Көктем
аруы
Мақсаты: Сынып қыздары арасында көктем
аруылардың өзін-өзін таныстыра білуге,өнерлерін көрсете
отырып,ұлттық өнерді
үйрету.Әдептілікке,сыпайылыққа,сұлулыққа,кішіпейілділікке,өнерге
ұмтылған қыз балаларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сыныпты мерекеге сай әсем
безендірілген,суреттер,шарлар,слайд.
Жоспары:
Мұғалімнің
сөзі:Армысыздар, бақытты балалық
шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап аяулы да
ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен
шын жүректен құттықтаймыз!Адам бойындағы жақсы қасиет күннің
нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан,құрметті асыл
аналар,қадірлі әжелер, сүйікті қыздар,бүгінгі 8-наурыз мерекесіне
орай сыныбымызда қыздар арасында «Көктем аруы» атты сайысын
өткізгелі отырмыз.
I.бөлімі: «Ана-өмірдің
гүлі»Әдеби-монтаж.Балалардың сіздерге арналған тақпақтарын,қабыл
алыңыздар.
II.бөлімі: «Көктем
аруы»сайысы.Олай болса алдымен сайысқа
қатысатын қыздарымызды қол шапалақтап,кошеметпен ортаға
шақырайық.\музыкамен\Ендігі кезекте сайысымыздың шартымен
таныстырып өтейік.
Сайыс
шаттары:
1.Таныстыру\Мен-қазақтың
қызымын\
2.Үй
тапсырма\поделки\
3.Сән үлгісін
көрсету
4.«Өнерліге өріс
кең»\өнер сайысы:ән,би,өлең
оқу\
5.Сен және
анаң.\сұрақ-жауап,әртүрлі
жағдаяттарға шешім таба білу\
6. «Шебердің қолы
ортақ»\гүл қиып
жапсыру\
7.Қорытынды:Марапаттау.
III.1-бөлім «Мен – қазақтың
қызымын»\Әрбір қыз өздерін таныстырып
шығады\Әр қызды ортаға шақырамыз ,өлең
арқылы.\
Арулар келіп жетті
танысуға,
Сыпырды томағасын осы
дұға.
Қызып келген қырандай
керілтеді,
Әдеппен,ізетпен
танысуға.
2-бөлім:Үй
тапсырма.\поделка\
3-бөлім:Сән үлгісін
көрсету.
Қыз емес қыздың аты қызыл
алтын,
Көрінер толған айдай жүзі
жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз
сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі
сәнін,-дей келе аруларымыз сән
үлгілерін көрсетеді.
4-бөлім:«Өнерліге өріс
кең»
Даусың қандай сырлы
еді,
Табиғатты
тыңдатқан
Көркің қандай
нұрлы
Таң шолпан мен
астасқан.
Өнеріңді қане бүгін
көрсетші,
Мына жұртқа қошеметтеп қол
соққан,-дей келе аруларды өз өнерлерін көрсетуге
шақырамыз.
5-бөлім: «Сен және
анаң»\сұрақ-жауап,жағдаяттар\
Жас ару-жас ғұмырдың
талғамысың,
Қуантқан әрбір үйдің
арманысың.
Дәл бүгін қанат қағып
сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей
самғап ұшқын,-дей келе сұрақ-жауап бөліміне
шақырамын.Конвертте жасырылған сұрақтарды,жағдаяттарды алып
кезекпен жауап бересіздер.
1.Жүннен жасалатын
бұйым.\киіз\
2.Түйенің
сүті.\шұбат\
3.Сәндік бұйым жасайтын
адам.\зергер\
4.Қыста жейтін малдың етін не
деп атайды.\соғым\
5.Қазақ қыздарының бас
киімі.\сәукеле\
6.Ең құрметті,жанашыр
адам.\ана\
7.Анаға байланысты мақал-мәтел
айтып беру.
8.Ұлыс күні жасалатын
тағам\наурыз көже\
9.Қазақ халқының ұлттық
ойындары.\күрес,аударыспақ,бәйге,теңге
алу\
10.Құрбыңды ойнап жүріп орынсыз
ренжітіп алдың.Сен өзінің кінәлі екеніңді біліп тұрсың,не
істейсің?
11.Сен күні бойы ойнап үйге
берілген тапсырманы орындамай келдің.Мұғалім сенен неге
орындамағаныңды сұрады.Сен не деп жауап
бересің?
12.Ата-аналар жиналысы болатынын
анаңа айтуды ұмытып кеттің.Ертесінде мұғалімің ата-анаңның неге
келмегендігін сұрады.Сен не деп жауап
бересің?
Аналарға:
1.Сіздің үй шаруасынан қолыңыз
тимей жатыр еді.Қызыңыз келіп әртүрлі сұрақтармен мазаңызды ала
берді.Сіз не істейсіз?Сұрақтарына жауап бересіз бе, әлде қолыңыздың
тимей жатқанын айтып бетін қайтарасыз ба?
2.Қызыңыз сынып жиналысы
болатынын екі күн бұрын ескертті.Бірақ күйбең тіршіліктермен
есіңізден шығып кетті.Қызыңызға бармағаныңызды қалай
түсіндіресіз?
3.Сабақтан кейін қызыңыз
ескертпестен жолдас қызының үйіне ойнауға барады.Сіздің іздемеген
жеріңіз қалмай қатты уайымдап отырғанда қызыңыз келді.Сіз не
істейсіз?
6-бөлім: «Шебердің қолы
ортақ»\гүл қиып
жапсыру\
Шеберлерім өнер тамып
қолынан,
Жаңылмаған ата-баба
жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін
көрсетсін,
Біз айтайық төрелігін
соңынан.
Кезекті гүл қиып жапсыру
сайысына береміз.
Қыздарымыз тапсырма орындап
болғанша сыныптың әнші ұлдары «Ақ мамам»әнін айтып
береді.
7.
Қорытынды:Марапаттау.
Өнермен өрге жүзіп
шарықтадың,
Мақсатыңды талаппен
анықтадың.
Сан қырлы таза гауһар
секілденіп,
Қуантады өзіңді
танытқаның.
Сөз кезегін әділ қазылар
алқасына ұсынамыз.Сайысқа қатысқан арулар
марапатталады.
1.Көктем
аруы
2.Өнерлі
ару
3.Шебер
ару
4.Биші
ару
5.Мейірімді
ару
6.Сүйкімді
ару.
«Жүзден жүйрік, мыңнан
тұлпар»-деп, аруларымызды жеңістерімен құттықтап,қошеметтеп шығарып
салайық.
Сайыс
шаттары:
1.Таныстыру\Мен-қазақтың
қызымын\
2.Үй
тапсырма\поделки\
3.Сән үлгісін
көрсету
4.«Өнерліге өріс
кең»\өнер сайысы:ән,би,өлең
оқу\
5.Сен және
анаң.\сұрақ-жауап,әртүрлі
жағдаяттарға шешім таба білу\
6. «Шебердің қолы
ортақ»\гүл қиып
жапсыру\
7.Қорытынды:Марапаттау.
1.Жүннен жасалатын
бұйым.
2.Түйенің
сүті.
3.Сәндік бұйым жасайтын
адам.
4.Қыста жейтін малдың етін не
деп атайды.
5.Қазақ қыздарының бас
киімі.
6.Ең құрметті,жанашыр
адам.
7.Анаға байланысты мақал-мәтел
айтып беру.
8.Ұлыс күні жасалатын
тағам.
9.Қазақ халқының ұлттық
ойындары.
10.Құрбыңды ойнап жүріп орынсыз
ренжітіп алдың.Сен өзінің кінәлі екеніңді біліп тұрсың,не
істейсің?
11.Сен күні бойы ойнап үйге
берілген тапсырманы орындамай келдің.Мұғалім сенен неге
орындамағаныңды сұрады.Сен не деп жауап
бересің?
12.Ата-аналар жиналысы болатынын
анаңа айтуды ұмытып кеттің.Ертесінде мұғалімің ата-анаңның неге
келмегендігін сұрады.Сен не деп жауап
бересің?
Сіздің үй шаруасынан қолыңыз
тимей жатыр еді.Қызыңыз келіп әртүрлі сұрақтармен мазаңызды ала
берді.Сіз не істейсіз?Сұрақтарына жауап бересіз бе, әлде қолыңыздың
тимей жатқанын айтып бетін қайтарасыз ба?
Қызыңыз сынып жиналысы
болатынын екі күн бұрын ескертті.Бірақ күйбең тіршіліктермен
есіңізден шығып кетті.Қызыңызға бармағаныңызды қалай
түсіндіресіз?
Сабақтан кейін қызыңыз
ескертпестен жолдас қызының үйіне ойнауға барады.Сіздің іздемеген
жеріңіз қалмай қатты уайымдап отырғанда қызыңыз келді.Сіз не
істейсіз?
Ана-өмірдің
гүлі