400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

9.1.3.4 - сыртқы факторлардың флоэма арқылы заттардың тасымалдануына әсерін зерттеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
9.1.3.4 - сыртқы факторлардың флоэма арқылы заттардың тасымалдануына әсерін зерттеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

9 сынып №17

ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Сыртқы факторлардың флоэмада зат тасымалына әсері: температура, ылғалдылық, жарық. §15.Флоэма бойынша зат тасымалына сыртқа факторлардың әсері.

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

«Заттардың тасымалдануы»

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 9 «а,ә,б»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Сыртқы факторлардың флоэмада зат тасымалына әсері: температура, ылғалдылық, жарық. §15.Флоэма бойынша зат тасымалына сыртқа факторлардың әсері.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.1.3.4 - сыртқы факторлардың флоэма арқылы заттардың тасымалдануына әсерін зерттеу;

Сабақтың мақсаты:

сыртқы факторлардың флоэма арқылы заттардың тасымалдануына әсерін зерттейді;

ЕБҚ ( қабылдауы баяу): сабақтың оқу мақсаты бойынша өз ойын тұжырымдайды;

Сабақтың барысы: Ганье теориясы бойынша 9 сабақ бөлімі

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті


Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



1.Оқушылардың назарын аудару

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.

«Кіру билеті» әдісінде берілген сұрақтарға жауа беру.


Флоэма ұлпаның қандай типіне жатады?

Ол қайда орналасқан?

Флоэма құрамына қандай жасушалар кіреді және олардың қызметі қандай?

Ксилема түтіктерінің флоэманың електәрізді түтіктерінен негізгі айырмашылығы қандай?

Қоршаған орта температурасының өзгеруі кез келген тірі жасушадағы зат алмасуға қалай ісер етеді?

Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.

Берілген сұрақтардың биологиялық маңызын сипаттайды.

Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б

Интерактивті панель, презентация,

Кіру билеті.

2.Сабақтың мақсатын таныстыру

9.1.3.4 - сыртқы факторлардың флоэма арқылы заттардың тасымалдануына әсерін зерттеу.

Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады.

«Өзін-өзі бағалау» әдісі

Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж


3.Бұрынғы білімін еске түсіру

«Алдыңғы атаулар» әдісінде білім беруші бұрынғы білімін еске түсіру мақсатында тірек сөздерді ұсынады:


Транспирация

Ауа ылғалдылығы

Су буының қысымы

Ауа қозғалысы

Лептесік

Сірқабық

«Алдыңғы атаулар» әдісінде берілген тірек сөздердің мағынасын айтады, мазмұнын сипаттайды,ой қозғайды, пікір алмасады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж


Сабақтың ортасы



4.Жаңа тақырыпты таныстыру

«Қазіргі атаулар» әдісі

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды, атаулар бойынша топқа біріктіріледі.


Флоэма, Мюнх теориясы, жалжу жылдамдығы.


«Қазіргі атаулар» әдісінде берілген термин сөздердің мағынасы мен мазмұнын айтады, топқа бірігіп отырады.

Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б

Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж


5.Оқушыларға бағыт бағдар беру

«Кинометафора» әдісі.

Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді.

«Өзін-өзі бағалау» әдісі

Интерактивті панель


бейнефильм

https://youtu.be/UVTJ1Dt7SAQ?si=qYk07Xte0Hb7IqQY


https://youtu.be/OxmTrty4PWg?si=94fgvW-FKswcz0LT


6.Практикалық тапсырмалар беру

Жұптық жұмыс.

Сыртқы факторлардың флоэма арқылы заттардың тасымалдануына әсерін білеміз бе?

1. Жұптық жұмыс

2. Фрейер моделі

3. Сыртқы факторлардың флоэма арқылы заттардың тасымалдануына

a. анықтама береді

b. қасиетін жазады

c. флоэма арқылы заттардың тасымалдануын анықтайды

d. Сыртқы факторлардың флоэма арқылы заттардың тасымалдануына әсерін зерттейді

Оқушылар жұпта Фрейер модельіне арналған тапсырманы орындайды. Сыртқы факторлардың флоэма арқылы заттардың тасымалдануына анықтама береді. Сыртқы факторлардың флоэма арқылы заттардың тасымалдануының қасиетін жазады. Сыртқы факторлардың флоэма арқылы заттардың тасымалдануын анықтайды. Сыртқы факторлардың флоэма арқылы заттардың тасымалдануына әсерін зерттейді.

Дескриптор:

- сыртқы факторлардың флоэма арқылы тасымалдануын сипаттайды – 1 балл;

- сыртқы факторлардың флоэма арқылы тасымалдануының қасиетін түсіндіреді – 2 балл;

- сыртқы факторлардың флоэма арқылы тасымалдануын анықтайды – 2 балл;

- сыртқы факторлардың флоэма арқылы тасымалдануына әсер етуші факторларды зерттейді – 2 балл;


«Өзара бағалау және Өзін-өзі бағалау» әдісі

Интерактивті панель, презентация


Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж



Сабақтың соңы


7.Кері байланыс беру

1,2-«Бүгін сабақта зерттедім»

3- «Бүгінгі сабақта маған түсіну қиынға соқты»

4-«Менің жеңісім»

Білім алушылар өздері зерттеген, қиынға соқтырған және өз жеңісін жазады, кері байланыс береді.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация


8.Бағалау

Жеке тапсырма:

ЕБҚ тапсырма:

«Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір»

Қандай жаңа білім алдың?

Алған біліміңді қолдана аласың ба?

Саған қиындық тудырған түсініктер.






Жеке тапсырма:

1-тапсырма. Кестені толтырыңыз «Флоэмаға сыртқы орт факторларының әсері»

Сабақ мазмұны бойынша ойын жазады, қандай білім алғанын тұжырымдайды. Берілген сұрақтарға жауап жазады.








Дескриптор:

- сабақтың оқу мақсаты бойынша өз ойын тұжырымдайды – 7 балл;



Дескриптор:

- Флоэмаға температураның әсерін сипаттай алады – 1 балл;

- Флоэмаға жарықтың әсерін сипаттай алады – 1 балл;

- Флоэмаға ылғалдың әсерін сипаттай алады – 1 балл;


Интерактивті панель, презентация

Жұмыс дәптері

9.Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру

Шығармашылық жұмыс.

«§16. Анаэробты және аэробты тыныс алу»

Берілген тақырып бойынша тірек сызба жасайды.

«Өзін-өзі бағалау» әдісі

Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж




ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША


Ақпарат парағы

§15. Флоэма бойынша зат тасымалына сыртқы факторлардың әсері

Флоэма бойынша тасымал АТФ энергиясын: Жұмсайды

Флоэма бойынша жылжитын қант концентрация және тургор қысымына бағынады деген болжам ұсынған: Э.Мюнх

Мюнх теориясын жоққа шығарған дәлел: Електәрізді түтік бойынша токтың жылдамдығы

Флоэма бойынша заттар тасымалдауға әсер ететін сыртқы факторлар:

Температура

Ылғалдылық

Жарық

Цитоплазма қозғалысы артады: Температура көтерілген сайын

Цитоплазма қозғалысы азаяды: Температура төмендеген сайын

Заттардың тасымалдану жылдамдығын арттыратын элементтер: Бор, Фосфор, Калий

Сахарозаның жылжу жылдамдығын едәуір арттырады: Бор

Көмірсулармен кешенді қосылыс түзеді: Бор

Тезірек жылжиды: Қанттың фосфорланған түрі

Жемістер мен тұқымдардың, тамыржемістердің де қаттылығын және майлылығын, пісіп-жетілу мерзімін арттырады: Фосфор

Електәрізді пластинкадағы мембрана потенциалын сақтайды, сөйтір жылжуды күшейтеді: Калий

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
26.10.2023
429
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі