400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

9.1.3.2 - өсімдіктердегі транспирация үдерісінің мәнін түсіндіру.

Материал туралы қысқаша түсінік
9.1.3.2 - өсімдіктердегі транспирация үдерісінің мәнін түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

9 сынып №14

ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Сыртқы және ішкі факторлардың транспирацияға әсері.

Зертханалық жұмыс№ 4 «Транспирация үдерісі кезіндегі сыртқы факторларды (температура, ылғалдылық пен су буының қысымы, ауа қозғалысын) зерттеу.

§14. Сыртқы және ішкі факторлардың транспирацияға әсері.

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

«Заттардың тасымалдануы»

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 9 «а,ә,б»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Сыртқы және ішкі факторлардың транспирацияға әсері.

Зертханалық жұмыс№ 4 «Транспирация үдерісі кезіндегі сыртқы факторларды (температура, ылғалдылық пен су буының қысымы, ауа қозғалысын) зерттеу.

§14. Сыртқы және ішкі факторлардың транспирацияға әсері.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.1.3.2 - өсімдіктердегі транспирация үдерісінің мәнін түсіндіру.


Сабақтың мақсаты:

өсімдіктердегі транспирация үдерісінің мәнін түсіндіреді және транспирация үдерісі кезіндегі сыртқы факторларды (температура, ылғалдылық пен су буының қысымы, ауа қозғалысын) зерттейді;

ЕБҚ ( қабылдауы баяу): сабақтың оқу мақсаты бойынша өз ойын тұжырымдайды;

Сабақтың барысы: Ганье теориясы бойынша 9 сабақ бөлімі

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті


Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


1.Оқушылардың назарын аудару

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.

«Кіру билеті» әдісінде берілген сұрақтарға жауа беру.


Өсімдіктер үшін судың қасиеті-беттік керілудің қандай маңызы бар?

Ксилема дегеніміз не, ол қандай зат?

Ол жоғары сатыдағы өсімдік ағзалары бойынша қайда тасымалданады?

Лептесік дегеніміз не?

Оның құрлысы қандай? Қайда орналадсады?

Трансипарация дегеніміз не? Ол қандай негізгі үш қызмет атқарады?

Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.

Берілген сұрақтардың биологиялық маңызын сипаттайды.

Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б

Интерактивті панель, презентация,

Кіру билеті.

2.Сабақтың мақсатын таныстыру

9.1.3.2 - өсімдіктердегі транспирация үдерісінің мәнін түсіндіру;


§14. Сыртқы және ішкі факторлардың транспирацияға әсері.

Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады.

«Өзін-өзі бағалау» әдісі

Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж


3.Бұрынғы білімін еске түсіру

«Алдыңғы атаулар» әдісінде білім беруші бұрынғы білімін еске түсіру мақсатында тірек сөздерді ұсынады:


Белсенді тасымал

Енжар тасымал

Иондық сорғы

Пиноцитоз

Диффузия

Осмос

Фагоцитоз

«Алдыңғы атаулар» әдісінде берілген тірек сөздердің мағынасын айтады, мазмұнын сипаттайды,ой қозғайды, пікір алмасады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж


Сабақтың ортасы




4.Жаңа тақырыпты таныстыру

«Қазіргі атаулар» әдісі

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды, атаулар бойынша топқа біріктіріледі.


Транспирация

Ауа ылғалдылығы

Су буының қысымы

Ауа қозғалысы

Лептесік

Сірқабық

«Қазіргі атаулар» әдісінде берілген термин сөздердің мағынасы мен мазмұнын айтады, топқа бірігіп отырады.

Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б

Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж


5.Оқушыларға бағыт бағдар беру

«Кинометафора» әдісі.

Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді.

«Өзін-өзі бағалау» әдісі

Интерактивті панель


бейнефильм

https://youtu.be/cV_FT6a5sCk?si=e5DC36gsthvPe-NC



6.Практикалық тапсырмалар беру

«Биологиялық зертхана» әдісі.

4 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: «Транспирация үдерісі кезіндегі сыртқы факторларды зерттеу»

Мақсаты: Ішкі және сыртқы факторлардың транспирацияға әсерін зерттеу


Құрал-жабдықтар: №1 нұсқа үшін өсімдікті салқын камераға алдын ала орналастырады. Аузы тар тұрғылар мен құтылар – 5дана немесе екі валентті сусыз мыс сульфаты- ақ түсті кристалдар ( су молекуласымен әрекеттескен кезде көгілдір түс береді- көзбен шолып оңай анықтауға болады), жапырақтары шамамен бірдей 6 жебежапырақ өсімдігі, қыздырғыш аспап, желдеткіш, аквариум, салқындатылған ауасы бар жылуоқшаулағыш, мақта, ермексаз.

«Өзара бағалау және Өзін-өзі бағалау» әдісі



Дескриптор

- №1 нұсқа жұмысында зертханалық құрал-жабдықтың болу/болмауына байланысты теориялық зерттеу арқылы орындайды – 3 балл;

- №2 нұсқаның жұмыс барысы бойынша тәжірибесін жасап, қорытындысын дәптерге орындайды – 3 балл;

- №3 нұсқаның жұмыс барысы бойынша тәжірибесін жасап, қорытындысын дәптерге орындайды – 3 балл;

Интерактивті панель, презентация


Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж




Сабақтың соңы


7.Кері байланыс беру

1,2-«Бүгін сабақта зерттедім»

3- «Бүгінгі сабақта маған түсіну қиынға соқты»

4-«Менің жеңісім»

Білім алушылар өздері зерттеген, қиынға соқтырған және өз жеңісін жазады, кері байланыс береді.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация


8.Бағалау

Жеке тапсырма:

ЕБҚ тапсырма:

«Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір»

Қандай жаңа білім алдың?

Алған біліміңді қолдана аласың ба?

Саған қиындық тудырған түсініктер.

Сабақ мазмұны бойынша ойын жазады, қандай білім алғанын тұжырымдайды. Берілген сұрақтарға жауап жазады.





Дескриптор:

- сабақтың оқу мақсаты бойынша өз ойын тұжырымдайды – 7 балл;




Интерактивті панель, презентация

Жұмыс дәптері

9.Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру

Шығармашылық жұмыс.

Тірек сызба «Ішкі факторларды: Буландыратын беттің ауданы және бұл беттік ауданның өсімдік көлеміне қатынасының (кутикула мен лептесіктер) транспирация үдерісіне әсері»

«Транспирация үдерісі кезіндегі сыртқы факторларды (температура, ылғалдылық пен су буының қысымы, ауа қозғалысын) зерттейді.

«Өзін-өзі бағалау» әдісі

Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША


Ақпарат парағы

§14. Сыртқы және ішкі факторлардың транспирацияға әсері

Транспирация – жапырақтың суды буландыру үдерсі

Транспирация үдерісі жүретін ағзалар: Барлық жоғары сатыдағы өсімдіктер

Аптап ыстықта транспирацияның пайдасы: Қызып кетуден сақтайды

Транспирацияға әсер ететін сыртқы факторлар:

Температура

Ауа ылғалдылығы

Су буының қысымы

Ауа қозғалысы

Жарық

Өсімдіктерде лептесік күндіз жабық тұратын кез: Күн ыстық кезде

Ылғал тезірек буланады: Қатты жел болса

Өсімдіктер жел кезінде лептесіктерін: Жабады

Лептесіктерін күндіз ашып, түнде жабатын өсімдіктер: Ылғал тапшылығын сезбейтін өсімдіктер

Транспирацияға әсер ететін ішкі факторлар:

Буландыратын бет ауданы – жапырақ ауданы

Лептесік мөлшері

Жабын ұлпасы

Суды үнемдеп, булануды азайту үшін өсімдіктер жабын ұлпасын өзгертеді: Қабықшасы мен Сірқабығын

Жапырақтарында Түктер мен Шоғырлар түзетін өсімдіктер: Шегіргүл, Тасжарғандар




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
26.10.2023
620
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі