31

«Біз әртүрліміз, бір теңбіз»

1 - сабақ: Төтенше қызмет нөмірлері және сенім телефондары

Сынып сағаты

Сынып жетекші: Нұрниязова А.О

05.05.25

2-апта дәйексөзі: Адамгершілігі жағынан мәдениетті адамдар, саналы еңбеккерлер кітапқа деген терең сүйіспеншілікке бөленген отбасылардан өсіп шығады.

12.05.-16.05.2025 ж

32

«Жол қауіпсіздігін сақтаймыз»

Қорытынды сабақ.

2 - сабақ: Cаяхат кезіндегі төтенше жағдайлар (өрт, жер сілкінісі, су тасқыны)

Сынып сағаты

Сынып жетекші: Нұрниязова А.О

12.05.25

3-апта дәйексөзі: Өз елім – өлең төсегім.

19.05.-23.05.2025 ж

33

Білімім – Отаныма!

3 - сабақ: Желідегі жас шектеулері және олар не үшін қажет

Сынып сағаты

Сынып жетекші: Нұрниязова А.О

19.05.25





ЖИ арқылы жасау
05 Қаңтар 2025
692
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі