15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
8 сыныптар арасында сайыс сабақ
8-сыныптар
арасында сайыс сабақ
1-жүргізуші:
Армысыздар, өнерді жан-тәнімен сүйетін
көрермен қауым!
Технология-шеберліктің
мектебі,
Бай мұрамыз, халқымыздың
өнері.
Ас әзірлеп, үйренеміз іс
тігіп
Ынтаменен әзірлейміз
көрмені.
Өнерлілер
арасында шалқыңдар,
Білімді бар
арамызда, тапқыр бар.
Бәсекеге
түскелі тұр дәл қазыр,
Әрбір сөзі
саф алтындай тапқырлар.
2-
жүргізуші:
Ерке өскен ел жалғайтын ұл менен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз.
Ал енді сіздер рұқсат етсеңіздер,
Соныменен сайысты бастайық біз.
Апталық аясында ұйымдастырылған 8-
сынып қыздары арасындағы «Өнерсіз
қыздан без, өнегесіз ұлдан без» атты
топтық сайысымызды бастаймыз.
1-жүргізуші:
Ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері
мен өнегесін, білім мен шеберлігін
тамашалауға баршаңыз да қош келіпсіздер.
«Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан
без» тақырыбында өтілетін сайысымыздың
мақсаты: оқушылардың танымдық және
шығармашылық қабілетін, халқымыздың
қолөнерін, ұлттық әдет-ғұрыпты бойларына
дарыту.
2-
жүргізуші:
Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп,
ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге
дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді.
Қазақ халқы қолөнерді аса жоғары
бағалаған. Баланы жастайынан өнерге
баулып, еркін ойлап, кең көсіліп сөйлеуге
баулыған.
«Қыз өссе елдің көркі,
гүл өссе жердің көркі» деген мақал қыз
баланың жанының нәзіктігін, өнер-білімге
бейімділігін бейнелесе керек. Ендеше
бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныс
болайық.
1.Сұрақ-жауап. Әр топқа 5 сұрақтан беріледі.
2.Оқушылардың қолөнері.
3.«Кім шебер?» Түрлі түсті қағаздан ою-өрнек түрлерін жасау.
4.«Кім жылдам?» (Шаш өру, картоп тазалау, түйме қадау)
5.«Ас – адамның арқауы» Оқушылардың дайындаған салат тағамдары.
6.«
Құрақ құрау да өнер» Түсқағаздан құрақ
құрау өнері.
1-жүргізуші:
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ-жауап бөлімінде,
Топбасшылар білімі сыналады.
-
Сайыскерлерге ақ жол тілей отырып,
алғашқы сұрақ-жауап бөлімін бастаймыз.
2-жүргізуші:
Қандай жақсы майысып тұрғандарың,
Бойына жинағандай өнер бағын.
«Ана көрген тон пішер» деген бар ғой,
Шебер қыздар көрсетсін өнерлерін.
- Қолөнер бөлімінде, қыздар, қолдарыңнан
қандай өнер келеді, соны ортаға саламыз.
1-жүргізуші:
«Өңкей олақ жиналса, біткен істі бұзады»
деп, келесі «Кім шебер?» бөлімінде өздері
қалаған ою-өрнек түрлерін ойып, қияды.
Ал, кәнекей, іске сәт!
2-жүргізуші:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің
бағы жана ма?
Білім мен өнер
жарысып,
Тәрбие тәсілі табар мән.
Бұл бәйге еңбек бәйгесі.
Кім
жүйрік, соған табылар!
- «Кім
жылдам?» бөлімі. Әр топтан 2 қыздан ортаға
шығып, шаш өру, түйме қадау, картоп
тазалап, қыздар өздерінің жылдамдығын
көрсетеді.
1- жүргізуші:
Бір пән бар оның аты еңбек деген,
Адам адам болыпты еңбекпенен.
Еңбексіз тіршіліктің жоқ екенін,
Жас сәби де біледі еңбектеген.
2- жүргізуші:
Табылар бойларынан кемер білім,
Арқалап келіп тұрған өнер жүгін.
Бүгінгі дәмді тағам салаттардан,
Көреміз сайыскерлер шеберлігін.
-Сайысымыздың келесі бөлімі «Ас-адамның
арқауы» (салатқа ат қойып, жасалу жолын
түсіндіру).
1-жүргізуші:
Мәнге толы қазағымның ғұмыры,
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.
Кеше ғана керексіз ғып тастаған,
Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы.
-Сайысымыздың келесі бөлімі «Құрақ
құрау да өнер». Түрлі түсті қағаздан
құрақ құрау керек.
2-жүргізуші:
Кімдер шебер, кім өнерлі білейікші,
Өнерлісі деп мектептің жүрейікші.
Әділ қазы алқасы, өздеріңнен,
Сайыстың қорытындысын білейікші,- деп
сөз кезегін әділ қазы алқасына береміз.
1-жүргізуші:
Қолөнері халқымның өрістесін,
Әрқашан Алла берсін берекесін.
Осымен шеберлер сайысы аяқталды,
Өнерлі жастарымыз өсіп-өнсін,
өркендесін!
2-жүргізуші:
Өнер сайыстарында кездескенше күн
нұрлы болғай!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген