|
Сабақтың басы
Қызығушылықты
ояту.
7
мин.
|
Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу,
түгендеу
Психологиялық ахуал
«Жүректен – жүрекке»
тренингі
Орындалуы: Бір адам
ортаға келіп барлық оқушыға өз жүрек жарды тілегін айтады. Келесі
оқушы алақанын қойып өз тілектерін айта отырып
жалғастырады.
|
Мұғаліммен амандасып,
өз орындарына жайғасады.
Психологиялық ахуал
жасайды.
|
Көңілді
атмосфера
Слайд
|
|
Жаңа сабаққа
кіріспе
10
|
Біздің
Отанымыз-Қазақстан.
Мемлекетіміз
тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері
өсуде.
Осынау жылдарда
елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы
оқиғалар
бар. Қазақстан
Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің
тәуелсіздігін
жариялап, дербес
мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасаақ, әр жылдың
өз
шежіресі, сыры, тарихы,
қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардыңұлттық
мәдинетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы
елміз.
Осыған орай «Менің Отаным-Қазақстан!» атты тәрбие
сағатымызды бастаймыз.
|
Оқушылар тыңдап, керек мағлұматты дәптерлеріне жазып
алады.
|
Көрнекілік
Тақырыпқа байланысты
материалдар
|
|
Сабақтың ортасы
13 мин.
|
Мұғалім оқушыларға
сұрақ қояды.
Оқушылар , «Отан дегеніміз
не?
|
Оқушылар өз ойларын
айтады.
Мысалы:
1-оқушы: Отан
дегеніміз- адамның туып- өскен жері, туған-
туысқандарымен,
жақындарымен, бірге
тұратын атамекен. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отан-
ҚР-сы.
2-Оқушы: Біздің
Отанымыз-ҚР-ның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та,
ойпат
та, қарат та кездеседі. Үлкен-үлкен
көлдер, өзендер бар. Республикамыз
өсімдікке, жануарларға , қазба байлыққа
бай.
3-оқушы: Осы ҚР-ның жас ұланы
екенімді мақтан етем. Оның бай тарихын
зердеме түйіп, ертеңгі азаматыболу үшін
білім аламын, еңбек етемін. Кешегі
тарих жолында елдің ел болуына қызмет
еткен халқымыздың асыл ұлдарына ұқсап
өсемін.
4-оқушы: Отаным менің кең- байтақ, әрі
бай. Онда әр түрлі халықтар тұрады. Олар
бір-бірімен тату, дос. Қазақ халқы
ешуақытта соғыс тілемейді бейбітшілік үшін
күреседі.
|
интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты дидактикалық
материалдар, мультимедиа құралдары.
|
|
Қауіпсіздік 10
мин
|
Ойын барысындағы
қауіпсіздік:
Жол бойында ойнауға, велосипед тебуге,
доп ойнауға болмайды. Өйткені ойламаған жерден жол көлік оқиғасына
себепші болуларыңыз мүмкін. Сондықтан жолдан алыс, аулада, есік
алдында ойнаған жөн.
Табиғат аясындағы
қауіпсіздік:
Жаз мезгілінде ата-ананың рұқсатынсыз табиғат
аясына шығуға болмайды, сонымен бірге қалың шөп арасында, қалың
ағаш арасында, қуыс жерлерге жасырынып ойнауға болмайды. Өйткені
ондай жерлерде улы жәндіктер шағып алуы мүмкін. Улы жәндіктер
көбіне адам көзінен таса, салқын жерлерде көп болады, оларда
ыстықтан тығылып жатуы
мүмкін.
|
Оқушылар қауіпсіздік ережесімен
танысады
|
|
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
5
мин.
|
Қорытынды:
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас
жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз
бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді
естен шығармайық дегім
келеді. Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп
- көп рахмет. Сау
болыңыздар!
|
«Еркін микрофон» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген
көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
|


|