Материалдар / 8наурызға арналған сценарий
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

8наурызға арналған сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересек топқа арналған сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2024
108
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Музыкамен 4 ұл залға кіреді. Ортаға тұрады 1

Ақыл: Құрметті аналар, әжелер! Сіздерді 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Зор денсаулық, ашық аспан, көктемдей көңіл тілейміз.

Бағжан: Той пердесін ашайық Тойға шашу шашайық Аналарды құрметтеп мерекемен құттықтайық

Амир: Ана дейміз біріміз де аңқылдап, Ана дейді жас сәби де жарқылдап,

Жарас: Ана деген бәйтерегі өмірдің, Ана деген алтын қазық алтын бақ.

Жүргізуші: Ұлдар, бүгін аналардың, әжелердің, біздің сұлу да сылқым, көркем қыздарымыздың да мерекесі ғой! Бәрі дайын ба? Ешкім кешіккен жоқ қой? Әжелер, аналар да осында. Ал ендеше біздің қыздар қайда?

Ақыл: Қазір біздің қыздар келеді.

Бағжан:Әне, қыздар да келе жатыр!

Амир: Қыздарды қарсы алайық!

(Музыка әуені естіледі де ұлдар мен қыздар залға кіреді

Жүргізуші: А.Е. Құрметті ақ жаулықты әжелер, аналар, балабақша ұжымы, сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі Аналар күнімен құттықтаймыз. Көктемдей құлпырып, гүлдей жайнап гүлдей құлпырып жүре беріңіздер.

Ақ тілекті ағытып бір тастайық

Аналардың мерекесін бастайық.

Көздеріңнен көрем шаттық арайын

Өтсін солай әрбір күнің әр айың.

Мейірімді сымбатты

Қадірменді қымбатты

Ең жақын жан балаға

Кім дейсіңдер Ол АНА ( бәрі)

Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз

Тақпарымызды қабыл алығыздар:

Айкөркем ,Ақыл ,Әмина,Айбек,Айя Ахмедариф,Абылай,Данаел

Ақ сүт берген балаңа

Күш - жігерін жұмсаған

Бұл өмірде жан ана

Тең келеді кім саған

Айкөркем

Анам менің сүйіктім

Тек өзіңе табынам

Қасымда жүрсең биікпін

Алыстасаң сағынам

Ақыл

Таным болып атасың

Күнім болып батасың

Мейірімді анасың

Бәрімізге панасың

Данаел

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Аналардан тарайды

Біздің ана тіліміз.

Әмина

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден

Қыздарға сыйлаймыз.

Айбек

Теңдесі жоқ данасың

Арқа сүйер панасың

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы анашым

Ахмедариф

Айналайын анашым

Аялайсың ,бағасын

Сіз үшін балалармен

Ән шырқайық бәріміз

Абылай

Аялаймыз ананымызды Құрметтейміз бағамыз

Сіздер үшін аналар,

Шырқап әнге саламыз.

Айя



Жүргізуші: Ал қазір біздің балалар «АНА АНА деп ән салам!» әнін сиға тартады

Жүргізуші. Қариясы бар үйдің, қазынасы деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, бүгінгі мерекеге әр отбасының ақылшысы да тіректері, немерелерін еркелетіп, ермек ететін әжелер де келіп отыр. Қымбатты әжелер, бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Осы немерелеріңіздің өздеріңізге арнаған өлең жолдарын қабыл алыңыздар.

Әсем,Саяжан ,Айлин,Жарас

Өзің мені өсірген Айналайын ақ әжем Тентек болсаң кешірген Шөлдедің бе,дана әжем Шай қайнытып берейін Шекер салып жан әжем Өзім құйып берейін Балдай тәтті бал әжем!
Әсем

Ақ жаулықты әжемді

Ай жүзіне теңедім

Мейірімін таусылмас

Күн нұрына теңедім.Саяжан

Мені жақсы көреді

Күндей күліп келеді

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді

Амир

Ақ әжемді әрқашан

Сыйлап жақсы көремін.

Қуантайын деп оны,

Өлең айтып беремін

Айлин

Менің әжем, гүл әжем

Алтын әжем, күн әжем

Анам үшін мен үшін

Нағыз ана тілі әжем.

Жарас


Өлең: Қазақстан республикасының 8ші байқауының жеңімпазы Бағдат Айкөркемнің орындауында Менің әжем әдемі әнін қабыл алыңыздар.

Музыка: Пеппи длинный чулок кіреді.

Жүргізуші: Сәлеметсің бе, сен кімсің?

ПЕППИ: Сәлем бердім бәріңе! Мен бе, мен Пеппи деген қызбын. Не сауық бұл жерде?

Жүргізуші:Сен бізге мерекеге түстің. Балалар аналарын, әжелерін және қыздарды құттықтап жатыр.

Пеппи: немен құттықтап жатыр? Қандай мереке? Неге мен ештеңе білмеймін? 2

Жүргізуші: Бүгін халықаралық 8 наурыз әйелдер күні 3

ПЕППИ: Ой, қандай бақыт!Ә Мен де әдемі қызбын ғой, ендеше мені де құттықтаңдар!

Жүргізуші: Әрине, мерекеңмен! Өзің әдемі, көңілді, ақылды қыз екенсің. Жүргізуші: Біз бүгін 8 наурыз Аналар мерекесін тойлап жатырмыз. Олай болса біздің ұлдардың биін қабыл алыңыздар.

ӨЛЕҢ «Аяулы анашым ақ сүт берген!

Жүргізуші: Енді тақпақтарын оқуға ортаға СофияНұр,Әдемі,Малик,Зере,Айша ,Бағжан ;Даниял.

Ардақты ана – аяулы ана қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін бердің ақ сүттің,

Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.

Бағжан


Аялаған анашым,

Мәпелеген анашым.

Менің саған тілегім

Қартаймашы анашым

Зере

Аспандағы айымсың

Бақытыма балаған

Құтты болсын мерекең

Айналайын жан анам.

СофияНұр

Бәріңіз де анасың

Біз үшін күн боп жансың

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым

Даниял

Мәпелеп мені өсірген

Ризамын мен өзіңе.

Ана деген керемет!

Сыйлап өтем өмірде

Малик

Әр сөзімді жаттаған

Жүрегімде сақтаған.

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мамам!

Әдемі

ПЕППИ: Балалар мен бүгін өзіме жаңа достар таптым, енді біз бәріміз доспыз. менің ең жақын достарым боласың.дар (Қуанып айналады) Енді менде де достарым бар алақай.Ендеше мен аналарды, әжелерді , мына менің құрбыларымды, балабақша ұжымын мерекемен құттықтап, сіздерге зор денсаулық, көктемдей құлпырып жүре беріңдер дегім келеді.

Жүргізуші: Рахмет саған. Ал мына гүлді саған сиға тартамыз. ( Абылай ГҮЛ БЕРЕДІ)

ПЕППИ- рахмет, досым. Сау болыңдар.

Жүргізуші: Енді біздің көрністі тамашалайық

Көрініс «Үш ана» Ортаға стол және үш орындық қояды.Бір орындықтың шетін ала стол астында қуыршақ жатыр.

Жүргізуші: Ойыннан келген Самира Қуыршағын іздейді. Столдың астынан тапты да, Қал сұрауды көздеді.

________: Қызым, менің қалайсың Томсырайып қарайсың. Қарның ашып отырмай, Тамақ ішсең жарайсың. Егер тамақ ішпесең Қу сүйек боп қаласың. Отыр қане қасыма, Тамақтанып аласың (Қуыршағын алдына алып отырады)

Жүргізуші: _____ осы сәт, Анасы үйге кіреді. Тағат таппай қызының Қалын сұрап біледі 4

Анасы___________: ______, бүгін сен, Тамақ ішіп көрдің бе? Қызықтап әлде ойынды, Кешке дейін жүрдің бе? Күнде саған ұмытпай, Тамағыңды іш деймін. Тіл алмайсың қырсығып, Осы сені не істеймін (отырады)

Жүргізуші: Анасының артынан, Аптығып әже кіреді. Ол – дағы өз қызының Қалын сұрап біледі.

Әжесі______: Айналайын, алтыным Шаршадың ба, жарқыным. Ішпедің – ау тамақ та, Жайын ойлап жалпының. Қарашығым, қарағым, Түсіңкі ғой қабағың. Сөткемен тұрып жұмыста Болмай қалды – ау тамағын (отырады)

Жүргізуші: Аналардың елжіреп, Ет бауыры барады. Әрқайсысы сұқтанып, Өз қызына қарады.

Бәрі: Қандай қиын, қараңдаршы, Қырсық мінез бала болу. Бәрінен де оңай емес, Білсеңіздер ана болу!

Жүргізуші: енді біздің балалар

ОЙЫН: «Ананы даусынан таны»

Жүргізуші: Міне, балалар біздің ертеңгілігіміз де аяқталып қалды

Тілейді әке ұлға да - ырыс, қызға - бақ,
Соны ойласа, талай кеуде сыздамақ.
Шаңырақтың иесі егер болса ұл,
Қыз - еркесі, қыз - өрісі, қыз - қонақ. дей отып әкелер мен қыздар биін қарсы алыңыздар.

Жүргізуші: Құтты болсын осы шаттық күніңіз

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз

Қуанышты жүзіңізден әрдайым

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
Құрметті аналар, бүгінгі мерекеміз аяқталып қалды, сіздерге тек денсаулық,көктем гүліндей құлпыра беріңіздер.























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!