400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

9.1.3.3 - ішкі және сыртқы факторлардың транспирацияға әсерін зерттеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
9.1.3.3 - ішкі және сыртқы факторлардың транспирацияға әсерін зерттеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

9 сынып №15

ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Зертханалық жұмыс№5

«Ішкі факторларды: Буландыратын беттің ауданы және бұл беттік ауданның өсімдік көлеміне қатынасының (кутикула мен лептесіктер) транспирация үдерісіне әсері». §14. Сыртқы және ішкі факторлардың транспирацияға әсері.

БЖБ (20-мин)

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

«Заттардың тасымалдануы»

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 9 «а,ә,б»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Зертханалық жұмыс №5 «Ішкі факторларды: Буландыратын беттің ауданы және бұл беттік ауданның өсімдік көлеміне қатынасының (кутикула мен лептесіктер) транспирация үдерісіне әсері». §14. Сыртқы және ішкі факторлардың транспирацияға әсері. БЖБ (20-мин)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.1.3.3 - ішкі және сыртқы факторлардың транспирацияға әсерін зерттеу.


Сабақтың мақсаты:

ішкі және сыртқы факторлардың транспирацияға әсерін зерттейді және бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмасын орындайды;

ЕБҚ ( қабылдауы баяу): сабақтың оқу мақсаты бойынша өз ойын тұжырымдайды;

Сабақтың барысы: Ганье теориясы бойынша 9 сабақ бөлімі

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті


Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


1.Оқушылардың назарын аудару

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.

«Кіру билеті» әдісінде берілген сұрақтарға жауа беру.


Өсімдіктер үшін судың қасиеті-беттік керілудің қандай маңызы бар?

Ксилема дегеніміз не, ол қандай зат?

Ол жоғары сатыдағы өсімдік ағзалары бойынша қайда тасымалданады?

Лептесік дегеніміз не?

Оның құрлысы қандай? Қайда орналадсады?

Трансипарация дегеніміз не? Ол қандай негізгі үш қызмет атқарады?

Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.

«Кіру билеті» әдісіндегі сұрақтарға жауап береді. Бір-бірімен пікір алмасады. Берілген сұрақтардың биологиялық маңызын сипаттайды.

Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б

Интерактивті панель, презентация,

Кіру билеті.

2.Сабақтың мақсатын таныстыру

9.1.3.3 - ішкі және сыртқы факторлардың транспирацияға әсерін зерттеу;


§14. Сыртқы және ішкі факторлардың транспирацияға әсері.

Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады.

«Өзін-өзі бағалау» әдісі

Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж


3.Бұрынғы білімін еске түсіру

«Алдыңғы атаулар» әдісінде білім беруші бұрынғы білімін еске түсіру мақсатында тірек сөздерді ұсынады:

Транспирация

Ауа ылғалдылығы

Су буының қысымы

Ауа қозғалысы

Лептесік

Сірқабық


«Алдыңғы атаулар» әдісінде берілген тірек сөздердің мағынасын айтады, мазмұнын сипаттайды,ой қозғайды, пікір алмасады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж


Сабақтың ортасы




4.Жаңа тақырыпты таныстыру

«Қайталайтын атаулар» әдісі

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды, атаулар бойынша топқа біріктіріледі.


Транспирация

Ауа ылғалдылығы

Су буының қысымы

Ауа қозғалысы

Лептесік

Сірқабық


«Қайталайтын атаулар» әдісінде берілген термин сөздердің мағынасы мен мазмұнын айтады, топқа бірігіп отырады.

Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б

Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж


5.Оқушыларға бағыт бағдар беру

«Кинометафора» әдісі.

Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді.

«Өзін-өзі бағалау» әдісі

Интерактивті панель


бейнефильм

https://youtu.be/Y07qgEwAol8


https://youtu.be/xbzjPMRvprY


https://youtu.be/OxmTrty4PWg


6.Практикалық тапсырмалар беру

«Биологиялық зертхана» әдісі.


5 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: «Ішкі факторларды зерттеу: буландыратын беттің ауданы және бұл беттік ауданның өсімдік көлеміне қатынасының (сірқабық пен лептесіктер) транспирация үдерісіне әсері»

Мақсаты: Ішкі және сыртқы факторлардың транспирацияға әсерін зерттеу. Бұл зертханалық жұмысты осының алдындағы жұмыс сияқты жүргізеді. Айырмашылығы- зерттелетін өсімдіктер немесе олардың қалемшелері әртүрлі түрлерге ғана емес, сондай-ақ түрлі экологиялық топтарға жатуы тиіс. Ал жағдай-сыртқы факторлар айырмашылық жасамауы тиіс.


Оқушылар құрал-жабдықтарды қолданады: әртүрлі өсімдіктер: традесканция, фикус, каленхое, жебежапырақ,(немесе кез-келген басқа өсімдіктер). №1 тұрғы мен аузы тар құты; №2 өлшеуіш шыны цилиндрлер- 6дана, өсімдік майы; №3 потометр; екі валентті сусыз мыс сулььфатының кристалдары.

Жұмыстың барысы реттілігімен жұмысты орындайды.

Транспирация кезінде өсімдітің қайсысы ең бірінші су бөлетінін бақылайды. Бақылаған өсімдіктерді транспирация қарқындылығы ретімен орналастырады. Соның негізінде ішкі факторлардың транспирация үдерісінің жылдам жүруіне әсері туралы қорытынды жасайды.

«Өзара бағалау және Өзін-өзі бағалау» әдісі



Дескриптор

- транспирация кезінде өсімдітің қайсысы ең бірінші су бөлетінін бақылайды – 3 балл;

- бақылаған өсімдіктерді транспирация қарқындылығы ретімен орналастырады – 3 балл;

- ішкі факторлардың транспирация үдерісінің жылдам жүруіне әсері туралы қорытынды жасайды – 3 балл;


Интерактивті панель, презентация


Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж



Сабақтың соңы


7.Кері байланыс беру

1,2-«Бүгін сабақта зерттедім»

3- «Бүгінгі сабақта маған түсіну қиынға соқты»

4-«Менің жеңісім»

Білім алушылар өздері зерттеген, қиынға соқтырған және өз жеңісін жазады, кері байланыс береді.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация


8.Бағалау

Жеке тапсырма:

ЕБҚ тапсырма:

«Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір»

Қандай жаңа білім алдың?

Алған біліміңді қолдана аласың ба?

Саған қиындық тудырған түсініктер.


«Қоректену» және «Заттардың тасымалдануы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Сабақ мазмұны бойынша ойын жазады, қандай білім алғанын тұжырымдайды. Берілген сұрақтарға жауап жазады.


Дескриптор:

- сабақтың оқу мақсаты бойынша өз ойын тұжырымдайды – 7 балл;



Интерактивті панель, презентация

Жұмыс дәптері

9.Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру

Шығармашылық жұмыс.

Тірек сызба «§16. Анаэробты және аэробты тыныс алу»


Үйге берілген тақырып бойынша тірек сызба жасайды.

«Өзін-өзі бағалау» әдісі

Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж




ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША


Ақпарат парағы

§14. Сыртқы және ішкі факторлардың транспирацияға әсері

Транспирация – жапырақтың суды буландыру үдерсі

Транспирация үдерісі жүретін ағзалар: Барлық жоғары сатыдағы өсімдіктер

Аптап ыстықта транспирацияның пайдасы: Қызып кетуден сақтайды

Транспирацияға әсер ететін сыртқы факторлар:

Температура

Ауа ылғалдылығы

Су буының қысымы

Ауа қозғалысы

Жарық

Өсімдіктерде лептесік күндіз жабық тұратын кез: Күн ыстық кезде

Ылғал тезірек буланады: Қатты жел болса

Өсімдіктер жел кезінде лептесіктерін: Жабады

Лептесіктерін күндіз ашып, түнде жабатын өсімдіктер: Ылғал тапшылығын сезбейтін өсімдіктер

Транспирацияға әсер ететін ішкі факторлар:

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
26.10.2023
469
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі